ӨСҚ қамтамасыз етуін үйымдастыру

0

“Өмір тіршілік қауіпсіздігі” курсының теориалық негіздері.

Негізі:

  • Адам жерде пайда болғаннан бастап, ылғи өзгеріп отыратын қауіп пен қатердің арасында өмір сүріп келеді, ылғи адамның іс-әрекеті мен тіршілігі әрқашанда қауіпте:
  • Қауіп-қатер адам өміріне, оның денсаулығына ылғи да зиянын тигізеді (жүйке ауруы, жарақат, ауру, өлім ) яғни мемлекеттің, жалпы қоғамның алдында адамдарды қорғау міндеті тұрады.
  • Толық қауіпсіздік болмайды, әрқашан белгілі бір қауіп қалып отырады, сондықтан, қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысы деңгейде болуы керек.

   Өмір-тіршілік қауіпсіздігі курсының негізгі мақсаты:

  • қауіп – қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.
  • болғалы тұрған қауіп-қатердің алдын алу.
  • Қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

Қауіпсіздік – бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқаруы керек.

1-ші міндет – нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификациясы). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек.

– Өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау қауіп тудыратын, іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.          

       2-ші міндет – адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.

       3-ші міндет – осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық тәуелсіздік орнату мүмкін емес.

                   Қауіп – қатердің көздері деп

  1. Адамның өзі
  2. Өмір сүру ортасының элементтері
  3. Адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері.

                      Өмір сүру ортасындағы қауіп-қатердің көзі мен деңгейі.

Адам өмір ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқасында, техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп-қатер туғыза бастады. Сонымен адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады.

  • қорғау объектісі ретінде
  • қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде
  • қауіп-қатердің көзі ретінде

Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп-қатері.

Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.

Өмір сүру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсер ететін факторлар.

  1. Атмосфералық ауа.

 Бұл ғаламшардың (планета) өмірі жердің азоттан, оттегімен, көмір қышқыл газымен, гелиден тұратын газ қабаты.

Биолоиялық процесс үшін оттегінің маңызы зор. Ал көмір қышқыл газы фотосинотез процесі үшін маңызы зор. (өсімдіктер үшін). Адам О2    тыныс алады. 2-3 минут ғана тыныс алмауы мүмкін. Әрі қарай шыдай алмайды. Тамаққа шыдауы мүмкін, бірақ оттегімен тыныс алмауы шыдай алмайды.

      Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына:

  • өнеркіәсіп орындарының кейбір салалары
  • автоклік
  • жылу энергиясы жатады

Ең көп тарайтын улы заттар – углеводтың оксиді (СО) күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиді (NO) көмірсутегі, қатты заттар (шаң). Осы күндері атмосфераға   500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге  ұлғаюда.

Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы.

Екі түрі бар.

  1. Түтіннен немесе өндірістік газдың қалдықтарынан құралған қалың туман.
  2. фотохимиялық смог – өткір газбен аэророзольдің қою тумансыз жиынтығы

Фотохимиялық смог 1940 –шы жылы жылдарда Лос-Анджелс қаласында байқалған, қазірде планетамыздың барлық дерлік бұрыш-бұрыштарында көрінеді.

Қышқыл жаңбыр – соңғы   100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. “Қышқыл жаңбыр” деген атты бірінші қолданады. Негізінде қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосфералық химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4)  және азот (HNO3)  қышқылдары түзіледі.

          Хлор мен азот қосындылары озондық қабыққа немесе ауаға көтерілуінің негізгі көздері.

  • ұшақтардың шығаратын газдары
  • зымырандардың шығаратын газдары
  • вулкан газдары
  • фреонды пайдаланатын технологиялар
  • атом жарылыстары.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here