Тоқыма бұйымдары және оларды жуу

Сабынмен және сабынды препараттармен жуу

Суға салып қойғаннан кейін киімді жуа бастайсыз. Егер құбырдың суы кермек болса, онда жаңбырдың суын немесе жұмсартылған суды (10л жылы суға 3,5г) кір жууға пайдаланылатын сода салып дайындайды немесе бүк не еменнің, жүгері мен күнбағыстың күлін пайдалану керек. Судың температурасы 650С –тан аспауы керек.

Кір жуатын сабын жақсы кепкен болуы керек. Оны үгіткішке үгіп немесе жұқалап, майдалап кесіп суға ерітіңіз. 1кг құрғақ іш киімді жууға 7-8л жұмсақ суға ерітілген 35-40г сабын қажет. Ерлер көйлегінің қатты кірлеген жерлерін сабынмен екі-үш рет сүртіңіз. Кіршең жерлерді арнайы тақтада немесе щеткамен жуу керек.

Көрпе тыс, жастық тыс ағаруы үшін, қайнатып алған жөн. Ол үшін әрбір 5л суға 10-15г кір жуатын препарат немесе 7-8г кір жууға пайдаланылатын сода қосыңыз. Кірді суық сілтілі ерітіндіге салып қатты қыздырып, 10-15 минуттай қайнатыңыз.

Егер бұдан кейін де кірі кетпесе, онда бұйымды сабынды суда қайта қайнатыңыз. Ол үшін алдын ала жұмсартылған әр 5л суға 15г үгітілген сабын немесе сабынды ұнтақ қосыңыз, осы жақсы еріген, суық сабынды суға кірді батып тұратындай етіп салыңыз. Ағаш қалақпен араластыра отырып, ең кемі 15минут қайнатыңыз. Кір тап таза болып ағарған кезде оны шығарып, сығасыз. Егер қолмен сықсаңыз онда қатты сықпаған жөн, себебі матаны бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Негізінде кірді жуатын машинаның қолмен бұрап сығатын резиналы білігіне немесе центрифугада сыққан жөн. Кірді шайған кезде сабын немесе кір жуатын ұнтақтың еш қалдығын қалдырмай жуып тастау керек. Қайнатылғаннан кейін кірді алғаш шаяр кезде сабын мен кір жуатын ұнтақтың қалдығы толық еріп кету үшін ыстық жұмсақ су пайдаланыңыз. Суық суға кірді шайған кезде сабынның жуғындысы қалып қояды да мата сұрғылттанып, қатая түседі. Екінші, үшінші рет шаюға жылы суды, содан кейін суық суды пайдаланыңыз. Қыстың күні егер сіз кірді далаға жайғыңыз келсе, онда кір қатып қалмас үшін соңғы шаятын суға бір уыс ас тұзын салыңыз.

Синтетикалық матадан тігілген бұйымдарды жуу

Синтетикалық маталар кейбір кірді, әсіресе майды бойына сіңіріп, тұтып қалады. Талшықтан тоқылған матаның беті бір тегіс келетіндіктен әр түрлі ұнтақ, шаң тозаң онша жабыса бермейді. Ұзақ уақыт киіліп әрі көп жуылған киімнің өңі кетеді, негізінен көйлектердің жеңі мен жағалары қырқылып, қоңыр сарғыштана бастайды. Киімді ең интенсивті түрде жуғанның өзінде бастапқы жаңа қалпындағы күйін келтіру тіпті мүмкін емес.

Синтетикалық материалдан тігілген бұйымдарды жуу қиындық келтірмейді, сондықтан оны ұзақ киіп, кірлетпей кір жуатын ерітіндімен жиі жуып алып тұрған дұрыс.

Синтетикалық бұйымдар аз умаждалатындықтан, жоғары температурада жиырылып қалады да кейін оны жазу өте қиынға түседі. Мұны болдырмау үшін бұйымды қатты ысқыламау және сықпау қажет. Жуатын судың температурасы 700С-тан, ал тыс жұқа бұйымдарды, мысалы полиакрилонитрил талшықтардан жасалған трикотаж бұйымдарды жуатын су 400С-тан аспағаны жөн. Синтетикалық талшықтан тоқылған шұлықты күнде кешке таза суық суға немесе сұйықтау кір жуатын ерітіндіде жуыңыз. Шұлықты шайып, жайлап сығып, екі құрғақ сүлгінің арасына салып кептіріңіз.

Табиғи және жасанды жібек бұйымдарды жуу

Табиғи жібек бұйымдарды жууға ең қолайлы бейтарап немесе сілтілігі төмен кір жуатын препараттар болып табылады. Бұл препараттар жоғары емес температурада кірді жақсы ашады. Жуылған бұйымдарды жайлап сығыңыз.

Талшықтан және мыс-аммиак жібегінен тоқылған бұйымдарды жуу кезінде оларды ысқыламаңыз, жайлап қана сығыңыз. Кір жуатын ерітінді бейтарап немесе сілтілігі төмен болғаны жөн, ал температурасы 400С-тан аспасын.

Жасанды жібектен тоқылған трикотаж бұйымдарды жууға мүмкіндігінше үгітілген жоғары сапалы сабын пайдаланыңыз. Ол үшін температурасы шамамен 300С 5л жұмсақ жылы суға 30-40г сабын езіңіз, оған 4 ас қасық аммиак ерітіндісін қосыңыз. Жуар алдында бұйымды суға салып қойған жөн. Алдымен оларды жұмсақ салқын суға, содан кейін бір-екі рет кәдімгі салқын суға салып шайып алыңыз. Бұрап сықпаған жөн және көлеңкеде кептіріңіз.

Егер жасанды жібек бұйымның бояуы солғын болса, онда сабынның орнына синтетикалық кір жуатын препараттар пайдаланған орынды.