Судың гигиенасы

Су адам өмірінде ерекше орын алады; ол адамның физиологиялық , санитарлық гигиеналық және шаруашылық қажеттерін өтейді .Адамның терісі өкпесі, және бүйрегі арқылы күн сайын шығаратын суының мөлшері 3 литр шамасындай болады, сондықтан бұл шығынды ұдайы қалпына келтіріп отырған жағдайда ғана организмнің қалыпты тіршілік әрекеті мүмкін болады.

Санитарлық гигиеналық тұрғыдан алғанда су денені киімді, тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды таза ұстау үшін қажет. Су дене тәрбиесі үшін ( денені шынықтыру , жүзу үшін ) кеңінен пайдаланылады.

Алайда физикалық күйі мен химиялық құрамы қолайсыз болған жағдайларда, ол теріс әсерін де тигізе алады. Су арқылы түрліше аурулар – оба, сүзек, дизентерия тарауы мүмкін . Ауру тудыратын микробтар ылас судан өздері үшін қолайлы жағдайлар табады. Сумен бірге адам организміне ене отырып, бұл қоздырғыштар ауруға себеп болады.

Ішетін су бірқатар гигиеналыһқ талаптарға сай болуы тиіс: оның иісі болмауы, таза, мөлдір болуы, белгілі химиялық құрамы болуы, ішетін улы заттар, құрттардың жұмыртқалары және патогендік ( ауру тудыратын ) микробтар болмауы тиіс.