Қазақстандағы болашағы бар дәрілік өсімдіктер

Дәрілік түймедақтар — биіктігі 35 сантиметрге дейін жететін бір жылдық , шөп тектес өсімдік. Тамаыр тік, жіңішке , ашық қоңыр түсті. Сабағы түзу, бұтақтары көп. Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, отырмалы, қауырсын тәрізденіп жіңішке жапырақшаларға тілімделген. Гүл сабағы ұзын, тостағаншасының шеті ақ түсті, ортасындағыларыда түтік тәрізді, сары түсті. Гүл тәжі 5 жапырақшадан тұрады. Жемісі- қоңыр түсті тұқымдар. Май айынан октябрь акйына дейін гүлдейді.

Дәрілік түймедақ шабындықтарда, далалы аймақтарда, егістік араларындағы бос жерлерде өседі. Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алды. Құрамында эфир майлары, гликозидтер, никотин қышқылы, қоймалжың , ащы заттар, каротин және С витамині бар. Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын , ауырған жерлерді тыныштандыратын , денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Сонымен қатар түймедақты қан тоқтатын, микробты жоятын , өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің , қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны,ревматизм ауруына байланысты буындардың сыңқырағанын емдейді.тамқ бездері мен тістің түбіндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшын де пайдаланады. Ол үшін гүлдерінің 4 ас қасығын 1,5 л суға салып 5 минут қайнатып, сүзіп алады. Әуелі шашты жақсылап сабындап жуады да, артынша әлігі тұнбамен шаяды. Содан кейін шаштың әрі қайызғағы кетеді, әрі алтын түстес сары түске боялады.

Тұнбаны былай жасайды: 1 ас қасық кептірілген гүлдерді 1 стакан ыстық суға салып тұндырады да, салқындағаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Етеккір кешігіп келгенде мынадай қоспа жасап пайдаланса, дәрінің тиімділігі арта түседі: түймедақтың гүлдері мен жалбызжапырақтарының әрқайсысынан 4 бөліктен, дәрілік шүйгіншөп тамырының 3 бөлігін алып араластырады. Осы қоспаның 1 ас қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға салып тұндырады да, даяр болған дәріден жарты стаканнан күніне 2 рет ішеді.

Дәрілік шүйгіншөп – биіктігі 1,5 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры қысқа, іші қуыс, тік өседі, қосымша көптеген ұсақ тамырлары да бар. Сабағы тік, сырты сай-сай, мұның да іші қуыс. Тамырынан тікелей өсіп шығатын жапырақтарының сабақтары ұзын, сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары қысқалау, жоғары жағындағылары отырмалы болады. Жапырақтары құстың қауырсыны тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, шеттері ара тісті. Гүлдері майда, ашық қызыл түсті, қош иісті,

Шүйгіншөп өсімдіктің ең жоғарғы жағында шоғырланып түрады. Гүл тәжі бес гүл жапрақшаларынан, ал гүл тостағаншасы бес имек қалақшалардан түрады. Тұқымы – бір шетінде шашағы бар, кішкене ғана сопақша жеміс. Май- август араларында гүлдейді.жемісі июль-сентябрь айларында піседі.Шүйгіншөп көбінесе шабындықтарда, көгалді жерлерде, өзендердің жағаларында, бұталардың арасында, ормандарда, батпақты жерлерде кездеседі.

Өсімдік гүлдеп біткеннен кейін оның жер үстіндегі бөлігі қурай бастайды. Міне, осы кезде оның тамырын жинау басталады. өсімдіктің тамырында эфир майлары, изовалериан қышқылы, алколоидтар бар. Эфир майлары нерв жүйесін тыныштандырады, ұйқыны қалпына келтіреді, бронх демікпесінде, мигрень ауруында, жүрек қатты соққанда, іш қатты түйнеп ауырғанда қолданылса, өте жақсы нәтиже береді. Ол мұнымен қатар жүректің қан тамырларын кеңітіп, ондағы қан айналысын жақсарта алады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған тамырдың 1 шай қасығын 1 стакан салқын суға салып, 6-8 сағат тұндырып қоядыда, сүзып алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Белгілі ғалым Б. Е Вотчальдың тәсілі бойынша дәрілік шүйгіншөпті шай ретінде былай пайдаланады: 10 грамм ұнтақталған тамырды қайнап тұрған 1 стакан суға салады да, стаканның бетін таң атқанша бір ыдыспен жауып қояды. Таңертең сүзіп алады да, стакандағы дәріні бір күні бойы шетінен ұрттап ішіп тауысады.

Өзекті жөке – биіктігі 30 метрге дейін жететін, қара қоңыр түсті жылтыр қабығы бар ағаш. Жапырақтары кезектесе орналасқан, сағақтары үзын, жүрек тәрізді, шеттері майда, ара тісті, ұштары сәл сүйірлеу. Гүлдері ашық сары, кіші-гірім гүл шоғырын жасап түрады. Әр-бір гүл шоғырының жанында қосымша жапырақшалары бар. Жемісі бір-екі

Өзекті жөке тұқымды жарғақша. Жөке ағашы июнь-июль айларында бар болғаны 10-15 –ақ күн гүлдейді. Сондықтан гүлдерін жинайтын уақытты өткізіп алмаған жөн.

Дәрі жасау үшін жөке ағашының гүлдерін қосымша жапырақшаларымен бірге жинап алады. Құрамында эфир майлары, илік заттар, воск, геспиридин, қан, шырыштар, С витамині, каротин бар.Жөке ағашының гүлдерінен жасалған сұлы тұнбалар тер шығарады, денесінің қызуын төмендетеді, микробтарды жояды.

Жөке гүлін халық ежелден-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабынуына қарсы қолданып келген. Бұл үшін кептірілген жөке гүлінің 1 ас қасығын 1стакан қайнап тұрған суға салып, 20минут тұндырады да, шай құсатып түнге қарай ішеді. Халық медицинасында бұл өсімдіктің гүлін ревматизмге, жөтелге, іштің түйнек ауруына да қарсы қолданады. Сонымен қатар жөке ағашы аяқ-қол бұлшық еттерінің тырысуына, бүйрекке тас байлануына, қуықта құм пайда болуына шипа. Дене сыртындағы іріңді жараларды жұмсарту үшін оның бүршіктері мен жапырақтарын пайдаланады. Жөке ағашының жас қабығын қайнатып жасаған шырышпен геморройды, подаграны және күйікті емдеуге де болады. Бас ауырғанда жөке ағашының жас жапырақтарын басу керек.

Сары раушан биіктігі 1метрге жуық, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы жіңішке, тік өседі, жоғарғы жағы бұтақты. Тамырынан өсіп шыққан жапырақтарының сабақтары ұзын, эллипс тәрізді. Сабақтың жоғарғы жағындағы жапырақтары сопақша, отырмалы. Гүлдері алтындай сары, өсімдіктің жоғарғы жағына сыпырғы сияқты шоқтала орналасқан. Сары раушанның орыс тілінде “золотая розга” деп аталатыны да гүлдерінің осындай түсіне байланысты. Бүкіл жаз бойы гүлдеп түрады.

Сары раушан селдірлеу ормандарда, бұталар арасында, тастақты жерлерде, тау етектерінде өседі. Дәрілік мақсат үшіни оның жоғарғы жағындағы бөлігін гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында илік заттар, сапониндер, эфир майлары, алкалоидтар бар.Халық медицинасында сары раушанды несеп айдайтын дәрі ретінде бүйрек қабынғанда, қуыққа, бүйрекке тас байланғанда, денеде ісік пайда болғанда пайдаланады. Сонымен қатар бұл өсімдікпен ревматизмді, подаграны емдейді. Кейде дене сыртындағы жараларға да жапырақтарын кептіріп, ұнтақтап себеді.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған өсімдіктің 6 шай қасығын алып 2стакан салқын суға салады да, 8сағат тұндырады. Дайын болған дәрәні бір күн ішінде ұрттап ішіп тауысады.

Сүйекті аққурай – Псоралея костянковая Сүйекті аккурай – биіктігі 150 сантиметрге жуық,өн бойын ақ түк басқан, жуан тамыры жерге 4 метрге дейін тереңдейтін өсімдік. Жапырақтары дөңгелек, шеттері тісті, екі жағында да көптеген кішкене қара дақтары, сағақтарының түбінде жіңішке келген қосымша жапырақшалары бар. Гүлдері ақшыл көк түсті, сиректеу шашақ тәрізді, ол өсімдіктің жоғары жағында шоғырланып тұрады. Жемісі – бұршақ сықылды сұр түсті дән. Май айынан июль айына дейін гүлдейді. Июль-сентябрь айларында жеміс береді. Гүл тостағаншасы қоңырау сықылды түтікшеге ұқсайды.

Оңтүстік Қазақстанның кейбір жерлерінде бірнеше километр аймақты алып жатқан аққурайлы шөлейт далалар кездеседі. Ол – малды тез семіртетін бағалы өсімдік. Бірақ бұл жерлерде малды өсімдіктің жемісі пайда болғанға дейін ғана жаюға болады. өйткені сүйекті аққурайдың жемісі малдың іш тастауына соқтырады. Сондықтан малшылар бұл кездері малдарын дереу басқа жайылымдарға айдайды. өсімдіктің құрамында стероидты қосылыс – друпацин, псорален, эфир майлары, белок, қант бар.

Сүйекті аққурай

Индияда өсетін аққурайдың басқа бір түрі денедегі ақ таңдақты емдеу үшін бағалы дәрілік өсімдік болғандығына байланысты өзбек ғалымдары елімізде көп кездесетін сүйекті аққурайды зерттеп көрді. Сөйтып сүйекті аққурайды денедегі ақ таңдақты

емдеудегі дәрілік қасиеті Индияда өсетін әлігі өсімдіктен асып түспесе кем түспейтіндігі анықталды. Зерттеу жұмыстары бұл өсімдіктің жемісін тек жаппай піскен кезде ғана жийнап алып пайдалану керектігін көрсетті. Бұл кезде өсімдіктің құрамындағы дәрілік заттар барынша көбейеді екен. Сүйекті аққурайдан алынған псорален атты дәрі аптекаларда сатылады.

Самалдық шөп – биіктігі 1 метрге жуық, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі әрі қысқа, ұштары сүйір, шеттері бүтін, жоғарғы жағында қара қоңыр дақтары бар, бұтақтары көп, жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гулдері ақ немесе қызғылт түсті, 5 гүл жапырақшадан түрады, жапырақтарының куысына масақша тәрізденіп шоғырланған. Жемісі – жұмыртқа сықылды қара түсті жылтыр жңғақша. Июнь-сентябрь ацларында гүлдейді.

Самалдық шөп өзендердің, арықтардың жағаларында, ылғалды жерлерде, арам шөп ретінде егістік жерлерде өсе береді. Дәрі жасау үшін оның жер бетіндегі бөлігінің жоғарғы жағын гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында К витамині, флавонды гликозидтер,эфир майлары, қоймалжың, илік заттар, С витамині бар. өсімдіктің қан тоқтататын, несеп айдайтын, іш жүргізетін қасиеті бар. Етеккір көп келгенде, геморрой түйіндерінен, жатырдан қан кеткенде оны тоқтату үшін қрлданылады. Әелдердің ақ етеккірінің келуін, бүйректің ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Бас ауырғанда кісінің желке тұсына өсімдіктің жас шөбін басуға болады. Дене сыртындағы жаралардың жазылуын тездету үшін майдәрі жасап та пайдаланады.

Дәрі дайындау және қолдану тәсілі. Самалдық шөптің ұнтақталған шөбінің 1 ас қасығын 1 стакан қайнап тұрған суға салады да, 15 минут тұндырады. Дәріні сүзіп алып екіге бөледі де, бір күнде тамақтан кейін екі рет ішіп тауысады. Емдеу мерзімі 3 апта. 2 литр суға өсімдіктің кептіріліп ұнтақталған 2 уысын алып 15 минут қайнатады да, 1 стакан ыстық сүт және 1 ас қасық крахмал қосып, бұлау жасап пайдаланады. Ваннаға жату ұзақтығы 15 минут. Күн сайын немесе күара қабылдап, 1-2 айға дейін емделеді.