Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар

Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.

1.Алтаты қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы ,Талдықорған)

бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Барсакелмес мемлекеттік қорығы — 1939 жылы ұйымдастырылған. Ол Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі Барсакелмес аралында орналасқан. Барсакелмес – оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған арал.

Алғаш рет Арал теңізінің картасында Барсакелмес аралы 1831 жылы белгіленген. Бұл аралды тұңғыш рет зерттеуші лейтенант А.И. Бутаков болып саналады. 1929 жылы Барсакелмес аралында аң шаруашылығы ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ, мұнда сұр кекіліктер, қырғауылдар, ор қоян, қарақұйрықтар және ақбөкен сияқты бағалы хайуанаттар жіберілген. 1939 жылы осы шаруашылықтың негізінде Барсакелмес қорығы құрылды.

Барсакелмес қорығы алғашқысында саны азайып, құрып бара жатқан бағалы тұяқты аңдардың бірі – ақбөкенді қорғау мақсатында құрылды.

Жер бедері мен ауа райы. Барсакелмес қорығы орналасқан ұзынша келген аралдың жағалауы аз тілімденгендіктен, қолтық, қойнау шығанағы көп емес. Бұл арал-сазды, тақырлы, ал қалған жері құмды келеді. Биіктігі 100 метрдей үстіртті келген оңтүстігі теңізге тік жарқабақ болып тіреледі, солтүстік — батысы ойпаттау. Жері көбіне белесті, сирегірек төбелер де кездеседі. Аралдағы құм төбелерде көптеген өсімдіктер өседі. Мұнда өсетін өсімдіктердің көбі хайуанаттардың сүйіп жейтін қорегі болып саналады. Төбелердің биіктігі 6-7 метрге жетеді. Қыс айларында мұндай төбелердің арасы әр түрлі хайуанаттардың паналауына қолайлы келеді. Бұл аралда тұщы су өте тапшы. Жер асты суы көбінесе ащы келеді. Ауыз суды құдықтан алады. Сонымен бірге, аралдың тұрғындарын таза сумен қамтамасыз ету үшін қыс айында теңіздің жоғарғы бетіндегі мұзы дайындап, оларды арнайы қазылған шұңқырларда сақтайды. Ал жабайы тұяқты аңдар жаз айында суды теңізден ішеді. Мұның өзі осы жердегі мекендейтін жабайы жан-жануарлардың теңіздің ащы суын ішуге бейімделгенін көрсетеді.

Аралдың ауа райы республикамыздың солтүстігіндегі қоңыржай шөлді аймақтар секілді. Жазы өте ыстық, қысы суық болады.мұндай қыс 2-2,5 айға созылады.жылдық жауын-шашыны 100-200 мм мөлшерінде түседі. Қыста ауаның жоғары температурасы – 300 болса, ең ыстық июль айында +380, +390 болады. Ноябрь айынан бастап ауа райы суыта түседі де, ал февральдың аяғында қар ери бастайды. Мартта орташа температура – 3,50 болады. Қыс айында жауған қар жерде көп жатпайды, оның себебі түскен қарды көбінесе солтүстік-шығыстан соққан жел ұшырып алып кетеді.

Қорыта айтқанда, Барсакелмес аралы — өзінің жер бедері, климаты, топырағы жөнінен аймақтық ерекшелігі бар және бүтіндей, тұтас бағалы обьектілерді қорғауға және терең зерттеуге өте қолайлы орын.

Өсімдіктері. Аралдың өсімдіктері де көбіне шөл даланың өсімдіктері типтес. Мұнда 256 түрлі жоғары сатыдағы күрделі гүлді өсімдіктер өседі. Солардың ішінде алабота тұқымдастар, күрделі гүлділер, дәнді шөптер, айқыш гүлділер тұқымдасы, бұршақ тұқымдас өсімдіктеркөбірек кездеседі. Аралдың сазды, тақырлы аймақтарына көбіне жусан, бұйрығын, кейде сексеуіл мен итсигек өседі. Сондай-ақ, тек аралдың шөлді өңірінде ғана өсетін күйреуік (бір түрі), қара жусан, қара және сексеуілдер сияқты өсімдіктер де кездеседі. Аралда қылша, рауғаш, итсигек, адыраспан, жанаргүл, нәр, сораңшөп сияқты дәрілік өсімдіктер өседі. Мұнда кездесетін улы өсімдіктерге сидам құлан-құйрық, ушырмауық, укекіре, найзақара жатады. Қазірге тек кіші-гірім реликті өсімдіктерден тікенек киеуілі, шоберт ақтікені, қоян жоңышқа немесе бал жапырақ кездеседі. Сөйтіп, қорық флорасының ішінде халық шаруашылығы үшін маңызы бар көптеген пайдалы өсімдіктер кездесетіндіктен олары жан-жақты зерттеудің және қорғаудың маңызы өте зор.

Үстірттің шет жағасындағы құмды жерлерде бидайық, бетеге, арпабас, қоңырбас, мортық сияқты көптеген жабайы жануарлар сүйсіне жейтін өсімдіктер өседі. Тарихи мәліметтерге қарағанда, бұдан 25-30 жыл бұрын аралда сексеуілдер қалың өскен екен. Құмды жерлерге сексеуілден басқа жыңғыл, қарағай, шеңгел, жүзген сияқты бұталы өсімдіктер өседі. Мұндай жерлер аңдар мен құстардың мекендеуіне ыңғайлы. Мұнда өсетін қылша, жүзген сияқты өсімдіктердің тұқымдары көптеген жануарлардың сүйікті азығы болады. Мысалы, жүзгенмен қарақұйрық, ақбөкендердің көктемде туған лақтары қоректенеді.

Жануарлар дүниесі. Барсаклмес қорығындағы хайуанаттардың тіршілік ету жағдайы шөлді аймаққа ұқсас, Аралда жан-жануарлар түрлері өте аз. Мұнда аңдардың 12, құстардың 200-ге жуық, жыландардың 8, қосмекенділердің 1 түрі кездеседі. Ал Арал теңізі жағасындағы шөлді аймақтарды мекендейтін жануарлар дүниесімен салыстырғанда Барсакелмес аралында бауырымен жорғалаушылардың 27, құстардың 95, сүтқоректілердің 30 проценті ғана кездеседі. Мұндағы шөлді өңірде кездесетін аңның бірі – құлан. Бұл – сымбатты жануар. Құлан есектен үлкендеу, жылқыдан аздап кішілеу келеді, салмағы 320 кг-ға дейін болады. Құланның биелері екі жасында үйірге түсіп, жылына бір құлын туады.

Құлан – біздің елімізде кездесетін жабайы жылқының бір түрі. Дәмді еті мен терісі үшін талан-таражға салып, аулаудың салдарынан тұқымы азайып, саны кеміп кеткен.

Қорықта құландар мекендейтін аймақтан қарақұйрықты да кездестіруге болады. 1930 жылы қорыққа тоғыз қарақұйрық жіберілген болатын. Олар жерсініп, өсіп-өніп көбейеді. 1976 жылы оның қорықтағы саны 350-370-тей болды. Сөйтіп, қазіргі уақытта өте сирек кездесетін қарақұйрық сияқты тамаша шөл хайуанаты адам қамқорлығына алынып отыр. Бұл хайуанат көбінесе ашық-далалы, шөлді жерлердің адыр-қырлы төбешіктерінде тіршілік етеді. Қорықта ол, әсіресе құмды сексеуілдің арасында мекендейді. Шөл-шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген қарақұйрық қырыққа жуық өсімдік түрімен қоректенеді. Ол, әсіресе жусан, күйреуік, бұйырғын сияқты ащы шөптерді сүйсіне жейді. әдетте, ашық далада қарақұйрықтар екіден – бестен топтасып жүреді. Жабайы тұяқты аңдардың (ақбөкеннен) басқаларына қарағанда қарақұйрық өте өсімтал келеді. Ешкілерінің басым көпшілігі көбіне егіз туады. Кең байтақ республикамыздың шөл және шөлейт аймақтарында ертеде қарақұйрық сонша көп болғанымен, қазір өте азайып кетті.

Қорықтың территориясында құлан, қарақұйрықтан басқа дала аруы ақбөкен де таралған.

Ақбөкен — өте өсімтал келеді. Көбінсес, егіз лақ туады, лақтар екі айлығында өз бетімен жайылады. Ақбөкеннің тез көбеюі, өсімталдығының екінші себебі-жас шыбыштарыбір жасында-ақ алғашқы лағын туады.

Ақбөкен өсімдіктердің жүзден аса түрімен қоректенеді. әсіресе, изен, жусан, бидайық, күйреуік, арпабас, киікоты сияқты шөптерді сүйсіне жейді. Сонымен бірге ақбөкен көптеген жабайы аңдар мен үй жануарлары жемейтін итсигек, қызылқұйрық, шытыр, жылан қияқ секілді улы және тұзды өсімдіктермен де қоектенеді. Ақбөкеннің жейтін азығының құрамында 13 процент улы өсімдіктер болатыны анықталып отыр. Күз айларында шөл далада көк шөптер қаншама мол болса да, ақбөкендер негізінен жусанмен көбірек қоректенеді. өйткені, бұл өсімдік құрамында хайуанаттың ішек-қарнында болатын зиянды құрттарды өлтіретін заттар болады. Міне, жабайы хайуанаттардың мұндай әдіспен өздерін өздері емдеуі – табиғаттың оларға берген тамаша қасиеті. Қазір республика бойынша оның жалпы саны шамамен 700-800 мыңдай.

Құстар. Қорықта таралған жан-жануарлардың арасында көбірек кездесетіні – құстар. Құстар күзде қыстайтын жеріне қайтар кезінде және көктемде жылы жаққа сапар шеккенде көп ұшырайды. әсіресе, көктем мен жазда алуан түрлі құстар кездеседі. Соның ішінде қарабауыр бұлдырық, итала қаз, барылдауық қаз, шүрегей, қараала қаз сияқты кәсіптік маңызы бар құстар мекендейді.Аралдың негізгі сазды, сортаң шөлді аймақтарында ең көп кездесетін құстардың бірі – кішкентай бозторғайлар. Май айының басында әрбір шақырым сайын бозторғай шоғырлары кездеседі және сазды әуендері үздіксіз естіледі. Ол бетеге немесе жусанның арасында немесе жерді шұқырлап ұя жасайды да, оған шұбар түсті 3-6 жұмыртқа салады. әр түрлі өсімдіктің пісіп төгілген тұқымын,сондай-ақ арам шөп дәнін, насекомдарды жеп, пайда келтіретін құс. Бозторғайлардан кейінгі көбірек кездесетіндері – шақшақайлар. Бұл қанаттылар балпақтың ініне және жардың қуысына ұялайды. Әсем сазды әнімен белгілі құстың бірі – жылқышы. Бұл – тұмсығы ұзын, төмен қарай иілген, жалпы сұрғылт реңді құс. Жылқышы жерде өте тез жүгіріп жүреді. Бұл құста шөп арасына кішкентай шұңқырға ұя жасап, оған үш-төрт жұмыртқа салады. Жылқышы балық, кесіртке, өсімдік дәндерін жейді. Ол да зиянды насекрмдарды жойып, пайдасын тигізеді. Жылқышы – дәмді еті үшін ауланатын құс. Сондай-ақ, сазды шөлдің арасында азиялық және теңіз балықшылары сияқты екі түрі жиі мекендейді.

Бұл аймақта қарабауыр бұлдырық та ұялайды. Тақыр жерлерде жұптасыпұшып жүрген қарала қаз бен түлкінің ініне ұялайтын итала қазды да кездестіруге болады.

Төбешік құмдарда адамның көзіне басқа құстардан көбірек көрінетіні — әдемі түсті сарыторғай. Бұл құс қатты дауыспен салған сазды әнімен осы аймаққа тамаша сән береді. Осы аймақта, сондай-ақ, сұр жылқышы, сұр тағанақ, қара қарға, түн кептер және жабайы кептер мекендейді. Теңіздің тік жағаларының қуыстарына ұзақ, сұр қарлығаш сияқты құстар ұя салады. өзеннің жағасындағы қамыс тоғайының арасына сары шымшық, қамысторғай, қаратамақ және сұр қаз бен шүрегей ұялайды. Сонымен қатар, өзеннің ортасындағы аралға өгіз, сұр және көк шағала, суқұзғыны және басқа шағаланың төрт түрі мен қызылаяқ балшықшы кездеседі.