Тұрмыста пайдаланылатын химиялық заттар

Химиялық препараттар және заттар

Тұрмысқа қажетті химиялық препараттар және товарлар дегеніміз белгілі бір мақсатқа арнайы қолданылатын күрделі химиялық қосылыстар.Олардың құрамына еріткіш не қатайтқыш ретінде енетін жекеленген қосымша заттар өндірістне арнаулы ыдыста, бума, түйіншек түрінде шыққанкезде препарат деп аталады. Демек, тұрмысқа қолданылатын химиялық препарат дегеніміз арнаулы аты, қалай және қай жерде қолдануға болатындығы көрсетілетін мәліметі бар, ыдысқа целлофан қалтаға немесе қорапқа салынып сатуға дайын заттар. Ал, енді заводтан түйіншек не бума немесе жәшікке салынып сауда орындарына жөнелтілген кезде бұл заттарымыз химиялық товарға айналады. Олай болса сауда орындарындағы химиялық товарлар кәдімгі өзіміз айтып жүрген химиялық препараттың екенші атауы екен.

Енді осы товарлардың оқымандарға түсіндіру үшін олардың әр алуан түрлерін талдап, нақтылы білу үшін сұрыптап, топтастыру керек. Біздің елімізде әлемнің басқапда елдеріндегідей қолданылу сипатына қарай, тұрмысқа қажетті химиялық товарларды былайша топтастырады, яғни классификациялайды:жуғыш заттар, тазартушы, дезинфекциялаушы заттар, мебель мен еденді сүртуге, зиянды жәндіктермен өсімдіктерді жоюға арналған препараттар, ағартушы және рең беруші заттар, желімдер, түрлі боялармен лактар және басқалар. Бұлардың бәрін тізіп жатпай осындай түрліше мақсатқа қолданылатын химиялық товарлардың он алты топқа бөлінетінін айтсақ та жеткілікті. Әрине, бұл товарлар өздерінің химиялық құрылымы жағынан да әртүрлі. Демек, олар адамға және айналасындағы ортаға тигізетін әсеріне орай топтастырылады.

Айналамыздағы заттар қатты (тас,темір, ұн), сұйық (су,май,сүт) және газ сияқты үш күйде болатыны сияқты тұрмыста қолданылатын химиялық заттарда үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық, газ)шығарылады. Олардың, бірінші, яғни қатты зат күйіндегілері таблетка,(тығыздалған), жеке түйіршіктер және ұнтақ түрінде шығарылады. Бұлардың арасында ұнтақты препараттардың тозаңдану, жұтқыншақты тітіркендіретін жағымсыз кемшіліктері бар. Ал қаоған екі түрінің мұндай қолайсыздығы жоқ және оларды жеңіл бөліп, оңай реттеуге болады. Сондай-ақ қатты препараттар паста түрінде де шығарылады.

Сонымен елімізде өндірілетін химиялық товарлардың бәрі де алдын ала токсикологиялық (уландырғыштық), гигиеналық (тазалық) және медициналық зерттеуден өтеді.Сонан соң оған денсаулық сақтау министрлігі рұқсат етеді.Олай болса, тек осы ережелерді оқып, біліп қана қоймай, бұлжытпай орындау қажет.

Медициналық деректерге жүгінсек, химиялық препаратты адам денсаулығына тигізетін зиянды әсеріне қарай төрт топқа бөледі: а)қауіпсіз және зиянсыз препараттар.Мұндай препараттар қорабының сыртына ешбір ескертпелер жазылмайды.Оларға синтетикалық жуғыш ұнтақтар, көгілдір түс беруші, крахмалдаушы, және тазалаушы заттар, минералды тыңайтқыштар және түрлі мектепке арналған товарлар жатады; б)шамалы ғана қауіпсіз препараттар.Олардың сыртында мынадай ескерту: «Көзхге тигізбе», «Денеге тимесін», «Оттан аулақ ұста» т.б. жазылуы мүмкін. Оларға ағартушы, дезинфекциялаушы және репелентті заттар жатады (репелент-көбіктендіргіш), в)үшінші топқа өрт қауіпі бар заттар жатады.

Ал енді тұрмыста жиі қолданылатын химиялық препараттарды қалайша дұрыс сақтап, қолдану керектігіне, осыған байланысты ережелер мен ескертулерге тоқталып өтейік.Барлық препараттарды өзінің тиісті қолданатын жеріне ғана пайдалану керек.

Химиялық препараттары бар ыдысты еңкейтуге, оны иіскеуге, болмайды, қайнап жатқан сұйық бетіне не оларға басқа заттарды қосқанда жақындауға тиым салынады, қаныққан, яғни күшті күкірт қышқылын сұйылтқан кезде қышқылды суға өте жай, ақырын құю керек, себебі күкірт қышқылы суда ерігенде көп жылу бөлінеді. Аса ыстық не қайнап жатқан сұйықты қабырғасы қалың шыны ыдысқа бірден лақ еткізіп құя салуға болмайды.

Сұйық күйдегі препараттар

Бұларға суспензия(жүзгін) және эмульсиялар жатады. Олар көбінесе сұйық және шөгінді болып екі түрге жіктеледі. Б ұл препараттарды пайдаланар алдында шайқап, араластырып алу қажет.

Концентрациясына қарай тұрмыста қолданылатын химиялық товарлар екіге бөлінеді. Біріншісін концентрат дейді. Оны бірден пайдалануға болмайды. Пайдаланар алдында оны белгілі бір еріткіште, қораб сыртында көрсетілген ережеге сәйкес ерітеді. Бұл топқа барлық жуушы және тазартушы заттар енеді. Ал келесі топқа қолдануға дайын күйінде шығарылатын аэрозоль түріндегі препараттар жатады.

Химиялық товарлар бір және бірнеше пайдалануға жарамды болып тағы да екіге бөлінеді. Мысалы, шәйнектің ішінде тұрған қақты кетіруге немесе аяқ киімді жалтыратуға арналған арнаулы салфеткадағы химиялық препараттар бір-ақ рет пайдаланылса, ал аэрозоль түріндегілер таусылғанша бірнеше рет қолдануға болады.

Бір мақсатқа қолдануға арналған препараттар әр түрлі әдістермен пайдалануы мүмкін. Айталық жуғыш заттарды қолмен жуған кезде де кір жуғыш машиналарға да қолданаи беруге болады. Дегенмен кейбір жуғыш заттарды тек машинамен кір жуғанда ғана қолданған дұрыс, себебі адамға зиянды бодлуы мүмкін. Демек, ондай заттарды қалай және нені жууға болатындығы туралы қораптың немесе ыдыстың сыртына жазылған ескертулермен ережелерге сүйене отырып пайдаланған жөн.Әрине,мұндай ескертулерге мән бермеу,адамға да сонан соң жуылатын затқа да зияды болуы ықтимал әрі химиялық жуғыш заттардың босқа рәсуә болуына алып келеді.Соңғы жылдары әмбебап (универсал) препараттар түрін шығару көбейіп келеді.Айталық, қазіргі синтетикалық жуғыш заттарды қолмен де, машинамен де жууға пайдаланумен қатар, жүн, мақта, синтетикалық немесе аралас талшықтардан тоқылған кездемелерді де жууға қолдана беруге болады.

Арнайы мақсатқа ғана қолданылатын препараттар да кездеседі.Оған мысалға, кенеп не мақта маталарын ағартушы заттарды айтуға болады.Ал кейбір мұндай ағартушы заттар кейде дезинфекциялаушы сияқты қосымша қасиетке ие.Көпшілікке мәлім мыс купоросының (тотыяйын)белгілі бір концентрациясы үй қабырғасын әктеу алдында әкке салынады, ал оның басқа бір мөлшердегі ерітіндісі өсімдік зиянкестерін жоюға пайдаланылады үшінші бір мөлшердегі ерітіндісі шірітетін микробтарға қарсы қолданылады.

Осы тұста тұрмыстық химия товарларын орауға, не арнаулы ыдысқа құюға байланысты жұмысқа тоқтала кеткен артық емес.Мысалы, сабын қағазға оралып, картон қорапқа салынады, аэрозольды темір не пластмасса сауыттарға құйылады.Енді кейбір сұйық препараттар темір, шыны, пластикалық ыдыстарға, ал жуғыш ұнтақтар қағаз қорапқа салынып шығарылады.Жалпы тұрмысқа қажетті химиялық заттарды өндіретін кәсіпорын осы препараттардың химиялық құрамы мен қасиетіне, қолдану ерекшелігі мен тасымалдануына, сақталуына орай ыңғайлап қағаз, картон, целлофан, пластикалық немесе шыны сауыттарға құйып сауда орындарына жөнелтеді.Әрине, әлгі препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігі сияқты жағдайларда ескеріледі.Кейбір препарат қағазға жай орала салса,ал енді бір топтағыларға сауытқа құйылып аузына ашатын не шашатын тетік, сұйықты мөлшерлеп өлшейтін бұрандалы қақпақ немесе тығынымен шығарылады.Ал кейбір заттар не оларға қосымшалар мақта, қағаз, паролон сияқты жұмсақ затпен оралады.

Тұрмыста қолданылатын химиялық заттарды қолдану мерзімі көрсетілген.Оның осы көрсетілген мерзімі өтіп кетсе, онда қолдануға жарамайды.Әсіресе, сұйық не аэрозоль күйіндегі химиялық препараттардың сауыты ашылып қалған жағдайда пайдалануға мүлдем болмайды.Ал бензин, ацетон, сода т.б. ұзақ мерзім бойы бүліне қоймайды.Дегенмен химиялық препараттардың қорабында, сауытында тыйым салынған ескертулер жазылса, оны орындау шарт, өйткені әрбір ереже препараттың қасиеті мен құрамын ескере отырылып жасалынған.