Дене шынықтыру барысында жүктемелерді гигиеналық нормалау

Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш көрсеткіші бар: бойы (дененің ұзындығы) салмағы және кеуде шеңбері.

Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметуінің артуын, баланың ақыл-рй өрістерінің молайуын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орны т.с.с.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның системалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы анықтауға болады.

Кәмілетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы, яғни тұқымын жалғастыруды қамтамасыз ету. Бұған қоса, әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау, еңбек қабілеттері жатады.

Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жылына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Осыған байланысты адам организмінің толық жетілуі, яғни кәмлетке келуі анықталып, кемелдену басталады.

Өсу мен дамудың барлық адамдарда ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

1)өсу мен даудың барлық адамдарға ортақ гетерохромды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды.

2)мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі.

3)өсу мен даму баланың жынысына байланысты.

4)функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы.

5)өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі.

Өсу мен даму адам өмірінде бірдей жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста нашар немесе түнде бой көбірек өседі күндіз аз өседі. Мұны өсу мен дамудың гитерохрондылығы дейді (гетерос әр түрлі, хронос – уақыт).

Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді:

1.Туғаннан үш жасқа дейін

2.3 – 7 жас арасында.

3.жыныстық жетілу кезеңінде.

Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады. Жеті жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Мұның себебі баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, ортаның жүйке ұлпаларының өсіп, қызметіне тікелей байланысты.

Балалар организмінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің жетілуінде, көзге түседі. Айталық, жыныстың жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері, әсіресен денесінің ұзындығы қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді.

Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі қажеттіліктен анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса, көпшілік қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады.

Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның бастың, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады.

Баланың өсуі мен дамуы оның организміндегі тұқым қуалау қасиеттеріне және сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық демороризм және жеке мүшелерімен мүшелер жүйесінің жетілуі т.с.с. тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы да мүмкін.

1960-1990 жылдары байқалған еліміздегі балалар мен жастардың өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп атайды, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.

Сыртқы ортаның организмге әсері.

Адам организміне сыртқы ортаның көптеген жағдайлары әсер етеді. Олардың қалыпты шамада өзгеруі денсаулықты бұзбайды, себеп әрбір организм сол өзгерістерге нервтік және гуморальдық тетіктер арқылы бейімделіп отырады. Сыртқы ортаның әсерінен дұрыс пайдалана отырып, адамның денсаулығын жақсартып оның қорғаныс және еңбек қабілеттерін күшейтуге болады.

Сыртқы ортаның әсерін химиялық, физикалық, биологиялық, психогендік, әлеуметтік әсерлер деп бірнеше топтарға бөледі.

Химиялық әсерге ауаның, судың, топырақтың, азықтың құрамындағы заттар жатады.

Физикалық әсерге температуралық, ылғал, ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, электромегниттік өріс жатады.

Биологиялық әсерлер ауру тудыратын микроорганизмдер, вирустар, құрттар т.б. олар денеге әсер етсе, түрлі инфекциялық, паразиттік ауруларды тудырады.

Психогендік әсерлерге сөз, ұжымдық қарым-қатынас тәрізді адам қоғамындағы түрлі әлеуметтік қоғамдар жатады.

Әлеуметтік әсерлер – еңбек, үй тұрмысы және саяси әлеуметтік экономикалық жағдайлар.