Бояу түрлері

Бояу түрлері

Әуелі тұрмыста бояу деп аталып жүрген негізгі терминдерді қарастырып көрейік. Бұл жерде басты ұғым- лак-бояу материалын (ЛКМ)-сұйық немесе ұнтақ қоспасын осылай атайды, мұны тиісті технологиялық операциялар арқылы қатты дененің бетіне жаққанда оған жабысып қалатын қатты пленкаға айналдыруға болады. Мұндай пленканы лак-бояу жамылғысы (ЛКП) деп, ал қатты денені-субстрат немесе төсеніш деп атайды.

Лак-бояу материалының (ЛКМ) лак, бояу, эмаль, грунтовка, шпатлевка, ұнтақ бояу деген алты түрі бар.

  1. Лак- еріткіш буланғаннан кейін субстраттың бетінде біртегіс мөлдір жамылғы түзейтін заттың ерітіндісі. Кейбір полимерлерде мұндай қасиет болады, оларды пленка жасаушы немесе түзуші, не байланыстырғыш деп атайды. Көптеген полимерлер үшін еріткіш-органикалық сұйық, ал кейбіреулері үшін еріткіш-су болып табылады.
  2. Бояу — олифтегі, синтетикалық полимерлердің сулы шашырандысында немесе табиғи полимерде, мысалыға, казейнде болатын қатты бөлшектер суспензиясы. Ұшатын компоненттерінің жойылуы немесе химиялық реакциялар нәтижесінде қатты зат бетіндегі жұқа қабатты бояу жамылғыға айналады, ал бұл жамылғының түсі әдетте, ашық түсті болмайды әрі жылтырамайды да.
  3. Эмаль- Бояуға ұқсас лак-бояу материалы. Бұлардың арасындағы айырмашылық сол, эмаль синтетикалық немесе жасанды полимер ерітіндісіндегі толықтырғыштар мен пигменттердің суспензиясы болып табылады. Эмальдан түзілген жамылғы жылтырап тұрады да әдетте, бояуға қарағанда анағұрлым қатты болып келеді. Бұл материалдың атауы оның жамылғысының шыны эмальмен- бізге кастрюльдермен тұрмыстық ванналардың бетіне жағылған, өзімізге белгілі металл бетіндегі қабатпен сырттай ұқсастығына байланысты шыққан.
  4. Ұнтақ бояу- ұнтақ тәрізді пленка түзейтін заттан, пигменттен толтырғыштан тұратын қосынды. Егер бұл қосынды нендей бір майда заттың бетіне ерітіп жағып содан соң кептірсе одан да жамылғы түзіледі. Ұнтақ бояулардың бірқатар артықшылықтары бар, сондықтан ол пайдалы, сондай-ақ оның болашағы да зор.
  5. Грунттау- беріктігі өте жоғары жамылғы түзейтін бояу немесе эмаль. Грунтталған жамылғыға лак-бояу материалдары субстратқа қарағанда жақсы жабысады. Бұдан грунттаудың кейін бірнеше қабат бояу жағылатын алғашқы қабатты қалыптастыруға қызмет ететінін байқауға болады. Демек кейін боялатындықтан грунттаудың әдемі болуы шарт емес.
  6. Шпатлевка- бұл да әдетте сол бояу мен эмаль сияқты құрамнан, бірақ мөлшерлік қатынасы басқаша компоненттен тұратын қою, тұтқыр қосынды, ол заттың бетіндегі кедір-бұдыр жерлерін толықтырып, тегістеуге арналған. Басқа лак-бояу материалдарына қарағанда шпатлевканы заттың бетіне бір-ақ рет қалың қабат етіп жағуға болады. Сонымен бірге, шпатлевкамен жасалған жамылғы бояу мен эмальды жамылғыға қарағанда, жылтыратуға, тегістеуге оңай.

Лак-бояу материалдарының құрамдары

Жоғары да атап өткеніміздей, лак-бояу материалы бұл жеке дара химиялық зат емес, қосынды, яғни, бірнеше әдетте көптеген құрамды бөліктерден- компоненттерден тұратын қоспа болып табылады.

Кез-келген лак-бояу материалының негізгі компоненті пленка түзетін зат. Ол қатты дененің бетіне жақсы жабысады және айтарлықтай берік пленка түзеді.

Лак-бояу материалының екінші бір негізгі компоненті бояйтын агент, яғни жамылғыға қалаған түс беретін зат. Бояйтын агенттерді бояғыштар және пигменттер деп екі топқа бөледі.

Бояғыштар-органикалық синтетикалық, әдетте қанық боялған заттар, бұл заттар пленка түзушіде жақсы еріп, оны бояйды. Дегенмен олар жамылғының мөлдірлігін жоймайды. Бояғыштарды лакке ғана қосады.

Пигменттер-бұл қанық боялған табиғи немесе синтетикалық заттардың ұнтақтары, бұлар пленка түзушіде еріген кезде оны бояйды және мөлдірлігін жояды.

Әдетте, лак-бояу материалдарының үшінші компонентіне-толықтырғышты-көбінесе ақ түсті минералды ұнтақты, мысалы бор мен тальк ұнтағын қосады.

Лак-бояу материалға төртінші компонент-еріткіште өте жиі қосылады, бұл әдетте бояудың тұтқырлығын кемітіп бояудың жұққыштық қасиеттерін арттыратын органикалық сұйықтық.