Жеке спорт түрлерін гигиеналық тұрғыдан қамтамасыз ету

Гимнастиканың гигиеналық маңызы.Дұрыс ұйымдастырылған таңертеңгі гимнастиканың оқушылар үшін ерекше гигиеналық және тәрбиелік мәні бар. Ол ми қабығын ұйқыдан кейінгі тежелуден артылтып, сергітеді, мектеп оқушысының күні бойы неғұрлым өнімді оқу-еңбек қызметімен шұғылдануына көмектеседі.

Таңертеңгі гимнастиканың тәрбиелік мәні де орасан зор. Төсектен шапшаң тұру, одан тез жатуға, одан кеиін су процедураларына ауысуы өте үлкен ерік күшін керек етеді. Таңертеңгі гимнастиканы үзбей орындайтын оқушы үшін ол алға қойған мақсаттарын іске асыруда ерік пен табандылықты біртіндеп қалыптастыратын пайдалы әдетке айналады. Оқушылар өздерінің уақыттарын дәлме-дәл мөлшерлеуге ұйренеді.

Таңертеңгі гимнастика үшін қажетті нәрсенің бірі: кілемше, спорт киімі, сүлгі және т. б. түнде дайындап қойылуы керек.

Жаттығуларды желдетілген бөлмеде жеңіл киіммен: егер шынықтыру аулада жүргізілсе, онда костюм киіп (күн ауықта) орындау керек. Таңертеңгі гимнастиканы қысты күні аулада өткізуге І-ІІ класс оқушылары үшін температура –6оС, ІІІ-ІV кластар үшін –10оС, V-Х кластар үшін –15оС-ден төмен болмаған жағдайда жаағдайда рұхсат етілмейді. Бұл жағдайда балалар шаңғы тебуге арналған костюмдерін киюге тиіс.

Жаттығулардың комплексі арқайсысы 4—рет қайталанып орындалатын 5-8 жаттығудан құралуы қажет. 10-15 күн өткен соң, бұл комплекспен ауыстырылады. Жаттығулардың қиындығы шынықтырудың орта кезіне қарай арта түсіп, одан кейін, соңына қарай біртіндеп бәсеңдей береді.

Жаттығуларды таңдап алуда және оларды жұргізуде оқушылардың жақсы, жынысы, дене дайындығы және ден саулығының күйі ескеріледі. Денсаулығы нашарлаған балалар үшін, комплекстің күшін біртіндеп арттыру керек.

Мектептің оқушылары, әсіресе класс жетекшілері, оқушының күн режимінде таңертеңгі гимнастиканың болуын насихаттауда оқушылармен де олардың ата-аналарымен де өте үлкен жұмыс жүргізу керек. Осы мақсатпен таңертеңгі гимнастиканың маңызы жөнінде әңгімелер өткізу, оларды қалай орындау туралы кеңестер беру, оқушылардың жаттығу комплекстерін құрастыруына көмектесу керек.

Мектепте сабақ басталғанға дейінгі гимнастика. Сабақ басталардың дәл алдында барлық кластың оқушылары бірнеше дене шынықтыру жаттығуларын орындауы керек, бұл олардың сабақта жұмысқа қызу кірісіп кетуіне және бүкіл оқу күні бойы жұмысқа қабілеттілігін жақсы сақтауға көмектеседі.

Мектепте сабақ басталғанда дейінгі гимнастика барлық оқушылар үшін міндетті. Өзге, өзіне ғана тән, арнайы міндетті болғандықтан оны үйдегі таңертеңгі гимнастикамен ауыстыруға болмайды.

Егер ауа-райы мен ауаның температурасы мүмкіндік берсе (10оС-тан төмен болса), сабақ алдындағы гимнастиканы мектеп жанындағы аулада өткізген жақсы; егер мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, оны өткізетін бөлмелер (зал, коридор, класс) өте жақсы желдетілген болуы керек.

Дене шынықтыру минуттары мен үзілістері. Мектептегі оқу жұмысы балалар мен жас өспірімдерді бірте-бірте шаршауға және оларды зейіні мен жұмысқа қабілеттілігінің әлсіруіне алып келеді. Егер осындай шаршау кезінде оқушыларды аз уақытқа әрекеттің басқа түріне ауыстыра қойса, олардың жұмысқа қабілеттілігі тез қалпына келеді. Осы мақсатпен сабақ арасында, сондай-ақ сабақтың өзінде де оқушылар бірнеше дене жаттығуларын орындайтын дене шынықтыру минуттарын немесе үзілістерін енгізу ұсынылады.

Дене шынықтыру минуттары І-ІV класс оқушыларымен тікелей сабақ үстінде, көпшілік оқушылардың шаршауының алғашқы белгісі көріне бастаған кезде, жүзеге асырылады. Ұзақтығы 1-2 минутқа созылатын дене шынықтыру минуты комплексіне кеуде, қол және аяқ бұлшық еттеріне жұмыс істететін 3 жаттығу енгізіледі. Кластағы жаттығулардың оқушылар партада отырып немесе оның жанында түрегеп тұрып орындайды.

V- Х класс оқушыларымен ұзақтығы да едәуір (5-6 минут), әрі жаттығуларының саны да көп (7-8) щынықтыру үзілістерін өткізген дұрысырақ болады. V- VІ класс оқушыларымен дене шынықтыру үзілісі үшінші немесе төртінші сабақтың ортасы немесе соңында өткізіледі.

Дене шынықтыру үзілісі кезінде оқушылармен (жағалары мен белдіктерін босатып) парталар қатарларының арасына шығып тізіледі. Кезекшілер бұл кезде желдеткіштерді немесе терезелерді ашып қояды.

Дене шынықтыру үзілістерінің жаттығулары бұған дейін өтілген сабақтың сипатын ескере отырып таңдап алынады. Комплекстің құрамына:

  • қолдарын қимылдатып, бір орында жүру;
  • терең дем алып, керілу жаттығулары;
  • жүрелеп отыру;
  • иық пен қолға арналған жаттығулар ;
  • тұлабойды бұру және еңкейіп-шалқаю;
  • кординация мен зейін жаттығулары т. б . енгізіледі.

Комплекс денеге түсетін күш 1-ден 3-жаттығуға дейін біртіндеп арттыратын, ал 4-ден бастап кемитін етіп құрылады. Бұл оқушылардың үзілістен кейін бірден қозу күйінде емес, біршама тыныш күйінде оқу жұмысына кірісуін қамтамасыз етеді. Егер дене шынықтыру үзілісі сабақ соңынан өткізілетін болса, онда комплекстің ауырлығы арттыруы мүмкін. Мұндай жаттығулардан оқушылардың қозғыштығы тым артып кетеді деп қауіптенудің қажеті жоқ, өйткені бұдан кейін сабақтар арасындағы үзіліс жалғасады.