Қазақстанның илік заттар өсімдіктері

Өсімдіктерде көп кездесетін илік заттар немесе таниндер гликозидттерге бір табан жақын. Олар белоктар мен қосылып, су өткізбейтін эластикалық әрі берік пленка жасай алады. Таниндерді тері илеуге (әдетте емен қабығын қолданған, сондықтан бұл процесс орысша дубление, ал заттар дубильные деп аталған) және медицинада оны осы қасиеттеріне сүйеніп қолданады. Медицинада тұтқыр дәру түрінде пайдалану былжыр қабықта одан әрі қабынуға кедергі болатын пленканың (үлкен қабыршақтың) жасалуына байланысты, ал жараға жағылған танин қанды ұйытады және қанды тоқтататын дәру ретінде қолданылады. Ауыз бен жұтқыншақтың былжыр қабығы қабынғанда – шаю дәруі, күйікке — сеппе дәру, қанағанда – малма (примочка) түрінде қолданылады, сондай –ақ асқазан бұзылғанда оны ішеді. Танин ерітінділері белоктық заттармен ғана емес, алколидтермен, гликозидтермен және ауыр металдармен қосылғанда жедел көмек ретінде қолданады. Таниндер әр түрде барлық өсімдіктерде дерлік кездеседі (олар алмұртта көп). Таниндер ауада тез тотығады, оны қабығы аршылған картоп пен алманың қараюынан көруге болады.

Кумарин заттарының сан алуан топтарының ішінде медицина үшін спазмолитикалық, қан тамырын кеңейтетін және тыныштандыратын күшті әсері бар фурокумарин туындысы аса маңызды. Оның үстіне, олардың біреуі ішек құртына қарсы, екіншісі – грибок ауруына қарсы, қолданылады. Осы қосындылардың қайсыбірі күннің ультыра күлгін сәулесіне адам терісінің сезімталдығын күшейтеді. Мәселен, бойында фурокумариндері бар бақшалық балдыркөк өсімдіктері (ақжелкен және басқалары) оларды күннің көзінде өңдеген кезде қолда дерматит ауруларын қоздырғаны белгілі.

Алкалоидтар – күрделі органикалық, құрамында азот бар, күшті, ерекше әсер ететін қосындылар. Алкалоид деген екі сөзден құралған: арабша «алкали» — сілті және грекше «эйдос» — сол тәрізді. Алкалоидтар спиртте тез ериді, олардың көбі улы, бірақ организімге аз мөлшерде (0,01 г) енгеннің өзінде көбіне емдік әсер етеді. Алкалоидтардың құрылымы өте әр алуан. Өсімдіктердің бөліктері алкалоидтардың мөлшері жағынан біркелкі емес. Алкалоидтардың мөлшері өсімдіктердің даму фазасына байланысты. Олар өсімдіктерде әртүрлі органикалық қышқылдардың – алманың, лимонның, қымыздардың тұздары ретінде болады. Ақырында, тағамдық өсімдіктердің емдік көзін аша отырып, шырындардың маңызын ерекше алған жөн. Шырындар биологиялық сергек заттардың бүкіл жиынтығын шоғырландырады, бұл олардың: боиға тез сіңетіндігі мен алмасу процестеріне араласуы жоғары катализдік қасиеті, өздеріне гербицидтердің болмауы сияқты құндылығын арттыра түседі. Олар шөлді тез басады, тәбет ашады, ас қорыту бездерінің қызметіне, өттің бөлінуіне дем береді, асты жақсы сіңіруге себепші болады. Шырындар – витаминдер- мен тамаша жабдықтаушы, оларда организімге тез сіңетін қант, пектин заттары, органикалық қышқылдар аз, оның орнына олар минералдық тұздар бар. Көкөніс шырындарында органикалық қышқылдар аз, оның орнына олар минералдық тұздаға бай, ал жеміс шырындарында қанттың көп болуына байланысты, калориялығы жоғары. Шырындар, жеміс – жидектердің жұмсағы араласқандықтан, мөлдір болмауыда мүмкін, ал мұның өзі шырындарды әртүрлі органикалық заттармен қосымша байытады. Шырындар әсіресе ас қорыту мүшелері ауыратын адамдарға аса пайдалы.

Жүзім шырынында қант пен калий көп бірақ витаминдер тапшы, ал құлпынай мен қара қарақат (қышқылдау) шырынында витаминдер (көбіне С) басым. Алма шырыны темір мен витаминіне, ал таңқурай, қарлыған шырындары мысқа бай. Сәбіз шырыны каротин мен темірге бай, сондай – ақ онда С, Е, В2 РР витаминдері, кобальт, мыс бар және зат алмасуды дұрыстауға себепші болады, қан жасалуын жақсартады. Томат шырынында кальций, темір, каротин, қант бар.

Татымды өсімдіктенрден ( ақжелкен, балдыркөк) жаңа сығып алынған сығынды – бағалы қосымша шырын. Жабайы өсетін өсімдіктердің қалақайдың, бақбақтың шырыны пайдалы, германияда оларды көктемгі әлсіздікке қарсы профилактикалық дәру ретінде кеңінен қолданады.

Шырындарды белгілі шамада үйлесімді араластырып, хош иісті және дәмді сусын жасауға болады, оның үстіне, бірнеше өсімдіктің араласқан шырындары анағұрлым әсерлі: олар әр алуан витаминдер мен минералды тұздарға бай болып келеді. Қышқыл шырындары тәтті шырындармен, хош иісті еместі хош иісті шырындармен, қоюларын анағұрлым сұйықтармен араластырған жөн. Сәбіз бен алма шырындары жүзім не өрік шырындарымен, алхоры – құлпынай шырынымен үйлесімді келеді. Бірқатар шырындарды ем ретінде пайдалануға болады. Мәселен, сәбіздің, алхорының (немесе өріктің) қоспа шіріні ішті айдауға әсер етеді. Капустаның, қиярдың, сәбіздің, жүзімнің, қарбыздың құлпынайдың, алманың шырындары гастрит және қышқылы төмен кездегі асқазан мен ішек ауруларына дәру ретінде қолданаданылады. Әдетте шырынды ас ішерден 30 – 40 мин бұрын 150 – 200 г ішеді. Егер асқазан сөлінің қышқылы жоғары болып, ол көп бөлінетін болса, ондайға тарнаның, қарлығаның, шиенің, алхорының, таңқурайдың, өріктердің шырындары аса пайдалы келеді. Олар асқазан секрециясын тежейді.

Фитонцидтер — микроорганизімдерді құртуға ықпал ететін қорғаныш химиялық заттар. Олар химиялық құрамы жағынан әр түрлі, олардың ішінде потогендік микроорганизімдерге қашықтан әсер ететін ұшпа фракциясы және ұласа әсер ететін ұшпайтын ткань шырындары бар. Ұшпа фитопциттерге эфир майлары жатады, олардың бойында кейде күкірт қосындылары (мәселен, желкекте, шомырда) бар эфир майлары немесе ерекшелігі жоқ заттар – альдегиттер, төменгі ұшпа қышқылдар жатады. Көптеген ұшпа фитонцидтер химиялық жағынан әлі зерттелген жок. Ұшпайтын заттар анағұрлым сан алуан, оларды классификациялау қиынға соғады.

Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктер атам заманнан бері халықтық медицинада кең қолданылып келді. Қазір де көптеген ауруларды: грипп, жоғарғы тыныс жолдарының қатарын, тіс еттері мен тіс ауруларын, терінің іріңді ауруларын емдеуге, профилактика жасауға (ол фитонцидтерапия деп аталады) табысты қолданылып жүр, оның үстіне олар ішек қарынның қозғалыс, секрециялық қызыметін күшейтеді, ішектегі шірумен іру процестерін жойып, ішекті жақсартуға себепші болады. Фитонцидтердің емдік күші бірқатар жүрек, нерв жүйесінің ауруларын емдеген кезде айқын білінеді. Мәселен, сарымсақ пен пияздың фитонцидтік дәрі – дәрмектері гипертония ауруы мен атеросклерозды емдеуге қолданылады.

Өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерді көкөністерді консервілеуге және азық – түлікті сақтауға, сондай –ақ тұқымдарды ауру жұқпайтындай етуге , өсімдіктер ауруына зиянкестеріне қарсы күреске қолданылады. Ұшпа фитонцидтерді мал тұратын қоралардың ауасын тазарту үшін, дезинфекциялау дәруі ретінде ветеринарияда да и қолдануға болады. Фитонцидтердің емдік ролінің де маңызы аз емес, олар бақтағы ауаны жақсартады, оны биологиялық белсенді оттегімен толықтырады, өйткені, егер оттегі аз ионизацияланса, онда оттегі қажетінше болғанның өзінде оттегінің тапшылығы сезіледі. Фитонцидтердің ықпалымен ауаның бактерицидтігі де артады.