Шөл мен Шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер

Қазақстан жерінің жартысына көбін, яғни 58% алып жатқан, үлкен құрғақшылық аймақ әртүрлі ландшафты шөл мен шөлейттер. Шөл аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 500-700 км-ге, ал батысында Каспий теңізі жағалауынан шығыстағы Тарбағатай таулары мен Зайсан шыңқырына дейін 2800 км созылып жатыр. Оның көлемі 1,1 миллион шаршы шақырымды құрайды. Шөл аймағының солтүстік шекарасы 470 және 480 белдеулер аралығында. Ауа райы шұғыл континентальды әрі құрғақ. Жазы ыстық әрі өте құрғақ: жылына не бары 80-200 мм ылғал түседі.

Ақбөкен – көптеген Қазақстан табиғатының белгісі болып табылады. Сүтқоректілердің жұп тұяқтылар отряды, қуыс мүйізділер тұқымдасының өкілі (денесінің ұзындығы 150 см, шоқтығының биіктігі 80 см, салмағы 50 кг-ға дейін), шөл мен шөлейт ландшафтысының әдеттегі өкілі. Жүздеген жыл бұрын Қазақстан жерінен Қара теңізге дейінгі қуаң далаларды мекендеген. 60-70-ші жылдар ақбөкеннің саны кенеттен өсіп, бір миллионға жеткен, дегенмен ХХ ғасырдың басында оның саны мен мекен ететін жері күрт азайып, Каспий маңы мен Қазақстанның қуаң аймақтарында (100 мыңнан аз) сақталған. Төлдеу орны – Орталық Қазақстанда, ақбөкендер қыстау үшін Бетпақдала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, үстірт және Еділ-Жайық өзен-аралық оңтүстік аймақтарына кетеді. Үйір болып тіршілік етеді, әр аталықта бірнеше аналық болады. 10-12 жыл өмір сүреді, аталығы бір жарым, ал аналығы жарты жылда жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы бес айлық бұзаудықтан кейін 1-2 (сирек 3) төлін дүниеге әкеледі, шөлдің қатаң жағдайынан біреуі ғана тірі қалады. Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті – қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады. Көптеген аталықтар күздегі күйлеуден кейін әлсірейді, көпшілігі жыртқыштарға жем болады. Ақбөкен үшін қауіпті жау – қасқыр, оның саны Қазақстан шөлінде әлсін-әлсін өсіп отырады. Дегенмен, ақбөкен санының күрт төмендеуіне адамның әсері өте көп. Тибет медицинасында бағаланатын мүйізі үшін, еті үшін ешқандай шараға қарамай қырып жіберді. Браконьерлер бір аулағанда 50-70 бөкенді алады. Қызылорда облысынан 200-250 ақбөкен тиеген жүк машинасын, аэропортта тонналаған ақбөкен мүйізі кеден қызметкерлері ұстаған жағдайлар белгілі. Қазақстан фаунасындағы бұл керемет аңды тек шұғыл шаралардың ғана құтқаруы мүмкін.

Қарақұйрық – сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жұп тұяқты жануар (денесінің ұзындығы 1 м, шоқтығының биіктігі 60-75 см). Аталығының басында ұзындығы 40 см жіңішке мүйізі болады, аналығы мүйізсіз. Шөл өміріне жақсы бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді, бірақ түйемен салыстыруға болмайды. Көктемде және жаздың бірінші жартысында аздаған топ болып жүреді, күзге жақын, қыста үлкен үйір бірнеше жүздеген бас болып жиналады. 5-6 ай буаздықтан кейін, әдетте мамырдың басында, аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Төлі алғашқы күндері суық пен бөтен көзден бұталардың ығы мен ой-шұңқырларға тығылады. Қарақұйрықтың жаулары – қасқыр, түлкі, төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, дегенмен ең үлкен қауіп – мылтықты адам. Әсіресе түнде машина жарығымен қарақұйрықты аулау, кең таралған браконьерлік аң аулау әдісі, жарыққа көздері шағылысқан жануарлар дәрменсіз болып, бір орнында тұрып қалады. Осылай қарақұйрықтың саны күрт азайып, ұлттық қана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа да енгізілді. Соңғы жылдары Қазақстанда бұл жануарлар саны жайлап өсіп келеді.

Қосаяқтар – қосаяқтылар тұқымдасына жататын онша ірі емес кеміргіштер тобықосаяқтылар тұқымдасына жататын онша ірі емес кеміргіштер тобы. Бұлардың қысқа денесінде үлкен басы, үлкен құлағы және үлкен шығыңқы көздері болады. Артқы аяқтары алдыңғы аяғынан 3-4 есе ұзын, ірі қосаяқтар 3 метрге дейін секіреді, жүгіру жылдамдығы – 10 м/секунд, ұзын құйрығының ұшы ақ шашақпен бітеді, оны мамандар “жалау” деп атайды. Біздегі қосаяқтылардың денесінің ұзындығы 26 см, құйрығы 30 см. Қосаяқтардың бәрі — түн жануарлары, адам көзіне тек автомобиль жарығынан түседі, жарықтан біраз уақыт шыға алмай тұрады да, жол шетіне секіріп шыққаннан кейін, кілт бұрылып, қараңғыға сіңіп жоқ болады. Күндіз індерінде болады, інді өздері қазады, қысқы ұйқыны да осында өткізеді, ұрпағында осы жерде шығарады. Жылына екі рет 2-8 ұрпақтарын береді. Өсімдіктер және жәндіктермен қоректенеді. Өздері түнгі қанатты және төрт аяқты жыртқыштар үшін маңызды қорек болып табылады.

Қосаяқтардың 30 түрі бар, мұның үш тұқымдасқа жататын (ергежейлі, тікқұлақ және үшсаусақты қосаяқтар) 14 түрі Қазақстанның шөл және далалы жерлерінде тіршілік етеді. Ергежейлі қосаяқтарға (денесінің ұзындығы небары 4-5 см, салмағы 14-16 г) жататын бессаусақты ергежейлі қосаяқ Солтүстік Балқаш маңы тастақты шөлінде және жақын түрі үшсаусақты ергежейлі қосаяқ Арал маңы, Балқаш маңы құмдарында және Зайсан шұңқырында мекендейді. Сонымен қатар өсіп келе жатқан шағылдарда, басқа типтегі құмдарда тарақбалақ, жүнбалақ, Лихтенштейн (немесе шөл) қосаяқтары мекен етеді. Кең таралған тақылдағыш қосаяқта құмда тіршілік етеді. Ірі қосаяқтар (денесінің ұзындығы 19-22 см, салмағы 440 г), керісінше, сазды-шағылтасты , сортаңды, тіпті тақыр шөлдерді де мекендейді. Бұлар – үлкен және кіші қосаяқтар, Северцов қосаяғы, секіргіш қосаяқ, тақылдағыш және екі жуан құйрықтылар – майқұйрық пен Житков қосаяқтары.

Үстірт арқары – дене пішіні орташа, ұзын аяқты жабайы қой (аталығының денесінің ұзындығы 160см, аналығы 140 см, аталығының салмағы 70, аналығы 40 кг). Ол үстірттің ойпатқа бағытталған жыраларында — Қарынжарық құмы мен Кендірлісор шөлді жазықтығында, сонымен қатар, Маңқыстау түбегінің ойпаты мен түбегінде мекендейді. Аталықтарының қыста басына дейін жететін, мойны мен кеудедегі ұзын (30см), қалың жүндері жақсы жетілген, оны “жағасы ” деп атайды. Жоғарғы жағы ақ түсті, ал төменгі жағы қара түске боялған. Басын еңкейткенде осы “жағасы” жерге тиеді. Кәрі аталықтарының мүйізі толық бұрама құрайды, ал аналықтарында — кішілеу доғалтәрізді мүйіз. Үстірт арқары — өте елгезек, ол тік жардан тез түсіп, тез шығады, биік жерден төменге оңай секіреді, жоғары 1 м биіктікке секіре алады. Мардымсыз шөл өсімдіктерімен қоректенеді, ащы және тұщы суларды ішеді. Таңертең және кешке белсенді. Қазаннан желтоқсанға дейін күйлейді, осы кезде аталықтары мен аналықтары аралас үйір құрайды. Қозылары, әдетте, сәуірде туылады, аналықтары оларды қазанға дейін сүтімен қоректендіреді. Жылдың көп маусымында үйір болып жүреді, басшысы жауынан қорғайды. Негізгі жаулары – қасқырлар және браконьерлер. Қазақстандағы сирек кездесетін бұл түрді қорғау үшін үстірт қорығы және екі зоологиялық қорықша құрылды, ал үстірт арқары Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді.

Шиебөрі – дене пішіні кішілеу (ұзындығы 80-90 см, салмағы 9-12 кг) қасқыр туысы, құйрығы қысқа, денесінің ұзындығының 1/3 бөлігіне зорға жетеді. Орта Азияны түгел мекендейтін – Қазақстанның оңтүстік түрі, тек Сырдария өзенінің алабы мен Арал теңізі жағалауларында кездеседі. Бірақ соңғы 30 жылда ол Тянь –Шань таулары мен шөл өзендерінің тоғайларынан Бетпақдала мен Оңтүстік Балқаш маңы шөлдеріне қоныстана бастады. Тоғайлы ормандар мен ну қамыс ішінде тіршілік етеді. Ақпан-наурызда күйлейді, ал сәуір-мамырда 4-7 күшігін дүниеге әкеледі. Негізінен түнде белсенді. Қырғауыл, үйрек, ондатр, құм қояндарын ұстап, оларға біршама зиян келтіреді.

Шұбар күзен – сусарлар тұқымдасының орташа пішінді жыртқышы (денесінің ұзындығы 35-38 см, салмағы 650-680 г). Сырт пішіні күзенге ұқсас, бірақ арқасы алабажақ: құрсағы қара түсті, басының ортасынан көлденең үлкен ақ жолақ өтеді. Күзенге тағы бір ұқсастығы – арқасын доға тәрізді иіп, секіріп қозғалуы. Қорыққанда немесе ызаланғанда, өзіне тән қимылымен шашақталған құйрығын арқасына тастап, басын көтеріп, тісін сірестіріп, ит сияқты ырылдаған дыбыс шығарады. Каспийден Ертіске дейін шөлді жерлерді мекендейді, бірақ барлық жерде сирек, сол үшін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл сарышұнақтар, құмтышқандар, жерде ұялайтын құстармен қоректенеді. 15 жыл өмір сүреді. Інде ұялайды. Маусым-шылдеде күйлейді, 5 айдан кейін ішінде 3-8 ұрпағы пайда болады.

Құлақты кірпі – кәдімгі кірпінің көшірмесі, тек дене пішіні кішілеу (ұзындығы 20см, салмағы 600г). Қазақстанда биік таулардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Ну бұталар арасы мен бөтен ұяларды паналайды. Ымырт пен түнде белсенді. Жәндіктер, құрттар, бақалар, кеміргіштер, жыландармен (олардың уынан инелері қорғайды) қоректенеді. Қыста ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 3-6 ұрпақтарын береді, бұлар келер жылы ғана ересек кірпіге айналады (6 жыл өмір сүреді).

Қара кірпі – Қазақстанда тек Маңқыстау түбегі мен үстірттің батыс шоқысын бойлай мекендейді. Бұл сирек кездесетін жануар 1995 жылы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді. Денесінің ұзындығы 20-25 см, салмағы 550-750 г. Құлақты кірпіден айырмашылығы денесі ірілеу, инелері ұзын (40 мм) және басынан маңдайынан шүйдесіне дейін созылған жіңішке сына тәрізді инесіз бос жері болады. Бұл кірпінің қара және ақшыл түрлері болады: ақшыл түсті кірпінің инелері ғана емес, денесінің екі шетіндегі түктері де ақ болады (қара түсті кірпінің бояуы керісінше). Түнде белсенді, күндіз інінде болады, іні 1 метір тереңдікте және бірнеше шығу тесігі болады. Әдетте, кірпі шығу тесігіне жақын жатады, сондықтан сырттан көрініп тұрады. Мамыр – маусымда 3 – 4 ұрпақтарын береді, олар тез өседі (бақылаудағы кішкентай кірпілердің 18 тәулікте салмағы 11 есе өсті). Негізінен жәндіктермен (қоңыз, шегіртке) қоректенеді, күніне 110 жәндік, сирек бауырмен жорғалаушылар және кеміргіштердіде жейді. Негізінен жаулары түлкі, қарсақ, сасық күзен, қыран, үкі, қарғалар.

Шағыл мысығы – кішірек жабайы мысық (денесінің ұзындығы 40 – 50см,, құйрығы 20 – 30см, салмағы 1,5 – 3кг). Қызылқұм шөлі мен Каспий теңізі маңында үйілген құм төбелерді мекендейді. Жемтігін түнде, суық кезде түнде аулайды. Ақпан – наурызда күйлейді. Сәуірдің аяғы мен мамырда 8 марқауға дейін туылады, жыл аяғында олардың салмағы үлкен мысықтың салмағымен бірдей болады. Тышқан тәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстар, сирек бауырымен жорғалаушылар және жәндіктер мен қоректенеді. Негізгі жемтігі — құмтышқандар. Мысықтың санының артуымен таралуы құмтышқанның көп болуына тығыз байланысты. Шағыл мысығы сирек кездесетін түр ретіндн Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1978, 1991, 1995).

Қарсақ — түлкіге өте ұқсас, бірақ едәуір кіші (денесінің ұзындығы 45 – 60 см, құйрығы 35 см, сашлмағы 1,7-3,2 кг). Қазақстанның шөл- және шөлейіттерінде кең таралған. Өмірлерінде бір рет қана жұп құрып, сөйтіп қалған өмірінде бірге болады. Сарышұнақ, суырлардың індерін пайдаланады, өзі інді сирек қазады. Кеміргіштер мен құстарды аулайды. Ымыртта белсенеді. Қаңтар – ақпанда күйлейді, наурыз – сәуірде аналығы 16 – ға дейін, көбіне 3 – 6 жәутігін туады. 5 – 6 жыл өмір сүреді. Терісі – жұмсақ және үлпілдеген, бірақ аса бағаланбайды. Қазақстандажылына 15 мың қарсақ терісі дайындалады.

Құмқоян – Қазақстанда мекендейтін үш қояанның ішіндегі ең кішкентайы (денесінің ұзындығы 50 см, салмағы 2,5 кг). Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау ббелдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түр. Ін қазбайды, күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланылады. Жатқанда жүні ұйпаланбай және бөтен дыбыстарды есту үшін басын желнге қаратып жатады., жел бағыты ауысқан сайын, бұл да бағытын ауыстырып отырады. Басқа қояндар сияқты жылына 4 рет көбейеді, бір көбейгенде 3-7 көжек туады. Аналығы алғашқы кезде көжектерінің қастарынан ешқайда кетпей, қамқор болады. Құмқоян – қасқыр, түлкі, дала мысығы және ірі қанатты жыртқыштар – бүркіт, кезқұйрық, тілеміш, тіпті шөл қарғасының да негізгі қорегі болып табылады. Үкі қояндарға көп зяиян келтіреді. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құм қоян терісін даярлайтын болған.

Қабылан — мысық тұқымдасындағы әдемі, ірі жыртқыштардың бірі (денесінің ұзындығы 120 – 130 см, құйрығы 60 – 70 см, салмағы 40 – 50 кг). Бұл ұзын сирақты мысық – ең жылдам жер исүтқоректісі. Қысқа қашықтықта жемтігіне түскенде, 115 км\сағ жылдамдықпен кең адыммен секіріп, шоқырақтап жөгіреді. Қабылан Қазақстанда Маңқыстау түбегіндегі шөлді жерлерді мекендейді. Негізгі жемтігі – үстірт арқары, қарақұйрық. Соңғы 25 жылда бұл аң Каспий маңынан кездеспейтін болды. Қабылан қазір Қазақстан Қызыл кітабының бірінші дәрежелі тізімінде («жоғалып кетуге жақын» топ), мұның мдұрыстығын тексеру үшін, арнайы ғылыми зерттеулер керек, әйтпесе оның орны жоғалып кеткен түрлердің қара тізімінде болады. Соңғы жағдайда Қазақстан фаунасында бұл аңды әйтседе, зоопарктегі басқа түршелерден қайтадан қалпына келтіру мәселесін шешу керек.

Құмтышқандар — дене пішіні орташа (денесінің ұзындығы 11 –20 см, салмағы 20-200 г дейін), мамандар жеке тұқымдас тармағына бөлген. Барлық құмтышқандарға тән белгі: сүйір тұмсық, үлкен көз және ұшында шашағы бар ұзын құйрығы; жоны сарғыш не қарасұр болады. Қазақстанда 4 түрі (үлкен, қызыл- құйрық, кіші, жыңғыл құмтышқандары) бар. Бірі шөл және шөлейтті жерлерде таралған, топ болып, шоғыр құрып бірнеше шығу тесігі бар курделі індер салады. Кей жерлерде құмтышқан ұясының шығу тесігінің көптігінен жаяу не машинаның жүруіне өте қауіпті. Адам үшін өте үлкен қауіп құмтышқан топтарында бүргелердің көп болуы, олар оба, лейшманиоз және қайталама сүзек ауруын таратушылар болып табылады. Құмтышқан — көптеген мамандардың, зоолоктар эпидемиолоктар жұмысының негізгі нысаны. Бірнеше ондаған жылдар бойы Қазақ обаға қарсы ғылыми зерттеу институты және арнайв обаға қарсы стансалар мен бөлімдер осы қауіпті аңның санының өсуін реттеп келеді.

Қарақұлақ — едәуір ірі мысық (денесінің ұзындығы 70 – 80 см, құйрығы 20 – 32 см,

салмағы 8 – 12 кг), сілеусіннен шамалы кіші. Сыртқы түсіне, яғни құлағындағы шашағы қысқа құйрығы және ұзын аяқтарына, қысқалау тұлғасына қарап, бимарал «шөл сілеусіні» деп атауға болады. Терісі ақшыл, сарғыш, тек құлағының артқы жағы мен шашағы қара түсті. Шығыс Каспий маңы шөлді аймақтары – Маңқыстау, Бозашы, үстірттің батыс жағында мекендейді. Солтүстік Қызылқұмда сирек кездеседі. Түнде тіршілік етеді. Қыста жиі күндіз белсенді. Күшті және епті жыртқыш. Ертеде шығыс халқының кейбірі оны аулағыш аң ретінде пайдаланған (тіпті қарақұйрықтарды ұстаған). Кейде қозы мен қозыларға шабуыл жасайды. Бөтен індер мен ну тоғайларды қоныстайды. Сәуір – мамырда 2-4 марқаулары туылады, күзде ересектерімен бірдей болады. Сирек кездесетін түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізген.

Ала жертесер – алуан түрге боялған кішірек денесінің ұзындығы 6-7 см,салмағы 9-10г тышқанды еске түсіредібірақ кеміргіш емсе,жертесерлерге жақын,жәндікпен қоректенетін жануар. Денесінің жоғарғы жағы қара, ортасында үлкен сопақша ақ дағы бар, ал төменгі жағы ақ түсті.Терісінің түгі қалың,жұмсақ және барқыт тәрізді. Барлық жертеселер сияқты, басы үлкен ,тұмсығы сүйір болып келеді.Орта Азия мен Қазақстан –эндемигі. 1995 жылға дейін Қазақстан Қызыл кітабына 1978 жылы енгізілген болатын. Ала жертесер құмды далада мекендейді. Қоректері жәндіктер мен ұсақ кемірушілер. Басқа ұсақ жертесерлер сияқты өте қомағай: күніне өз салмағынан 1,5 есе артық жем жейді.Ымырт және түнде белсенді, күндіз ұясында отырады.Баяу жүгіреді, сондықтан жиі түнгі жыртқыштардың жемтігіне айналады.Сәуірден тамызға дейін бірнеше рет 5 ұрпақтан береді.

Құлан – ат пен есектің жабайы туысы, Еліміздегі тақтұяқты сүтқоректілер отрядының жалғыз өкілі . Бұл- мықты , кішілеу келген ат (денесінің ұзындығы 2 м, шоқтығының биіктігі 125 см), ашық сарғыш сұр түсті, жотасын бойлай қара жолағы , үлкен басында ұзын құлақтары және қысқа тіке тұратынн жалы бар . Құлан осыдан 100 жыл бұрын Қазақстан мен Орта Азияның Барлық шөл- шөлейтті жерлерінде , Каспиден Ертіске дейін мекендеген және де ең үлкен территорияны Қазақстан құланы алып жатқан . 50 –ші жылдарға дейін бұл жануар Қазақстанда болмаған. Тек 1953 ж Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Оңтүстік Түркімениядан құланның басқа түрінің бірнешеуі әкелінген . 1982 ж аралдан көбейген құландарды басқа жерлерге; алғашқыда Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауына , одан кейін Бетпақдала шөліне және Маңғыстау облысындағы Бозашы түбегіне әкеліп жіберілді. Қазір осы жерлерде бірнеше жүздеген құландар мекендейді . Олар кішілеу үйір болып (50 басқа дейін) жүреді, үйірді айыр басқарады . Мамыр –маусымда күйлейді , 11 айлық буаздықтан кейін сәуірде бір төлі – қодық туылады . Құлан Қазақстан және Халықаралық Қызыл кітаптарға енгізілген.