Шынығу гигиенасы

Балаларды шынықтырудың гигиеналық міндеттері. Ауа, күн сәулесі мен сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне, сондай –ақ түрлі суық тию және жұқпалы ауруларға организмнің қарсылық көрсету қабілетін арттырудың ең жақсы және молынан пайдалануға болатын құралдары .

Мектеп жасындағы балаларды шынықтыруда мынадай нақты міндеттер қойылады:

  • бала организмінің ауруларға қарсы күресу төзімділігін арттыру;
  • балалар мен жасөспірімдерді таза ауаны қажетсінуге

тәрбиелеу, оларды температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысының күрт өзгерістерінен қорықпауға үйрету;

  • балаларды қиындықтарды жеңе білуге, төзімді де батыл болуға тәрбиелеу .

Шынықтыру механизміне орталық нерв системасы үлкен роль атқарады: ол организмде болып жататын барлық процестерді басқарады.

Күн немесе су процедураларынан алынатын сыртқы тітіркеністер күрделі рефлекстер жолымен орталық нерв системасына , ал ол арқылы организмнің алуан түрлі функцияларына әсер еттеді.

Шынықтырудың негізгі принциптері. Мектеп оқушыларын шынықтыру төменгі принциптерді сақтау қажет. Олар бірте – біртелілік, жүйелілік және балалардың жеке басының ерекшеліктерін есепке алу.

Біртіндеп шынықтыру принципін сақтау балалар үшін ерекше маңызды, өйткені балалар организмінің қарсылық білдіру қабілеті жоғары емес, сондықтан алдын – ала біртіндеп жүргізілген дайындықсыз күшті тітіркендіргіштерді қолдану теріс нәтижелер беруі мүмкін.

Егер балаларды шынықтыру қатаң түрде белгілі бір мөлшерде жүргізілсе мәселен көктемгі уақытта киімді біртіндеп жеңілдету, су жағдайында температураны біртіндеп төмендету және тағы басқа жағдайларды қолданғанда балаларды шынықтыруда нәтижесін береді.

Жүйелі түрде шыныққанда организмнің жауап қайыру реакциясы жылдамдап , жетіле береді.

Шынықтыру кезінде жеке ерекшеліктерді ескеру қажет. Жастары бірдей балалардың да денесінің дамуы жағынан бір-бірінен айырмашылықтары болады. Бір ғана тітіркенудің өзі көбіне әркелкі қабылданады. Бір бала суыққа неғұрлым сезімтал келсе, екінші біреуі оған тезірек көндігеді. Суық және басқа тітіркендіргіштерге деген әсерлерді ескеру қажет.

Шынығу үшін ауаның маңызы. Балалардың тыныс алуының едәуір жеңіл типін ескергенде, балалар мен жасөспірімдердің үнемі таза ауада болуынның маңызы зор. Жазда балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру алаңдарындағы, бүкіл өмірі мүмкіндігінше бөлмеден тыс жерде өтуге тиіс. Оқушылырдың ұзақ уақыт бойы таза ауада болуы көктем мен қыс кезінде де тоқталмауы тиіс.

Шынықтыру үшін судың маңызы. Организмді сауықтыру үшін су ежелден бері қолданылып келеді. Ауамен салыстырғанда судың жылу өткізгіштігі жоғары, сондықтан су бірдей температурада денеден көп жылу тартып алады. Шынықтырудан жақсы әсер алу үшін, тітіркенуді біртіндеп күшейту қажет яғни судың температурасын біртіндеп төмендету қажет.

Күн радиациясының шынықтырушы әсерінен терінің қыртыс қабаты айтарлықтай қалыңдайды, бұл оның тосқауылдық қабілетін күшейтетін организмнің суық тиюден болатын аурулар мен жұқпалы ауруларға төзімділігін арттырады. Күн сәулесі ваннасын қабылдай отырып , бала бір мезгілде күн радиациясының тікелей, шашырай және шағылыса түскен әсеріне тап болады. Баланың өсіп келе жатқан организм үшін табиғи ультракүлгін радиациясының ерекше маңызы бар.