Мектептегі оқу жағдайына қойылатын гигиеналық талаптар

Оқу гигиенасы. Мектепте, әсіресе бастауыш сыныптарда, сабақтың көп уақыты оқуға және жазуға бөлінеді. Бұл жұмыс оқушылардың ми қабығының қызметімен ғана байланысты емес, сондай-ақ көзің жұмысымен де байланысты.

Сабақта оқыған кезде, кітаптың көлбеу орналасуы, үй жағдайында немесе кітапханада жұмыс істеген кезде балалар мен жас өспірімдердің кітап оқуын жеңілдету және көздің шаршауын азайту үшін кітаптың астына арнаулы тығырық қоюға болады.

Дұрыс отыру талабын орындау – оқу гигиенасының міндетті талабы. Кітапты жатып оқуға үзілді – кесілді тиым салу қажет, өйткені бұл жағдайда кітапты дұрыс ұстауға мүмкіндік болмайды.Көздің қалыпты жұмысы бұзылады да оқушының шаршауы ұлғайады. Тамақ ішіп отырған кезде кітап немесе газет оқу да зиянды, оқыған кезде оқушыларды жеткілікті жарық мөлшерімен , жарық сәулелерінің дұрыс бағытымен, сондай – ақ тыныш жағдайымен қамтамасыз ету мектеп гигиенасының аса маңызы болып табылады.

Жазу гигиенасы. Жоғарыдағы оқушыларды отырғызу, оқу кезіндегі табиғи және жасанды жарыққа қойылатын талаптар жайлы айтылғандарды толығымен жазу гигиенасы туралы да айтуға болады, бірақ жазуға тағы бірқатар талаптар қойылады. Бұл талаптар жазу процесінің физиологиялық ерекшеліктерінен келіп шығады: жазу кезінде мидың қабығы мен көру органы ғана жұмыс істеп қоймайды сонымен қатар дененің көптеген еттері де жұмыс істейді.

Тез жазу баланы қатты шаршатады. Жазу кезінде оқушыныдұрыс отырғызудың оқу кезіндегіден гөрі де маңызы зор, өйткені жазу кезінде бала немесе жас өспірім үнемі қимыл жасап отырады. Баланың тұла бойы дұрыс орналаспаған жағдайда әсіресе бас азды көпті алға қарай еңкейгенде, оны ұстап тұрған мойынның бұлшық еттеріне күш түседі. Осының нәтижесінде бұлшық еттертезірек шаршайды. Балалар мен жас өспірімдер жазудың гигиеналық ережелерін оңай бұзады.

Қиғаш жазу ең алдымен дұрыс және балалар мен жас өспірімдердің бойына сәйкес жасалған парталардың болуын талап етеді. Қиғаш жазу кезінде дәптер оқушы тұла бойының орта тұсына қарсы орналасу керек. Ол столдың шетіне қиғаш жатуға тиіс.

Тік жазудың гигиеналық жағынан алғанда бір қыдыру артықшылығы бар, өйткені ол қиғаш жазу кезіндегі мен салыстырғанда баланы партаға дұрыс отырғызуды неғұрлым жеңіл қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тік жазу кезінде дәптер стол үстінде кеуденің дәл тұсына орналастырады.

Сурет және сызу сабақтарының гигиенасы-сурет салу және сызу кезінде оқушының дұрыс және бейнелеу жұмысының объектісі көзден 35-40см. Сурет салу және сызу кезінде әбден жеткілікті шашырай түскен жарықтың болғаны жөн заттың өзіне қарап суретін салғанда, көлеңке түсіретін жарық міндетті түрде бүйір жағынан түсуі керек. Төменгі сыныптарда сурет салу үшін ұсақ клеткалы қағазды пайдаланбау керек өйткені одан көзге көп күш түседі.

Ән күй сабағының гигиенасы ән күй сабақтары балалар мен жас өспірімдерді көп шаршатпайды. Ән салу дауысты және өкпені дамытады. Дұрыс тыныс алу әнсалудың негізі, әрбір әнкүй сабағының алдында дұрыс тыныс алып жаттығуды ұсынуға болады. Ән салудың өзі оқуға қарағанда дауысты аз шаршатады.

Сабақ әзірлеу гигиенасы сабақ әзірлеу мектеп оқушысы үшін маңызды іс болып санылады, өйткені ол мектепте алған білімді бекітіп, тереңдете түседі. Сабақ әсірлеуге оқушылар көп жағдайда уақытының едәуір бөлігін жібереді, кейде ұйқы сағаттарын да соған жұмсап, таза ауада жеткілікті түрде болу мүмкіндігінен айрылады.