Жалпы гигиена. Ауа туралы гигиеналық сипаттама

Сыртқы ортаның табиғат факторларының адам ағзасына тигізетін әсері.

Адам ағзасы сыртқы ортаның үздіксіз әсеріне душар болады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың ұдайы және тікелей әсерін тигізетін сыртқы орта факторларына күн сәулесінің радиациясы , топырақ және су жатады.

Ауа. Ауа адамның одан тыс өмір сүруі мүмкін емес табиғи орта болып табылады.

Ауаның табиғи алмасуы оттегінің тиісті мөлшерде болуын толығынан қамтамасыз етеді және балалардың әдеттегі өмір сүру жағдайларында оладың тіршілігі мен денсаулығы үшін ауадағы оттегі мөлшерінің жетімсіз болуы қаупі тумайды.

Балалар ағзасына тіршілік қызметіне ауаның физикалық қасиеттері үлкен әсерін тигізеді; ол қасиеттерге ауаның температурасы, ауаның ылғалдылығы, ауаның қозғаласы, атмосфераның қысымы, күн радиациясы және атмосфераның электрлік күйі жатады.

Ауаның температурасы — адамның жылу алмасуына әсерін тигізеді, ал адамның қалыпты өмір сүруі дененің температурасын 36 С пен 37 С аралығында тұрақты мөлшерде ұстап тұрған жағдайда ғана мүмкін.

Ағзаның органдары мен ұлпаларында ұдайы зат алмасудың нәтижесінде жылу бөлініп шығады, ол жылудың артығын организм қоршап тұрған ортаға береді. Бұл жағдайда жылу шығару және оны беру бір – біріне сәйкес келуі тиіс . Жылудың берілуі жеткіліксіз болған кезде , жылу ағзада жинақталып , мұның өзі дененің қызуына алып келеді, ал жылу шамадан артық шығын болған кезде , организм суып кетеді. Төмен температура

жағдайында ұзақ уақыт болу дененің температурасының төмендеуіне , суынуына тіпті тоңуына әкеп соғуы мүмкін. Жалпы дененің және оның мүшелерінің суынуы, ағзаның қорғану қасиеттерін әлсіретеді де суық тиіп ауруға жол қояды.

Айналадағы ауаның температурасы жоғарылаған кезде, дененің жылу беруі қиындағандықтан, оның температурасы көтеріледі, тамырдың соғуы жиелейді, шаршай бастайды, адамның денесі мен ақыл – ойының жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Мұндай жағдайда температура 40С дейін көтеріледі, адамның беті қызарып, басы ауырады, шаршап, тыныс алуы қиындап, талып қалу жағдайлары болады. Ыстық өту ауа-райы ыстық және қапырық болғанда, сыртқы атмосферада да және ыстық бөлмеде де болуы мүмкін.

Температураның адам ағзасына тигізетін гигиеналық әсері ылғалдылықтың әсерімен тығыз байланысты да, ауаның жылу өткізгіштігі мен терінің сыртқы бетінің булану қарқыны осы ылғалдылыққа тәуелді, сондықтан да жылу алмасуында оның атқаратын ролі аз емес . Ауаның температурасы төмен жағдайда ылғалдылықтың жоғары болуы жылудың берілуін күшейтеді, ал мұның ағзаның бірден суынуына әкеп соғуы мүмкін. Ауаның температурасы бірден жоғары болып, жылу шығару негізінен терлеу жолымен жүзеге асатын кезде, жоғары ылғалдылық терінің сыртқы бетіндегі тердің булануын қиындатады, ағзаның шамадан артық ысуына көмектеседі, көңіл- күйді нашарлатып, жұмыс істеу қабілетін төмендетеді.

Ауаның қозғалысы терінің сыртқы бетіндегі тердің булануын да күшейтеді. Сондықтан жел жылудың берілуін жеңілдетіп отырады. Ауаның температурасы төмен жағдайда жел дененің шамадын тыс суып кету қаупін күшейтеді, ал мұны суық және желді күндері киетін киімді таңдағанда ескеру қажет.

Ағзаның тіршілік қажетіне атмосфералық қысым үлкен әсерін тигізеді. Атмосфералық қысымның тәуліктік және жылдық ауытқуына мардымсыздығы соншалық , оның өздігінен адам үшін маңызы жоқ тек айрықша сезімтал немесе ауру адамдарды ғана ауа райы бұзылардың алдында неврология пайда болады, ревматизм ауруы және тағы басқа аурулар күшейеді.

Ауаның механикалық қопалары. Балалардың ағзасы үшін ауаның механикалық қоспалыры – шаң – тозаң мен түтін өте зиянды. Атмосферадағы ауаның ыластануының негізгі көзі – ауаға орасан көп жмөлшерде үздіксіз түтін , газ шаң тозаң шығарып отыратын фабрикалар мен заводтар және машина түтіні шаң – тозаң тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтарын тітіркендіреді және тыныс алу органдарында жинақтала ( кремний тозаңдары ) отырып, балалардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Тағы басқалары мәселен қорғазын тозаңы улануға әкеп соғуы мүмкін.

Шаң – тозаңның зиянды әсері микробтардың өте көптігінен де болады, әрі ауада шаң – тозаңның болуы аурулардың жұғу мүмкіндігін арттырады.