Мектептегі оқу- тәрбие жұмысының гигиенасы

Оқу тәрбие жұмысының гигиена мәселелері балалар мен жас өспірімдерінің күн режимімен, оның ішінде оқушыларға ақыл–ой жұмыстарын тапсыру нормалары туралы мәселесімен тығыз байланысты.

Балалар мен жас өспірімдердің оқу жұмысы, негізінен алғанда ми қабығының және сезім мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл–ой еңбегі болып табылады.

Ми қабығы клеткаларының жұмыс істеу қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен артық тапсырма беру оқушыны шаршатады.

Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сондай –ақ бүкіл ағзаның қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткаларда тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен, ағза қызметінің кез – келген түрі белгілі – бір уақыт өткеннен кейін шаршау тудырады.

Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл әсіресе төменгі сынып оқушыларында айқын байқалады: Балалар жан–жағына алаңдап, сөйлесе бастайды, есінейді керіледі.

Шаршауды қалжыраумен шадастыруға болмайды қалжырау- шаршаудың субьективті көрінісі, әрі ол ағзаның әлсіреуі, аздап мең- зеңдікті сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді. Шаршаудан және қалжыраудан басқа тағы да болдырғыштық бар. Бұл термин,мен адамның шаршауға азды-көпті бейімділігі немесе қабілетін білдіреді.

Шаршаудың нәтижесінде көздің өткірлігі төмендейді, есітуі нашарлап, айқын көру тұрақтылығы және көздің электр сезгіштігі өзгереді. Шаршау- кез-келген қызу жұмыстың заңды салдары, сондықтан одан қауіптенбеген жөн жұмыс істемеген адам ғана шаршамайды.

Балалардың миы даму және жетілуі үшін үздіксіз жаттығуы яғни жұмыс істеуі тиіс бірақ істелетін жұмыс баланың жас мүмкіндіктеріне сәйкес келуі және зорықтырмауға тиіс .

Мектептің оқу – тәрбие жұмысындағы режимнің маңызы.

Оқушылардың мектептегі дұрыс ұйымдастырылған режимі қалыпты жұмыс істейтін әрбір мектептің міндетті шарты болып табылады. Мектеп режимінің негізгі элементтері:

А) Оқу жылының ұзақтығы және күнтізбелік жылдың барысындағыүзілістер ( коникулдар) .

Ә) мектепке балалар қабылдауды дұрыс ұйымдастыру .

Б) оқу күнінің ұзақтығы.

В) сабақтың ұзақтығы және оны тек педагокикалық жағынан ғана емес гигиеналық жағынан да дұрыс құру.

Г) Пәндерді олардың ауыр жеңілдігіне қарай дұрыс бөлу . Оңай және қиын сабақтар мен жұмыстарды ұштастыру .

Д) сабақтар арасындағы үзілістерді тиімді ұйымдастырып таза ауаны барынша пайдалану .

Е) Оқу күні бойында уақытында тамақтандыру және бұл процесті дұрыс ұйымдыстыру.

З) мектеп бөлмелерінде үлгілі тазалықты, сыртқы тәртіпті және мектеп гигиенасының барлық талаптарын орындауды қамтамасыз ету.

Балаларды мектептегі оқуға әзірлеу. Мектеп гигиенасы тұрғысынан алғанда балалардың мектептегі оқуының басталу уақыты туралы мәселе – аса маңызды мәселе . Балаларды мектепте жүйелі түрде оқытуды 7- жастан бастауға болады. Қазаргі кезде балалар бақшаларында балаларды ана тіліне, есептеуге және т/б оқыту енгізілген, ол бүкіл топпен жүргізілетін арнаулы сабақтарда жүзеге асарылады. Ол балалардың мектептегі білімді ары қарай меңгеруін жеңілдетеді.