Табиғи өсімдіктер. Табиғи өсімдіктер қорын тиімді пайдалану

Қара сексеуіл – ең шөлге тән өсімдік, Қазақстанда кездесетін сексеуілдің үш түрінің нағыз ағаш болып табылатын түрі. Құмдардың арасындағы сортаң жерлерде, сұр түсті топырақта және тақырда тіпті, барлық шөл зонасында – солтүстік Үстірттен Алакөлге дейінгі аралықта өседі. Сексеуілдің ең жақсы шіліктері Шу, Іле өзен аңғарларында , Сырдарияда (Алматы, Жамбыл, Қызылорда). Қолайлы жағдайда ағаштың биіктігі 10 м-ге дейін жетеді. Діңі қисық, қатты бұтақтанған, қабығы қою сұр түсті, кәрі ағаштардың диаметрі 50-70 см-ге дейі жетеді. Жас бұтақтар жіңішке ашық сұр. Бір жылдықтары жасыл, шырынды шөптесін. Үлкен ағаштардікі төмен салбырап тұрады. Сексеуілді көлеңкесін түсірмейтін ағаш деп атайды. Жапырақтары толық жетілмеген, түрі мен пішіні қарама-қарсы орналасқан төмпешіктерге немесе доғал қабыршақтарға ұқсас. Жасыл түсті жас бұтақшалар ассимиляция қызметін атқарады. Гүлдері ұсақ қос жынысты 5 мүшелі тостаған тәрізді гүл жапырақтарына бір-бірден орналасқан. Гүл серігі пленка тәрізді, өспей қалған жапырақша күйінде аталықтың жіпшелері гүл серігінен шығады түйіні қысқа тіпті отырыңқы тозаңқапты. Сексеуіл сәуір-маусымда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі дөңгеленген гүлсеріктің жапырақтарынан жетілген, пленка тәрізді қанаттарымен жерге түсе сала желдің ықпалымен дөңгелеп аналық өсімдіктен алыстай береді. Тек тұқыммен емес көбінше вегетативті түрде көбейеді. Сексеуілден бағалы отын алады. Бұл ағаштың діңін кесу өте қиын. Сексеуіл 30-60 жас тіршілік етеді. Сексеуілдің тамыр жүйесі 10-11 м-ге дейін тереңдікке кетеді.

Қызыл жүзгін (тарандар тұқымдасы) – Қазақстанда кездесетін 20 түрдің ішіндегі ең танымал түр, үйінді құмдар мен құмды шөлдерді мекендейді. Солтүстік Каспий маңынан Балқаш-Алакөл ойпаттарынан, Қызылқұм шөлдеріне дейінгі аралықта кең тараған. Бұл бұта биіктігі 1-2 м, қызғылт немесе қошқыл қабығымен ерекшеленеді. Жас бұтақтары бір жылдық қалың жасыл ұсақ мүшелерге бөлінген. Жапырақтары ұсақ жұқа пленка тәрізді қабыршақ, сондықтан фотосинтез қызметімен басқа да шөлде өсетін өсімдіктерде бір жылдық бұтақтары атқарады. Гүлдері қос жынысты, ұсақ екі қатарға орналасқан, гүл серігі кең, 5 бөлікке бөлінген, жиегі ақ жолақпен көмкерілген. Ол көп шірне бөледі. Сондықтан гүлдеу мерзімінде (сәуір-мамыр) өсімдік түбінде топ тобымен жүреді. Жемістері едәуір үлкен, диаметрі 1,5-2 см, шар тәрізді қабырғалы, жарғақ қанатты жаңғақтар. Маусым-шілде айларында пісіп жетілген жеміс табанынан ажырайды да желдің көмегі мен құмды топырақта дөңгелей жөнеледі, кейде ұзап кетеді. Әлі пісіп жетілмеген жемісі жеуге жарамды қышқылдау жасыл алманың дәміне ұқсас, сондықтанда шөліңді қандырады. Олар лимон қышқылының көзі болып табылады. Піскен жемістерінің құрамында 7 пайыз бояғыш заттар кездеседі.

Қызыл жыңғыл (жыңғылдар тұқымдасы) – Қазақстанда өсетін жыңғылдардың 10 түрінің ішіндегі ең көп тарағаны. Ол солтүстік алқаптармен таулы Тарбағатай және Алтай, Батыс Тянь-Шань қыраттарында кездеседі. өзен көл жағалауларында құмды және саз далаларда және шөлдерде, сортаң жерлерде, орман тоғайдларда өседі. Бұл бұта немесе кішкене ағаш. Биіктігі 3-5 м, қарасұр қабықты және қызғылт жылдық өркендерімен. Жасыл өркендердегі жапырақтары ұсақ қылқан жапырақтыларға ұқсас, ұшындағы тығыз гүлшоғыры шашақ ұзындығы 3-5 см және ені 0,5 см. Гүлдері ұсақ қос жынысты, 5 мүшелі, қысқа гүл табанына орналасқан. Ұзындығы 1 мм-дей онша байқалмайтын тостағаншалы желектері аздап үлкендеу. Гүлдеу мерзімі кезінде рюмка тәрізді күлте түзеді, жеміс берген кезде де түспейді, бұл осы түрдің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жаңа гүлшоғырының пайда болуының есебінен гүлдеу мерзімі мамырдан қазанға дейін ұзаққа созылады. Гүлдеп болған шашақтарда жемістер біртіндеп пісіп жетіледі, жемістері пирамида тәрізді, үш қырлы қауашақ. Тұқым саны көп ұсақ (0,5 мм), бас жағында тінді, тігінен бастап ұзын түктермен жабылған. Гүлдеу мерзімінің ұзақ уақытқа созылуы гүлдерінің түсінің әртүрлілігі (күлгін, сия көк, кейде ақ) түрге айналады. Өсімдіктің барлық мүшесінің құрамында бояғыш заттар бар, тері өңдеуде қолданылады. Қабығынан сары бояу, ал жасыл түсті бұтағынан қызыл қошқыл бояу алынады.

Қызыл жыңғылды медицинада гүлдері, жапырақтары, қабығы және бұтақтары ревматизм, асқазан, ішек және басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Иранның кейбір аудандарында астың дәмін келтіретін зат ретінде қолданылады.

Тамыр жусан (күрделігүлділір тұқымдасы) – Қазақстанда кездесетін 80 түрдің ішіндегі жиі кездесетін түрі. Барлық шөлді аймақтың өсімдіктер бірлестігінің басым түрі болып табылады. Биіктігі 30 см, бұташық, шашақ тамырлы, көптеген жеміс бермейтін және жеміс беретін өркендермен мықты түп құрайды. Жеміс бермейтін өркендердің және төменгі жапырақтары ұсақ, қысқа сабақты қандауыр тәрізді бөліктермен екі қайтара тарамдалған, қысқа (2-3 мм). Гүлдейтін өркендерінің сабақтары жіңішке, ұшжағы бұтақтанған, үлкен босаң сыпыртқы. Себеттері ұсақ биіктігі 3-5 мм, гүлдер саны 3-5 қос жынысты, түтікті ұшжағында 5 тісті және 5 аталығымен. Гүлдерінің түсі сары күзде гүлдейтін түрі (тамыз-қазан), күзде кеш жеміс береді, жемістері ұсақ дәнегі қанатсыз. Тек тұқыммен көбейеді. Тамыр жусанның құрамында белок, көмірсу, май бар. Күзде, қыста және ерте көктемде малдар сүйсініп жейді.

Жуашықты қоңырбас (астық тұқымдасы) – бүкіл Қазақстанда кездеседі. Далаларда және шөлдерде, құмда және сазда, жазықтарда кездеседі, таудың құрғақ беткейлерінде, кейде альпі белдеуіне дейін көтеріледі. Бұл көп жылдық биіктігі 30-50 см. Онша үлкен емес түп құрады. Сабағының төменгі жағында пиязшық тәрізді жуан бөлігіне қор жинайды, соның есебінен ерте көктемде өсіп жетіледі. Жапырақтары қысқа, жіңішке таспа тәрізді, гүлшоғыры қою шашыраңқы, сопақша сыпыртқы пішінді. Қазақстанда бұл түрдің екінші түрі өседі. Гүлдің орнына мұнда бүршік жетіледі. Гүлдерінің қабыршақтары төменгі жағы ұзарып, жуандап пиязшыққа айналады. Жаңбырлы жылдары пиязшықтан өсіп өну әдетте өсімдік қурап қалғанға дейін болады. Мұндай жағдайда жас өсімдіктің жапырақтары жан –жаққа шашырап қалатындықтан, қоңырбастың гүлшоғыры жалбырап көрінеді. Мамырдың аяғында маусымда аналық өсімдік қурап қалады және пиязшықтарын жерге тастайды. Олар желмен тез таралады және күздің алғашқы жаңбырынан кейін ақ өне бастайды. Пиязшықты қоңырбас төзімді өсімдік топырақтың сортаңдығына, тастақты топыраққа төзеді. Химиялық құрамы бойынша жақсы мал азығы ретінде бағаланады.