Су омыртқалылары. Балықтар

Каспий тілтісті дөңгелек ауыздылар класының өкілі. Балықтәрізді жануарлардың ұзындығы 2 см , салмағы 200 г дейін. Аузы түтік тәрізді, көптеген мүйізді тістері болады, оны сорғыш ретінде пайдаланады. Уақытының көбін Каспий теңізінде тұзды суында өткізеді, ал уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріледі. Су температурасы 110о-қа төмендегі көбею үшін, қоныс аудару басталады. Уылдырығын өзеннің құмды, топырақты таяз жерлеріне шашады. Уылдырық шашудың ауыр жолын игеру үшін , жолға шығар алдында денесінің 34% май болады. Бұрын бұл жануарларды ұстап, кептіріп, майын жарық үшін пайдаланған болатын, қазір тамақ үшін пайдаланады.

Майқап- Қазақстандағы талбырттардың бір өкілі. Оңтүстік Алтай өзендері мен Марқакөл көлін мекендейді.Бұл қарақоңыр жалтыраған жжыртқыш балықтың салмағы 2,5 кг. Бентос балық немесе суға түскен сүтқоректілермен қоректенеді. 4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Көктемде құмды және ұсақ тасты таязх суларда уылдырықтарын шашады. Кәсіптік түр.

Торта балық- өте кең таралған, өзгергіш тұщы су балығы. Тортаның бірнеше түршелері бар, халық оны әр түрлі атпен атап, әрқайсысы жеке түр есептейді.Қара теңіз су қоймасында – тыран балық, Каспийде – Каспий тортасы, Аралда – Арал тортасы, Ыстықкөл мен Сібірде – Кергек балық тіршілік етеді. Көзінің қызыл сары түсі болуысыртқы мөлдір қабығы жоғарғы жағындағы қызыл дағымен ерешелінеді. “Өтпел” түрлер (яғни теңізде тіршілік етіп, өзендерде уылдырық шашады) – тыран, торта балықтар және де “тұрғылықты” (яғни уылдырығын тіршілік ететін жерінде шашады) торта балықтар. Қоректенуі әр түрлі — өсімдік, әрі жануар тектес ( жәндіктер дернәсілі , ұсақ былқылдақ денелілер ) қоректер . Ірі болып өспейді, кәсіптік аулауда 18-35 см балықтар басым өтпелі түрлердің кәсіптік маңызы зор , оларды уылдырық шашу немесе қыстар алдындағы жиналған жерінде аулайды. Бұл балықты жаңа ауланған , тұздалған қақталған күйінде жейді.

Табан балық –тұрқы балықтар отрядяның бағалы кәсіптік балығы. Денесі екі жағынан жалпақ , ұзындығы 45 см , салмағы205-3 кг . Кішкентай табандар күмісше жалтыраған сұр түсті., есейе келе алтын сияқты жалтырайды. . Табан түбі құм , лай сазды және тыныш , суы жылы өзендер мен шығанақтарда тіршілік етеді. Қазақстанда әуелден Каспии мен Арал теңіздері су қоймаларында қоныстанған . Ертіс Балқаш , Талас су қоймаларында , Солтүстік және Орталық Қазақстан көлдерінде ойдағыдай жерсіндірілген. Уылдырықты ерте көктемде шашады. Көбіне торта балықпен бір мезгілде , сондықтан осы екі түрдің буданы жақсы белгілі . 3-6 тәуліктен кейін өсімдікке жабысқан уылдырықтан дернәсілдері шығады . Олар тағы екі тәулігін өсімдікке жабысып өткізеді. Алғашқы кезде шабақтар ұсақ су жәндіктерімен , одан кейін су түбі жәндіктерінің дернәсілімен , өсе келе былқылдақденелілер мен ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Табан балықтың жоғары сапалы тамақ ретінде кәсіптік және әуесқой жолмен аулауда зор маңызы бар .

Қабыршақсыз көкбас –тұқы балықтар өкілі , тау өзені мен көлдеріндегі өмірге бейімдеген түр. Қабыршақсыз деп аталуы , денесін бір-бірінің үстін басып жатпайтын сирек ұсақ қабыршақтар басып жатады. Денесінің бояуы алуан түрлі. – қара немесе көк түсті арқасы мен жалтыраған бүйірі бар балықтар өзенде, ал алтындай қоңыр жалтыраған түрлері көлде тіршілік етеді. Балқаш , Алакөл , Ертіс , Сырдария су қоймаларын мекендейді Негізінен жәндіктер дернәсілі және балдырмен , өсе келе былқылдақденелілермен , ұсақ балықтармен қоректенеді. Өте баяу өседі, денесі 25-30 см- ден артық болмайды. Кей жерлерде Мысалы Ыстықкөлде кәсіптік түр болып табылады. Қазақстанда қабыршақсыз көкбастан басқа , қабыршақты көкбас тіршілік етеді. , оның денесі түгел қабыршақпен қапталған.

Балқаш алабұғасы- Балқаш Алакөл су қоймасының эндемигі, өсімдігі мол өзендер мен көлдерде тіршілік етеді. Уылдырық шашу үшін Балқаштан Ілеге шығаты. Бұл кішілеу ұзындығы 01,5 м, салмағы 1,5 кг , тікегнекті жүзу қанаты бар . , төменгі жағы алға шығыңқы балық . Ұсақ және талма балықтармен , кейде, өз ұрпақтарымен де қоректенеді. 1961 жылға дейін Балқашта жылына 2300 тонна алабұға аулайтын , бірақ оның саны күрт азайып , Қазір Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіліп отыр . САнының азаюын басқа эжаңа жыртқыш балықтарды кеңінен жерсіндіру әсері және судың гидрологиялық құрамының бұзылуына байланысты.

Сібір хариусы- албырттың жақын туысы , бірақ үлкен арқа жүзу қанаты бар Тұщы су балығы Алтай өзендері мен Марқакөл көлінде тіршілік етеді. . Денесінің бояуы өте құбылмалы. – ақшыл және қара түрлері бар . Салмағы 1 кг- ға жетеді. Ерте көктемде ұсақ тасты таяз суларда көбейеді. Су түбіндегі жәндік дернәсілдері мен ұсақ балықтармен қоректенеді

Қарабалық немесе оңғақ –тұқы тұқымдасының балығы , өз атын «оңғақ» деген сөзден алған , себебі судан шығарған кезе , түсін өзгерте қояды. Оның толық жалпақ денесі тығыз ұсақ әртүрлі қабыршақпен қапталған , бірақ әрқашан жасыл түспен жарқылдайды. Басында кішкентай ашық қызыл көздері бар 60 см –ге дейін өжседі, салмағы 7,5 кг ұсақ су түбі омыртқасыздарымен қоректенеді. Көлдер мен өзендердің өсімдікті шығанеақтарында тіршілік етеді. Қазақстанда кең таралған әсіресе оның Солтүстік бөлігінде, Арал мен Балқаш су қоймаларында.

Жыланбас балық- басы үшін осылай аталған , төбесі тегіс және жыланның қабыршағына ұқсас жабылған . Жыланбастар тұқымдасыныңжалғыз өкілі . Амур су қоймасынан Сырдария су қоймасына жерсіндірілген , қазір Оңтүстік Қазақстанның көптеген жылы суаттарында мекендейді. Әдеттен тыс сыртқы түрінен басқа , жыланбаста көптеген ерекше қасиеттер бар солардың бірі – отмосфералық ауамен тыныс алу . Сондықтан құрлыққа шығып , кепкен бір суаттан екіншісіне бара алады . Жас кезінде ұсақ омыртқасыздармен , есейе келе балықтар бақалармен қоректенеді. Ұзындығы 80 см , салмағы 7 иткг – ға жетеді. Олардың көбеюі ең ыстық уақытта құрамында оттегі аз тоспа суаттарда өтеді. Алдымен ересектері орын дайындайды , қамыс қоғаның ортасындағы судың бетін тазартады, содан кейін осы жерде су астында уылдырық шашады , үлкен майлы тамшысының арқасында су бетіне көтеріліп , тыныс алады және жылынады. Шырышты бөлінулердің көмегімен , аталығы уылдырықтың айналасына көбікті бос жер – ұя салады. Дернәсілдері 2 күннен кейін шығады. Аталықтары ұрпақтары өз бетінше тіршілікке көшпейінше , 2 апта бойы ұяны қорғайды.

Мөңке балық- тұқы тұқымдастың орташа пішінді балығы . Ертеден тоғандарда өсірілетін көпшілікке белгілі балық , барлық жерде жерсіндідрілген . Оның биологиялық ерекшелігі қызық- табиғатта бір жынысты тоы ғана белгілі , ол аналықтан ғана тұрады. Көбеюі үшін басқа туыс аталықтары – оңғақ тұқы және басқалар жеткілікті даму кезінде тек аналығының белгілерін ғана алады. Сондықтан тоғандық өсіру кезінде , тек аналықтарынан тұратын тобын пайдаланады. Бұл кішілеу ұзындығы 45 см . салмағы 1 кг балық , судағы ұсақ жәндіктермен қоректенеді . Қазақстанда Каспии , Ертіс су қоймаларында , Солтүстік және Орталық Қазақстанның тұйық су жүйелерінде , Сарысу мен Сырдария өзендерінде мекендейді көптеген тоғанды шаруашылықтарда да өсіріледі. Көпке таныс керемет әсем – аквариумдық алтын балық ол осыдан 1000 жыл бұрын Қытай мөңке балығынан алыңған . Ұзақ сұрыптау нәтижессінде Қытай , Корей және Жопонияда бұл сәндік балықтың бірнеше жүздеген түрі шығарылды.