Шикізат өсімдіктерін игеру. Қозаның зиянкес жәндіктері және аурулары

Мақта өсімдігін әр түрлі әрі көптеген организмдер, шыбын-шіркейлер, кене, т.б. омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганизмдер – уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді. Қозаның басты зиянкестері — өрмекші кене, бақша, акация, мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т.б. түрлері болып табылады. әр жылдары бұлардың әр түрі көбейіп қаулап кетеді. Мысалы, 1998 жылы мақта көбелегінің күрт көбеюі өнімге зор нұқсан келтірді.

Қоза көктеп шыққаннан толық пісіп жетілгенге дейін бүкіл өсімдік дамуы кезеңі бойында әртүрлі зиянкестерден зақым көре береді. Өсімдік дамуының алғашқы кезеңінде-ақ яғни өне бастаған тұқымы мен бүр жарған өскінін күздік көбелек зақымдап үлгереді. Зиянкестер ауыз аппаратының құрылымына қарай өсімдіктің сөлін сору арқылы немесе жапырағын, бұтақшаларын, көсек салушы органдарын кеміріп қоректенеді.

Сорушы зиянкестерге мыналар жатады:

Өрмекші кене – бунақ аяқты уақ жәндік. Ересек ұрғашысының ұзындығы 0,3-0,6 мм, еркегінің ұзындығы 0,2-0,3 мм. Ұрғашысының денесі жұмыртқа пішіндес, ал еркегі сына секілді болып келеді. Жазда сарғыш жасыл, күзде салым-қызғылт сары қызыл, қысқа қарай қызыл-қоңыр түске енеді. Бүйірінде екі қара қоңыр дағы бар. Ересек кенелердің 4 жұп аяғы, личинкасының 3 жұп аяғы болады. Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап оның сөлін хлорофилл дәндерімен қоса сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады. Кене мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға тамызда жақындаса 5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бұтталар мүлде өнім береді. Өрмекші кене өте тез өніп өсіп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде жағдай қолайлы болса, 100-140 күнде жұмыртқа салады, кейде мұнанда көбейтеді. Екі-үш күннен кейін жұмыртқадан 6 аяқты қуырщақ кене шығады. Ұзындығы 0,1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін-ақ жетіліп қалады. осыдан соң қуатына еніп ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенеге айналады, ал ұрғашылары жұмартқа салады. Өрмекші кененің бір ұрпағының жазда өсіп жетілуінің жалпы ұзақтығы 8-12 күн, ал көктем мен күзде 15-20 күн. Бір маусымда кене оңтүстік аймақ облыстарында 18-20 мәрте, ал солтүстік аймағында 12-15 ұрпақ өрбітеді. Ұрықтанған ересек ұрғашы кенелер күзде өздері өсіп өнген алқапта топырақтың үстіңгі қабатында, көсек, өсімдік қалыптары, тұт ағаштарының қуыстары мен жарықтарында, жапырақ шөгінділерінің астында қыстап шығады. Оларға аязға өте төзімді келеді. Ылғалды жерлерде 25 0 суықтың өзінде ұрғашы кенелердің жартысына дейін аман қалады. Олар аяз температурасы 29-300-қа жеткенде қырылып қалады. Ерте көктемде күн 5-100 жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып төңірегіндегі арам шөптерге ауысады да үйір-үйір болып ауысады. Кене ауа ағыстарымен, желмен, сумен таралады. Кенені жоюға бірқатар пайдалы жәндіктер құрт-құмырсқалар қатысады. Олар стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс және жарқырауық зерқоңыз. Мысалы, кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50 жұмыртқасы мен личинкасын, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге дейін жеп таусытады. Өрмекші кенеге қарсы тиімді күресудің жолы оларды қыстаған жерін жою болып табылады. Бұл үшін жатқан жерлерді жыртады, егістік жерді тегістейді, ауыспалы егіс жүйесін ендіреді.

Қозаның аурулары – мақта шаруашылығында неғұрлым кең тараған әрі қауіпті аурулары – солма, гоммоз және тамырдың шіруі болып табылады. Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар туғызады. Гоммозды бактериялар туғызады. Солманың қоздырушысы топырақта тіршілік ететін вертициллиум далиэ саңырауқұлағы.

Тамыр шіруі – бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақ түтікшелері қадалған тінде ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да құрғап қалады. тамыр шіруі ауруының өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыр шіруіде мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мұндай жылдарда қозада әлжуаз болып саңырауқұлақтар мен бактериялардың жегісіне оңай ұрынады. Әсіресе өніп шығу қасиеті аз, сапасыз шиттің өскіндері, тамыр шіруі ауруларына тез ұшырайды. ауруға қарсы күресу шаралары – егістік жерді тегістеу, тамыр шіруі су жайылатын тұстарда көбірек белең алады, минералдық тыңайтқыштармен ерте қоректендіру.

Гоммоз – бұл мақтаның кең тараған ауруы. Ол қозаны өсіп жетілу кезеңін зақымдай береді. Гоммоздың белең алуына әсіресе көктемнің суық әрі жаңбырлы болуы, мезгілсіз жаздағы жаңбырлар. Гоммоз шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын және жас көсектерді зақымдайды. Шит жарғақтарында әр түрлі көлемдегі жарық дақтар пайда болады. Жапырақтарына талшық жіптері арқылы сабақтарына таралып, сопақтау келген майлы дақтар пайда болады.

Солма – бұл өте қауіпті ауру қатты белең алса, өнімнің 50 пайызын жойып жібереді. Солма шит жарғағы ашылуынан бастап өсіп жетілуі кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді, әсіресе ересек өсімдіктердің түйнектеу кезінде содан соң жапырақтарда ашық-жасыл біраздан кейін сары дақтар байқалады. Дақтар дөңгелдек немесе бұрыштылау болады. Солма ауруы тамыз-қыркүйек айында белең алады. Бұнымен ауырған өсімдіктер 2-3 күнде солып қалады, жапырағы сарғайып, салбырап қурап қалады. Ауруға қарсы күресу: мақтаның төзімділігі жоғары сорттарын өсіру, өсімдік қалдықтарын қозапаяны жойып отыру, шитті себер алдында химикаттармен дәрілеу.

Қозаның жапырағын түсіру

Кальций цианамиді — бұл қарасұр ұнтақ. Оның құрамында 50-55 пайыз таза кальций цианамиді, 17-19 пайыз азот, 1,5 пайыз минералды май, 0,2 пайыз кальций карбиді бар. Ұзақ уақыт сақталған және ауа еркін келіп тұрған жағдайда кальций цианамиді ыдырайды да жапырақтарды қуратып түсіреді. Егер жауын-шашын тисе жарамсыз болып қалады.

Магний хлораты – кристалды, түйіршікті сары түсті ұнтақ. Оның құрамында 58-66 пайыз магний хлораты, 30 пайыз натрий хлораты, хлорлы калий, магний сульфаты мен кальций қоспасы бар. Магний хлораты суда жақсы ериді. Ауа еркін келіп тұрса, өзіне ылғал тарта береді. Сондықтан құрғақ қоймаларда ауа өткізбейтін ыдыста сақтау керек.

Кальций хлорат-хлориді – тұздарының ақ сары түсті сулы ерітіндісі, құрамында 32 пайыз хлорлы кальциймен 28-29 пайыз кальций хлориді бар. Кәдімгі жағдайда судан 1,5 есе ауыр. Жақсы ериді, ылғал тартқыш.