Жер бетіндегі омыртқалылар. Бауырмен жорғалаушылар

Жазықты жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар.

Кәдімгі сарыбас жылан- Батыс және Шығыс Қазақстанда , сонымен қатар Оңтүстік Балқаш пен Алакөл шұңқырында кездеседі. Шөлейт және қуаң далаларда ылғалды жерлерде — өзен , көл , су қоймасы жағалауларында мекендейді . Бұл орташа пішінді жылан денесінің ұзындығы 1,5 м Қарасұр , кейде арқасы қоңырқай сарғыш түсті , басының екі жағындағы ашық сары түсті үлкен дағы арқылы оңай тануға болады . Басқа сарыдбас жыландар сияқты усыз. Бақалар балықтар , кейде ұсақ құстар , кеміргіштермен қоректенеді. Маусым шілде ылғалды жерлерде аналығы 20 жұмыртқа салады. Қыркүйекте ұрпақтары пайда болады . Қарашадан наурызға дейін жекелеп немесе топ болып қысқы ұйқыға кетеді. Өте көп болған жерлерде балықтың көбеюіне зиянын тигізеді.

Дала сұржыланы — Қазақстанда барлық жерде кездеседі. , әсіресе далалы аймақтарында кең таралған. Қуаң далаларда ,өзен аңғарларда саз және көл жағалауларын мекендейді. Жылына 7-8 ай белсенді (қысқы ұйқы қарашадан наурызға дейін ) Жазда ымырт пен түнде өте белсенді , жылдың басқа уақытында күндіз белсенді. Көптеген басқа жыландардан айырмашылығы – жұмыртқа салмайды , ұрпағы өзінің ішінде жетіледі. Аналығы алты өсімге дейін береді. Ұсақ кеміргіштер және басқа ұсақ жануарлармен , сонымен қатар жәндіктерменде қоректенеді. Жемтігін уы арқылы өлтіреді. Сұржыланның уы жыртқыштар мен ірі жануарлардан қорғану қызметін атқарады . Өте кең таралған мал шаруашылығына зиянын тигізеді. Әсіресе ірі қара малдар мен жылқыларды. , кәбіне ернінен шағады. У миға және басқа да маңызды орталықтарға тез жетеді. Сұржыланның шаққан уы адам өмірі үшін өте қауіпті . дегенмен өлім қатарі аз . Сұржыланның шағуынан сақтану үшін – басып кетпеу немесе басқадай жолмен мазаламау . Егер шақса жарадан көбірек уды алып тастап , дәрігерге көріну керек.Сұржылан уы медицинада вакцина жасау үшін қолданылады.

Орманды далалы жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар.

Саз тасбақасы –Еуропадан шыққан түр болғандақтан , тек солтүстік –батыс Қазақстанда мекендейді. Ол Еділдің атырауынан Ырғыз су қоймасы мен Сырдария сағасына дейін Қазақстанның солтүстік шекарасына дейін тіршілік етеді. Соңғы кезе саз тасбақасы Қостанай облысының кейбір өзендері мен көлдерінде кездесіп жүр. Ағысы жай тұщы су қоймаларын мекендейді. Өзендер және көлдер мен шалшық суларда мекендейді. Паналайтын жері су қоймасының түбіндегі лай әрі сол жерде қыстайды. Тасбақа су түбінде болғанда өкпесіне ауа толтыру үшін су бетіне шығады, сөйтіп тек тұмсығының ұшын ғана судан шығарады. Жазда шуақты күнде су бетіндегі ағаш пен томарға шығады. , егер қауіп төне қалса , түбінде қыстаушы тасбақалар қырылып қалады. Негізгі қорегі – су жәндіктері, ұсақ балықтар мен шаянтәрізділер де жейді, тіпті өсімдіктермен де қоректенеді. Аналығы мамырда , содан кейін маусым шілдеде күнге жақсы қыздырынатын құрғақ жерден 12 см тереңдіктегі шұңқыр қазып , 10 жұмыртқа салады . Жұмыртқаларды көміп , сауытымен топырақты көміп , аналығы суға оралады. Келесі жұмыртқа салғанша ., бұл жерге келмейді . Инкубациялық уақыты 60 күннен 110 күнге дейін созылады. Ұсақ тасбақалар жұмыртқадан тамыздың аяғы мен кыркүйектің басында шығады.

Секіргіш кесіртке –ашық сұр қоңыр немесе жасыл түсті ірі кесіртке денесінің ұзындығы 120 мм . Күйлеу кезеңінде аталығының үсті қою жасыл түсті болады , күзде бұл түс қою жасыл түске айналады. Аналығы мен ұрпақтары сұр немесе қоңыр түсті болады. Қазақстанның Солтүстік бөлігінде таралған, шығыста оңтүстік шығыс таулары Жоңғар және Күнгей Алатауларына дейін кіреді. Орманды дала аймақтарында орман шетінде , сирек бұталардың , өзен мен көлдердің жағалауларындағы жайылымдарда кездеседі. Суаратын каналдар арқылы алыс егістік жерлерге дейін кетеді . Баспана ретінде інді өзі қазады , бірақ көбіне кеміргіштердің інін пайдаланады. Сүйсініп суға түсіп , су астында 12 минутқа дейін болады. Мамырдан кыркүйекке дейін , тіпті қазанда да белсенді. Жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. , жиі өз ұрпақтарын жейді. Аталығы мен аналығы қыстан шыққаннан кейін , көп кешікпей шағылысады. Аналығы маусымда 3-15 жұмыртқа салады. Ұрпақтары тамыздың ортасынан кыркүйектің басына дейін шығады.

Тірі туатын кесіртке-секіргіш кесірткеден кішілеу денесінің ұзындығы 75 см Денесі қоңыр және сары түске боялған , жоны қара жолақты екі бүйірі екі қатар ақ теңбілді ; аналығының құрсағы сары немесе жасыл реңді ақ , ал аталығыныкі қызғылт сары түсті. Қазақстанда тірі туатын кесіртке орманды дала аймағының бірнеше жерінен ғана табылады . Орал мен Көкшетау қалаларының маңы солтүстікте – Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл кесірткенің бұлай аталу себебі. Жұмыртқасы ұзақ уақыт аналығының жұмыртқа жолында қалып қояды . . Жұмыртқалаған кезде , кішкентай кесірткелер саны 2-12 дейін бірнеше минуттан кейін ғана шығады. Ұрпақтарыны пайда болу уақыты созылыңқы ; бір мезгілде әр түрлі ұрпақтары мен буаз аналықтары да кездеседі , Жапырақты және қылқан жапырақты ормандардың сазды , шымтезекті ылғал жерлерінде тіршілік етеді . Ағаш тамырларының түбінен таяздау ұя қазады да , осында қыстайды . Секіргіш кесірткемен қатар ұя салудан қашады, себебі ол мұның ұрпақтарын жеп қояды. Жәндіктер олардың дернәсілдері және жауын құрттарымен қоректенеді.

Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырымен жорғалаушылар

Сұр кесел- Қазақстандағы ең ірі кесіртке денесінің ұзындығы 60 см , құйрығы 100 см , самағы 3,5 кг – ға Ежелгі сарғыш түсті кесіртке сияқты ашық – қара сары көлденең жолақтары бар және піспегі сияқты ұзын айыр тілін жиі көрсетеді. Қазақстанда тек Қызылқұм шөлі менОңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзенінің сол жағында мекендейді. Негізінен құмды шөл және сазды шөлмен шекаралас жерде қоныстайды. Қыркүйектен наурызға дейін ұйқыға кетеді. Күндіз ұясында жатады , таңертең кеше құмтышқан , сарышұнақ , кесіртке жыландарды аулайды. Аналығы маусымда құмға 20-25 жұмыртқа салады. Одан ұрпақтары тамыз кыркүйекте шығады. Олар үшінші жылы жынысты жағынан жетіледі . Сұр кеселдің қорқынышты түрінен көптеген аңыздар туған. Оның бірі былай айтылады. ; Сұр кеселді кездестірген адам ауру болады. . Бұл жануардың аты “кесел ” деп аталуы “ ауру ” дегенді білдіреді. Сондықтан оны жиі өлтіреді, онсыз да сирек кездесетін жануар мүлдем азайып кетті. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген .

Дала ешкіемері- немесе бұғақты ешкіемер – ешкіемерлер тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушы . Ірі денесінің ұзындығы 12 см , салмағы 45 г , сұр қоңыр түсті , оның , қабыршағы қатты тікенді жабын денесінен айқын бөлінген . Күйлеу кезеңінде температурадан немесе қозған кезде аталығының тамағы мен денесінің екі шеті көк түске , ал аналығының арқасыдағы қоңыр дағы қызыл түске боялады. Халық бұл кесірткені жиі “ кесел ”деп атайды . Осыдан оны ең қолайсыз жерлерде кездестіргені туралы аңыздар шыққан . Шөл және шөлейтті жерлерде кең таралған . Кеміргіштердің ұяларын пайдаланадыБұтаның ұшына шығып алып , тік тұратын әдеті бар . Көптеген әдебиеттерде оны қатты қызған құмнан қашқандықтан деп түсіндіреді . Негізінде олай емес , дегенмен ол осылай өз көршілеріне осы аймаққа деген құқын көърсететін болса керек . Қысқы ұйқысы 5 айға созылады. (қазаннан наурызға дейін ) . Жазда күндіз белсенді, тек түстен кейін жиі бұтада көрінеді. Жәндіктермен , өрмекшілермен , шамалы өсімдік жапырақтары , гүлдерімен қоректенеді. Жаппай шағылысу – сәуірде , аналығы мамырдың ортасында 5-14 жұмыртқа салады. Инкубация ұзақтығы 50-60 күн мамырдың соңында екінші рет жұмыртқа салады.

Оқ жылан –Жіңішке ақшыл түсті жылан , ұзындығы 125 см , тегіс қабыршақтары денесіне тығыз жабысқан . Қазақ аңыздарының бірінде бұл жыланның улы және өте шапшаң екендігі . , адамды оқ сияқты тесіп өтетіндігі , сонымен қатар өлтіретіндей етіп шағып та үлгеретіндігі айтылған . Шындығында ол өте жылдам . Аңызда айтылғандай , оқ жыланда улы безі бар, бірақ оның адамды шағуы мүмкін емес., себебі улы тістері ауыз қуысында терең , жоғарғы жағының түбінде орналасқан . Жемтігін мысалы кішкентай тышқанды , қатты тістегенде ғана шағады , яғни саусағыңды жыланның аузына салмау керектігін естен шығарма . Оқ жылан Қазақстандағы шөл мен шөлейттерде , құрғақ ыстық тау аңғарларында кездеседі. Кеміргіштердің інін , тас арасындағы қуысты жер жарықтарын паналайды . Бұталарға оңай шығып олармен жебе сияқты қозғалады. Қазанның соңынан сәуірдің басына дейін ұйқыда болады . Ересектері кесірткелермен , кішілері жәндіктермен көбіне шегірткелермен қоректенеді.

Дала тасбақасы –қазіргі кезде көбіне Орта Азиялық тасбақа деп атайды Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз отрядының жалғыз өкілі . Аналығының ұзындығы 20 см , салмағы 2,5 кг , аталықтары кішілеу . Қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап тығылатын сүйекті сауыты болады , ол тасбақаны төрт аяқты жыртқыштардан берік қорғайды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тасқа лақтырып , сауытын жаруға машықтанып алған . Ал сауыты қатпаған жас тасбақаларды , тіпті қарғалар да шоқып тастайды . Жағындағы мүйізді . қатпары тасбақаға тек өсімдікпен қоректенууге мүмкіншілік жасайды. Тасбақа небары 3-4 ай наурыздың соңынан маусымның соңына дейін белсенді , қалған уақыттарын жерде не құмда 2 метр тереңдікке дейін көміледі де , ұйқыда өткізеді . Көктемде , жазда және күзде белсенді . Сәуірде шағылысады . Аналығы сәуір мамырда екі рет 1-4 жұмыртқасын жердегі шұңқырларға салады . Олар көбіне қанатты және төрт аяқты жыртқыштарды қорегіне айналады : шөлде тасбақа жұмыртқасының қабығын көптеп кездестіруге болады . Аман қалған кішкентай тасбақалар өз бетінше тіршілік етеді . Еуропа елдеріне экспорт нысаны болып табылады . 20 ғасырдың 70-90 – шы жылдарында Қазақстанда жылына 100 мың тасбақа дайындалса , қазір бар жоғы 20мыңдайы ғана ұсталады.

Құлақты батпат –Қазақстанда мекендейтін осы туыстың 6 түрінің ішіндегі ең ірісі денесінің ұзындығы 12 см. Оның аузының екі шетінде шашақты тері қатпары бар , осы арқылы аузын қатты ашып , қорқынышты кейпін көрсетеді . Құмды шағылдарды мекендейді , қауіп төнген кезде өте тез аңдушысының көзінше денесінің ұсақ тербелмелі қозғалыс жасауы нәтижесінде құмға сіңіп жоқ болады . Бұл ірі кесіртке қорқақ емес . Жалпы бояуы құм түстес , сондықтан қозғалыссыз құмда жатқан кесіртке байқай қоюы оңай емес . Кесіртке тығылғанда . қашуға кеш болса , осылай қозғалыссыз жата береді . Қазаннан наурыздың соңы сәуірдің басына дейін ұйқыда болады. Күйлеу кезеңі мамырдың басында басталады, мамырдың ортасынан шілденің аяғына дейін аналығы қанша рет жұмыртқа салатыны белгісіз . Ұрпақтары тамыз кыркүйекте пайда болады. , екінші жылдың аяғында ғана жынысты жетіледі.

Жалтырауық жармасқы — бұл өзгеше түнгі кесіртке , тек құмда мекендейді . Қазақстандағы ерекше жармасқы тұқымдасының 6 түрінің бірі . Бұл кесірткенің сырт пішіні қызық : қысқа және толықша денесінің ұзындығы 11 см , үлкен бұрышты басында күндізгі жарыққа үйренбеген үлкен көздері бар . Түнде жарықтың түсу бұрышына байланысты көздері біресе суық жасыл түспен , біресе ашық қызыл рубин түспен жанады . Жалтырауық жармасқының санын есептеу әдісі осыған негізделген , осы уақытта есепшінің көзіне керемет көрініс көрінеді. : ыстық шөл түндеріндегі қара түнекте шексіз көп суық сәуле түсіруші өрмекшілер мен басқа түнгі омыртқасыздар арасынан жекелеген ашық қызыл рубиндер көрінеді . Бұл түнгі жануардың терісі өте нәзік , байқамай тиіп кетсе , киім сияқты үстінен шешіліп қалады ., ал құйрығын лезде тастайды . Жәндіктер және олардың дернәсілдерімен , көбіне шегіркелермен қоректенеді.

Құм айдахаршасы – кішілеу ұзындығы 60 см, қоңыр түсті , қысқа доғал құйрықты жылан . Алыстан екі жағы бірдей жуандықта сияқты болп көрінеді сондықтан екі басы бар бұл екі жылан , біресе бір жағына біресе екінші жағына қозғала алады деген аңыз пайда болған . Каспии маңы мен Қызылқұм шөлдерінде , яғни батыс пен оңтүстік Қазақстан құмдарында тіршілік етеді. Құмға өздері ін қазады , ал сазды жерлерде баспана ретінде сарышұнақ пен қосаяқтың індерін пайдаланады. Күндізгі белсенділігінің екі кезеңі бар : таңертең және кеші Кемірушілер ұсақ құстармен қоректенеді . Ересектері таңғы 7 ден кейін демалысқа кетеді , ал жастары сағат 10-11 де белсенді жәндіктермен қоректенеді Кеміргіштердің інінде қазаннан наурыз – сәуірге дейін қысқы ұйқыға кетеді . Усыз жемтігін орап , жаншып өлтіреді. Маусым шілдеде аналығы ұзындығы 12-13 см кішкентай жыланды туады. Сырдарияның жағасындағы шөлдерде басқа тү шығыс айдахаршасы тіршілік етеді . Сырт пішіні мен тіршілік етуі жағынан құм айдахаршасына ұқсас . Бұл құмды шөлден басқа , сазды сары топырақты шөл . тіпті жусанды далаларда да кезеседі . Бұл да усыз жылан .

Тақыр батпаты – орташа пішінді кесіртке денесінің ұзындығы 6 см , жалпақ жапырылған денесі сыртынан әр түрлі кедір бұдырлы қабыршақпен қапталған . Ақасы сұр немесе қоңыр түсті , көлденің қоңыр дақтары бар Мойынының екі шетіндегі бір – бірден қызыл дағы ақшыл көгілдіртүспен көмкерілген. Құрсақ жағы ақ тек құйрығының төменгі жағы қызыл түсті. Тақыр , сортаң , балшықты , тастақты және әр түрлі басқа топырақтарда және шөлейттерде кең таралған . Қысқы ұйқыдан наурызда шығып , қайта қазанда ұйқыға кетеді. Күндіз белсенді .Ашық ыстық күндері аз қашықтыққа өте қатты жүгіреді. Тіпті үрейлі көзінің өзінде 10-20 метрден кейін тығылады. Тақыр жерде көзден мүлде жоқ болады . Ұсақ омыртқасыз жануарлармен және сарышаяндармен қоректенеді. Аналығы мамырдың ортасынан маусымның аяғына дейін бірнеше рет жұмыртқа салады.