Желімді бояулар

Бірінші типтегі бояулар

Бірінші типтегі бояулар-шамасы, ең ежелгі бояулар. Оларды әзірлеу үшін біздің ата-бабаларымыз суға еритін полимер болып табылатын жұмыртқа ағын, кейіннен “ағаш желімі” деп аталған мал желімін, бірқатар өсімдіктердің шайырларын пайдаланып отырған.

Қазіргі кезде бірінші типтегі сулы бояулар көпшілік қолданудан қалған. Ал бұл бояулар тек арзан ғана емес, сонымен бірге зиянсыз, тез кебеді, қажет бола қалған кезде оңай қалпына келтіруге болатын бу өткізгіш жамылғы түзеді- олар, қазіргі тілмен айтқанда, жөндеу жұмыстарын жүргізуге өте жарамды. Сондықтан біз біраз уақыт өткеннен кейін магазиндердің сөрелерінде алуан түрлі сулы бояулар толып тұратынына сенімдіміз.

Ағартқышты және колерді әзірлеу

Ақ түсті сулы бояуды ағартқыш, түсті бояу колер деп атайды. Борға суды қою паста түзілетіндей мөлшерге жеткенше аз-аздан құйып отырады. Бұл пастаның жарамдылығын былайша тексеруге болады. Терезе әйнегінің сынығына ағартқыштың бір тамшысын жағады да оны тік қояды. Егер тамшы әйнектің бетімен бар-жоғы 20-30мм ғана ақса, онда қоюлығы ойдағыдай деп есептеуге болады.

Бұдан кейін ағартқышқа ультрамариннің суспензиясын қосады, ол үшін оны 100г суға сеуіп, сүзеді капрон және ағартқышқа қосады.

Ультрамарин ағартқышқа борда болуы мүмкін сарғыш түсті бүркемелеу үшін қажет. Қабырғаға жағылған ағартқыш кепкен соң жұқпас үшін ағартқышқа полимердің сулы ерітіндісін, ағаш желімін қосады.

Колерді де дәл ағартқыш сияқты әзірлейді, тек бордың орнына түрлі-түсті пигмент пайдаланады.

Грунтовканы әзірлеу. Грунттау

Ағартқыш пен колер сылақтың алдын-ала әзірленбеген бетіне қиындықпен жұғады: оларды жағу да қиын әрі бояу қабатының жабысу беріктігі онша емес. Ағартқыш пен колерді жағуды жеңілдету, сондай-ақ олардан қалыптасатын бояу қабаттарының жабысу беріктігін арттыру үшін сылақты күкірт қышқылды грунтовкамен бояп шығу қажет.

Грунтты қабырғаға қыл щеткамен қайтара жағу әдісімен, яғни қыл щеткені тік және көлденең жүргізе отырып жағылатын бетке қатты ысқылай отырып жағады.

Грунтовка әдеттегі температурада 1 тәулік ішінде кебеді, одан кейін мұнан пайда болған грунтке ағартқышты немесе колерді жағуға болады.

Алайда бояр алдында сылаққа грунтовка жағып шығумен көбіне шаруа біте қоймайды. Әрқашанда дерлік сылақты жөндеп шығу міндеті тұрады, өйткені сылақ онша жаңа болмаса, жарық түседі, бүлініп көшеді.

Сылақты жөндеу

Егер сылақ әк-құм қоспасымен жүргізілген болса, онда оны нақ сондай қоспамен жөндеу керек. Оларды қою әкпен құмды 2:4-6 ара қатынаста араластыру жолымен әзірлейді. Әктің баяу қататыны белгілі, сондықтан көбіне шыдамсыз сылақшылар бұл қоспаға алдын ала сумен араластырып әзірлеген қою гипстің бір бөлігін қосады.

Әк-гипс қоспасы өте тез, бірнеше минуттың ішінде қатады, сондықтан оны толық қатқанға дейін жағып үлгеретіндей аз мөлшерде дайындаған жөн.Әк-гипс қоспасының жылдам қатуын оның қатуын баяулатқыштарды-ағаш желімін, сабынды, синтетикалық жуғыш заттарды және басқаларды қоса отырып төмендетуге болады.