Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар

Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері және себептері.

Техногенді сипаттағы төтенше жағдай—деп адамдардың өз қолдарымен жасалып жатқан апаттар мен қирауларды айтады.

  • Өндіріс орындарында болатын апаттар (зауыттарда, шахталарда және т.б.)
  • Көлік жүйесіндегі апаттар.
  • Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орындарында, мұнай, газ құбырларында, энергия жүйесінде, комуналдықжүйе)

Себептері: Ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, құрылыс, тау-кен байлығын өндіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр, бұндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен экологиялық апатқа әкелі-соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техникалық және технологияны материалды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды міне осы сияқты қажеттіліктердің саладрынан апаттың болу қауіпі туындайды. Мысалы: 1971 жылы Минск теле-радио заводында жарылыс болып, өндіріс орыны қирап, адам шығынына ұшыратты. 1986 жылы Чернобыль атомдық станциясында ірі жарылыс болып, үлкен апат болғаны белгілі.Апаттың тағы бір өте қауіптілігі — күшті улы заттардың ауаға тарап кетуі.

Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:

  • Ядролық бомбаны, жарылғыш заттардың сұйық отынны, газдың жарылыстарынан туындайтын соққы ауа толқыны.
  • Жарылыстардан жарықшақтардың сынықтардың пайда болуы әрі оның үлкен аймақты қамтып үлкен зардап әкелуі неғұрлым жарылыстың қуаты күшті болса, соғұрлым оның экономкаға, қоршаған ортаға, адамдарға және экологияға әкелетін зияны зор ьолады.

Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.

Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан—жануарларды , өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады. Улы заттектер жаппай қыру қаруларының біріне жатады.

Улы заттпен зақымданудың бірнеше ерекшелшіктері бар:

  • Аз уақыт ішінде жаппай улауға болады.
  • Ауа жер кеңістігінде үлкен аумақты улай алады.
  • Аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді.
  • Әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда сақталуы мүмкін.

Улы заттармен зақымданудың жолдары.

  • Уланған аумен демалғанда .
  • Улы тамшылардың теріге не көзге тиюі.
  • Уланған заттарды ұстағанда.
  • Уланған азық-түлікті не суды пайцдаланғанда.

Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.

Ви-икс –газдары. Аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі иісі болмайды, суықта қатпайды, суда баяу ериді—5 , ал органикалық еріткіштермен майларда жақсы ериді. Адамның терісіне тыныс жолдары, киіміне сіңуі арқылы уландырады. Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қыста күні 2-3 айға дейін сақталынып улайды .

Зарин. Бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездеседі, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Адамның терісіне , киіміне тезсіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәліке сақталады. Осы тәріздес улағыш заттың бірі—Зоман. Қорғаныс жолы : теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, арнайы баспаналарға жасырыну.

Иприт. Теріні күйдіріп іріңдететін улағыш зат. Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Адамның терісін 2-3 сағатта қыздырады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады. Адам иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да тез арада өкепесі қабынып, ісініп тынысы жарылып адам тұншығып өледі.

Қорғаныс құралдары: Противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.

Синиль қышқылы бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы -14°С , адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.

Фосген—тұншықтырғыш улы зат (газ). Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланаған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 минут, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады.