Қан аққанда алғашқы дәрілік көмек көрсету

Қан кету-жара әтте асқынып кеткен жағдаида адам әміріне аса қауіптті құбылыс.

Зақымданған қан тамырларынан қанның шығуы қан кету деп аталады.

Қан тамырларының зақымдануы сипатына қарай ққан кеттудің артериялық, веналық, капилярлық, паренхиматоздық түрлері болады.

Артериялық қан кету-қан түсінің алқызыл болуы қанның лақылдап шапшаң ағуы.

Веналық қан кету-қошқыл түсті қан толассыз ағады және шапшаң ағуы байқалмайды.

Капилярлық қан кету-ұсақ қан ттамырларынан қан кетткенде байқалады.

Парренхиматоздық қан кету-бауыр,талақ,өкпе, бүйрек мүшелері зақымданғанда қан кетеді.

Ішке қан кеткенде ткандерге дене мүшелеріне немесе түрлі қуыстарға қан құйылады. Сондықтан қан құйылу деп аталады.Қан ткандерге құйылып сіңіп, инфильтрат немесе қанталау деп аталады. Кішкене ісік пайда болады. Ткандерге біркелкі сіңбей жылжыпақандықтан қуыстарға толып томпаяды. Олар гемотома деп аталады. Қансырап бір – екі литр қаннан айрылғанда, әсіресе дене бірнеше жерден жарақаттанғанда зақымданғн адам өліп кетуі мүмкі. Артериялық қан өте қауіпті. Ол сыртқа кеткенде жгут немесе бұрау салып, аяқ қолды барынша бүгу, зақымданған жеден жоғарғы артерияны саусақпен басу арқылы, қанды уақытша тоқтатуға болады. Күре тамырды басу керек. Артериялық қан кету кезінде қанды уақытша тоқтатудың қолайлы әдісі артерия сүйекке жақын немесе сүйек үстіне орналасқан қан тамыры бар жерден саусақпен басу керек. Бастағы жарадан қан кеткенде құлақтың алдыңғы жағынан самай артериясын бас бармақпен самай сүйкке қысып басады. Беттегі жарадан қан кеткенде төменгі жақ сүйек артериясын басбармақпен шықшытты қатты қысады. Күре тамырды мойынның алдыңғы бетінен көмейдің бүйірінен омыртқаға қарай басады. Кейіннен бинт, салфетка немесе мақтаны зақымданған артерияға тығыз етіп шиыршықтап аслып қысып таңады. Қолтық астынан қан кеткенде бұғана артериясынан бұғана үсті шұңқырындағы бір қабырғаға қысады. Балтыр немесе аяқ басы маңына орналасқан жарадан артериялық қан кеткенде қылта шұңқырындағы қылта артериясын басады. Ол үшін тізенің үстіне басбармақты тіреп қалған саусақтарымен артерияны қысып ұстайды.