Қосмекенділер

Сүйіртұмсық көлбақа –Қазақстанда Солтүстікке қарай Орал- Қарағанды- Аягөз- Үшаралды мекендейді . Өзен, көл саз жағаларында кездеседі. Суда тек көбею кезінде тіршілік етеді. Сәуірден қыркүйекке дейін белсенді . Аталық бақалардың бақылдауы – бұл күйттеу әні . Аналығы жылына бірнеше мыңдаған уылдырығын шашу күйінде , су асты өсімдіктеріне бекітеді, ал аталығы оларды өзінің сүтімен ұрықтандырады . Мұндай мол өнім уылдырығы мен итшабақтары , балықтар мен басқа да су жануарлары үшін маңызды қорек болып табылады. Аз ғана мөлшерде тірі қалған итшабақтар ғана бақаға айналып , құрлыққа шығады. Көлбақалар су түбінде , сонымен қатар , құрлықта да шөптің астында , тамырда ,шұңқырларда тағы басқа жерлерде қыстайды. Жәндіктер , шаянтәрізділер және басқа ұсақ су , су маңы , жердегі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Қансорғыш қосқанаттылармен көптеп қоректену нәтижесінде , қоршаған ортаны тазартады.

Орманды дала жерлерінде кездесетін қосмекенділер.

Қызыл бауыр шұбар бақа-Қазақстандағы құйрықсыз қосмекенділер отряды , дөңгелектілер тұқымдасының жалғыз өкілі . Арқасы жасыл немесе қара дақтары бар сұр түсті , құрсақ жағы қаракөк дақтары бар қызғылт не ашық қызғылт түсті , дене пішіні кішілеу бақа (ұзындығы 3-5 см ) Еуропада кең таралған . Қазақстанда тек Жайық өзенінің аңғарында кездеседі. Мұнда ол ағынсыз сулар ұсақ шұңқырлар , бақшалар , тағы басқа жерлерді мекендейді . Су беті өсімдіктері көп , түбі лай жерлерді ұнатады. Бұл бақаның бүкіл өмірі суда өтеді, судан тек түнде таңсәріде шығады . Ешқашан судан алысқа кетпейді. Ең ұзақ алыс кететін уақыты – күз . Қызыл бауыр шұбар бақаның судан 0,5 км-ге қыстайтын шұңқыры болатындығы белгілі. Басқа құйрықсыз қосмекенділерден айырмашылығы – уылдырығын топтамай жеке- жеке не 2-12 уылдырықтан тастайды , уылдырық тастау уақыты мамырдың басы . Аталықтары осы кезе өздеріне тиіс “у, у “ деген қатты дыбыстарын шығарады.. Аталақтары өте сирек шығатын дернәсілдерінің метоморфозы біткенше , маусымның аяғына дейін дыбыс шығарады . Ересектері су шабақтарымен , ал итшабақтары балдырлармен қоректенеді. Бұл бақаның ерекшелігі – сүтқоректілердің сілекей қабығын қатты күйдіретін , терісінен улы шырыш бөліп шығарады. Сүтқоректілер мен құстарды шаққанда , олардың тыныс алуын әлсіретіп , бұлшықеттерін жансыздандырады. Сондықтан қызыл бауыр шұбар бақаны ешқандай аң , құс , балық жемейді.

Сібір бұрыштістісі – Қазақстанда бұрыштістер туысының жалғыз өкілі, ал Шығыс Азияда 15 түрі бар . Бұрыштістер тұқымдасында 31 түр бар , бұлар тритон

(құйрықты бақа ) мен саламандраға жақын қарапайым құйрықты қос мекенділер . Бұрыштіс деген ат таңдай тістері иілген немесе бұрыш болып орналасқандығын білдіреді. Сібір бұрыштістісі Сібір тайга ормандарында кең таралған , тіпті Поляр шеңберіне де кіреді , ал таралу аймағының оңтүстік шекарасы Республикамыздың солтүстік шекарасына дейін жетеді. Қазақстанда солтүстік Қазақстан облысының Конюховскии ауданында бір рет кездескен. Орынбор облысына шекаралас аз зерттелген жерлерден кездесуі мүмкін . Орынбор жерінде Сібір бұрыштістері дағдылы , уақытының көбін ылғалды жағалаудағы баспаналары мен суда өткізеді. Суға уылдырығын шашу арқылы көбейкді . Сырттай ұрықтанады. Итбалық кезеңінен кейін ересекке айналады. Тамыз аяғында метаморфоз аяқталып , кікентай бұрыштістінің құрлыққа шығуы жүреді.

Шөпбақа –Қазақстандағы бақалар туысының 4 өкілінің бірі. Ірі бақа , ұзындығы 10 см . Тұмсығы алдыңғы жағынан дөңгеленген . Денесі ашық сұр . ашық сары түстен қара түске дейін боялған . Әдетте , ұшы алдына бағытталған желкесіне бұрыштәрізді қара дағы болады, арқасын бойлай қара жолақ жатыр . Аяқтары көлденең қара жолақтармен қапталған. Бұл Еуропа бақасы шығыстан Обь өзеніне кіреді . Қазақстанда Солтүстік Қазақстан облысының қайыңды орманды далаларында ., әдетте Петропавл қаласы және Елек пен Жайық өзендерінде кездеседі. Уақытының көбін құрлықта өткізеді., су басқан шабындықтар мен сазды тжерлерді мекендейді. Сәуірдің аяғынан бастап белсенді. Бұлар көптеген су қоймаларының бетінде әлі де мұз жатқан кезде шағылысады. Аналығы 1,5 мыңнан 4 мыңға дейін уылдырық шашады. Дернәсілдің метоморфозы бақалардікінен аз уақытта өтеді. Ол 45-50 күге созылады. Жәндіктер өрмекшілер және құрттармен қоректенеді. Су астында лайға көміліп қыстайды.

Тарбақа – Қазақстандағы Еуропалық қосмекенділердің тағы бір өкілі . Бұл тарбақалар тұқымдасына жататын басқа нағыз бақалардан өзіндік анатомиялық ерекшеліктері бар . , дене пішіні орташа ұзындығы 5-8 см қосмекенді. Қазақстанда Жайық өзенінің аңғарында және Ырғыз – Торғай су қоймасында мекендейді . Шұбар бақадан айырмашылығы ; суда тек көбею кезеңінде ғана болады. , басқа уақытта құрлықта кеміргіштердің інін , қалың шөптің арасындағы қуыстарды паналайды . Су өсімдіктері қалың өскен ,тереңдігі 60-70 см ағынсыз су қоймаларында уылдырықтарын шашады. Көбею кезеңінен басқа кезде , ымырт пен түнде белсенді, ал күндіз баспаналарында отырады. Тарбақаның өзіндік ерекше қасиеті – артқы аяқтарымен жерді қазып тығылады. Осылай 1,5 метр тереңдікке күзден сәуірге дейін тығылып , қыстан шығады. Күйлеу кезеңінде аталықтары мен аналықтары су маңына жиналып тук ,тук днген баяу дыбыстар шығарады. Уылдырық шашу кезінде аталығы алдыңғы аяқтарымен аналығының белінен құшақтап , 1200-1300 уылдырықтан тұратын ұзын-ұзын бау-бау уылдырықтарды ұрықтандырады. Дернәсілдері 5-7 күннен кейін шығып , су астында тіршілік етеді. Итшабақтарының дамуы 90-100 күнге созылады. , осы уақытта олардың ұзындығы 17- см –ге жетеді. Кейде олардың дамуы бір жазда бітпей, итшабақ күйінде қыстап шығады. Ересектері жәндіктер , олзардың дернәсілдері , былқылдақденелілермен , ал итшабақтары балдырлармен және басқа су өсімдіктерімен қоректенеді. Ұзындығы 6-7,5 см және тұисығы сүйір .Түсі де өте өзгермелі. Күйлеу кезеңінде арқасы мен көкірегі көгілдір түсті болады Қазақстанда барлық орманды далаларда таралған. Ормандар мен бұталы тоғайларды мекендейді . Әдеттегі қоныстанатын жері – ылғал топырақты қайыңды шоғыр ормандар мен томарлы саздар . Суда да құрлықта да мысалы , үстін қалың жапырақпен жапқан шұңқырда қыстайды .Сәуірден қыркүйеккедейін белсенді. Аталықтарының дауысын-суға салған бос бөтелкенің аузынан шыққан ауаның бүлкілдеуімен салыстырады. Кішкентай көлбақалар құрлыққа маусымның басында шығады. Жәндіктермен былқылдақденелілермен , сирек жауынқұрттары және көпаяқтылармен қоректенеді.. Ересек көлбақалар жазда таңертең мен кеште , ал ткішкентай көлбақалар түсте қоректенеді. Ересектеріне қарағанда , кікентай көлбақалар қыстауға кеш кетеді.

Шөл мен шөлейтті жерлерде кеpдесетін қосмекенділер .

Жасыл құрбақа –Қазақстанда кең таралған қосмекенді . Дала, шөл, шөлейттерде мекендйді. Бақадан айырмашылығы уақытының көбін судан тыс жерде өткізеді, суға тек көбею кезінде , яғни уылдырығын шашатын кезде барады. Денесінің ұзындығы 7-14 см , терісі кедір- бұдырлы, үсті сұр немесе сұр жасыл түсті . Ымырт пен түнде белсенді ұшып жүрген жәндікті , әсіресе қатты қанаттыларды ұзын тілімен ұстап қоректенеді. Кемергіштер інінде , тас астында және басқа да баспаналарда қазан –қарашадан наурызға дейін қыстайды. Күйлеу кезінде аталығы ән салады,құс дауысына ұқсас ұзақ құбылған дыбыс шығарады. Аналығы мамыр маусымда тоспа суларда 12 мың уылдырық шашады . Шыққан итшабақтары балықтар ғана емес , басқа да жануарлар үшін қорек . Сондықтан итшабақтардың шамалысы ғана кішкене құрбақаларға айналады,бірақ соның өзі , әсіресе шөлдегі құрғап жатқан шалшықтарда көп болады. Құрбақа өте пайдалы жануарлардың бірі.

Қызылаяқ бақа –жалпы келбеті мен дене пішіні жағынан ұзындығы 8-см сүйіртұмсық бақаға ұқсас , бірақ денесінің төменгі жағы ашық қызыл дақты( көктемде – қызғылт) Қазақстанда тек Балқаш су қоймасында таралған, соңғы 50-жыл ішінде оның саны азайып , таралуы қысқарды. Сондықтан бұл “орлталықазия бақасы ” деген атпен Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді. Мұның санының төмендеуі- көлбақаның оны ығыстырып шығаруына байланысты деп есептейді . Уақытының көбін құрлықта өткізеді, күндіз белсенді. Жәндіктермен қоректенеді. Аналығы сәуірде таяз суаттарда 600- 1200 уылдырық салады. Қазаннан наурызға дейін су өсімдіктері бетін жапқан терең емес су қоймаларының түбінде қыстайды.