Бас сүйектілер немесе омыртқалылар (Craniata немесе Vertebrate). Дәңгелек ауыздылар (Cyclostomata)

Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстарғанда омыртқалылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге өрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының, жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.

Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:

  1. Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata)
  2. Балықтар (Pisces)
  3. Қосмекенділер (Amphibia)
  4. Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia)
  5. Құстар (Aves)
  6. Сүт қоректілер (Mammalia)

Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады.

Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады

Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады. Аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сөйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншіктермен шашақталған, басының алдыңғы жағыда сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканың ішіндегі етті тілдің үш жағына орналасқан. Эпидермисті жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына басының үстіне таман, ал миксиндерде басының алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен құйрық бөлімінің шекарасында орналасады да, сыртқа ашылатын орқайсысының жеке жолдары болады.

Ет системаеының көпшілігі жақсы жіктелмеген. Желбезек қапшықтары ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Денесіндегі еттер, яғни миомерлер өзара жабын дәнекер миоцепталар арқылы жіктеліп тұрады.

Ac қорыту органдары воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтықаншақ екі тарамға балінеді: жоғарғы тараммен қоректік заттар ішке қарай кетеді. Ал төменгі тарамы тұйықталып желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіл жалғасады. Олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапандарының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысына етуін баяулатып, оның толық қорытуына себепші болады.

Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан жеті пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген пластинкалардың болатынын байқауға болады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Тыныс алғанда су, желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарғанда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-15 дейін болады.

Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекше, қарынша) тұратын жүрегі болады.

Нерв системасы. Деңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық және сопақша мидан тұрады. Әсіресе алдыңғы ми мен мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Мидан 10 жұп нерв тарайды.

Сезім органдары — өте қарапайым. Есту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері нашар жетілген. Миногалардың қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілік етуіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс органы дара болғанымен иіс нервтері жұп болады.

Зәр шығару органы — мезонефрикалық бүйректерден құралады. Зәр заттарының шығару түтігінің қызметін Вольфов каналы атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.

Жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалардан шыққан заттар дененін ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына келіп құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты.

Қазіргі тіршілік етін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бөлінеді:

  1. Миногалар (Petromyzoniformes)
  2. Миксиндер (Myxiniformes)

1-отряд. Миногалар — (Petromyzoniformes)

Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құм қазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Арнаулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалар жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар. Бұл ланцетниктегідей эндостильдің қызметін атқарады. Көзі терісінің астында жатады. Миы басқа органдарымен салыстарғанда үлкенірек деуге болады. Құм қазғыш кейбір белгілерінің болуына қарағанда тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құм қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып соның ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2-5 жылдың ішінде айналады. Бұл отряд бір тұқымдастан және жеті туыстан құралады. Миногалар барлық суларды тіршілік ететін космополиттер.

Өкілдері Каспий және өзен миногалары болып саналады. Каспиций миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сентябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Қура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шығу кезінде үйір-үйір болып өзен ағысына қарсы жоғарыға қарай бірнеше жүз км өрістен көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалынған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді. Ал уылдырық шашып болған соң олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасының кәсіптік маңызы үлкен.

Өзен миногасының денесінің ұзындығы 40 см болады. Бұлар Европа мен Азияның Солтүстігінде және Солтүстік Америка теңіздеріндс кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді. Өзен миногаларынын Каспий миногасына қарағанда көсіптік маңызы аз.