Тұрмыс химиясының кейбір бағыттары

Тұрмыс химисының дамуы

Адмазат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын химияны қолданып, кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Бірақ ол кезде химияның сырлары әлі құпия болатын, ол өз алдына ғылым болып қалыптаспағанды.

Бүгінде химия халық шаруашылығының барлық салаларында, күнделікті тұрмысымызға кеңінен қолданылып отыр. Соңғы кезде жедел қарқынмен дами бастаған өндіріс салаларының бірі-тұрмыс химиясы. Тұрмыс химиясының негізгі мақсаты-үй-ішін, жиһаздарын, көрпе-төсекті, киім-кешектерді, мебельді қабырғаларды тазалайтын, жуатын құралдар, косметикалық препараттар дайындап шығару. Тұрмыс химиясының препараттарын кейде косметика деп те атайды.

Адамзат қоғамы ғасырлар бойы косметикалық құрал ретіндетабиғи заттар: шәйірлер мен бальзамды, битум мен май эфирлерін, мал майы мен белокты заттарды, бояулар мен әк сияқты қосылыстарды пайдаланып келді. Олардың біразын әлі күнге дейін пайдаланып жүрміз. “Косметика” туралы алғашқы кітап біздің эрамыздан бұрын V ғасырда папирус қағазына жазылған болатын. Ол кітапта көбінесе көрік беру үшін адам денесін қалай күту керек екендігі баяндалған.

Көне дәуірдегі Египетпен қатар ертедегі Греция елі де әдемілік, тазалық, жастық қалыпты сақтауға ерекше көңіл бөлген. Олар көптеген рецептер қолданған. Көне Грецияның атақты сұлуы Аспазия кезінде “Аспазия маскасы” деп аталып кеткен бетке жағатын крем пайдаланған. Косметикалық рецептің құрамы: сұлы ұны, жұмыртқа белогы, бал және нарцисс гүлінің үгілген түбірінен тұрған.

Қазақстанда тұрмыс химисының дамуы

Қазақ халқы да тұрмыс химиясын ерте уақыттан өз қажетіне кең пайдалана білген. Мысалы, өсімдік тамырларынан бояғыш компоненттерді бөліп алып, мақта-мата, жүн және ағаш бұйымдарын бояу, сабын былғау; тері илеп оны бояу; қаратікен тұзбен ауыз шайып, жағымсыз иісті кетіру; қайың қабығынан сағыз жасап тісті тазарту; жұпар иісті өсімдіктердің иісін көрпелер, киім-кешек арасында, әбдірелерде ұстап сақтау, аяқ киімдерді майлау, жылтырату, метал бұйымдарының тотықтарын, даттарын күл мен сары балшық қоспасын пайдаланып тазалау; айранмен шашты жуып, оған жұмсақтық және жылтырақ қасиет беру; ағаш бұйымдарын жылтырату, сырлау; Әрине бұл ата-балалардан кейінгі ұрпаққа жеткен тұрмыс химиясының кейбір элементтері ғана. Қазіргі уақытта ғылыми техникалық жетістіктердің нәтижесінде тұрмыс химиясы зор қарқынмен дамып, жаңа сапаға көтеріліп отыр.

Костетикалық заттарды іздестіру мыңдаған жылдардан бері эмпирикалық жолдармен жүзеге асырылып келсе, химияның үрдіс дамуына байланысты біздің ғасырдың басынан бастап ғылыми негізде, алына бастады. Қазіргі уақытта, тұрмыста қолдануға химиялық жеке заттардан, құрамы екі-үш немесе одан да күрделі заттардан тұратын әр түрлі қасиеті бар косметикалық препараттар шығарылады.

Тұрмыс химиясының дамуына негізінен медицина, фармацевтика, физикалық және биологиялық химия салаларындағы ғылыми жетістіктер мен жаңалықтар үлкен әсер етті. Жалпы химияға тән бұл саланың да өзіндік әдістері және өндірістік ерекшеліктері бар. Мысалы, препараттар дайындау кезінде еріту, араластыру, ұнтақтау, сүзу, кептіру, балқыту, іріктеу және экстракциялау сияқты заттардың молекулалық қасиеттеріне негізделген әдістер кеңінен қолданылады.

Тұрмыс химиясының препараттар, яғни, ингредиенттер жүйесінің әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады. Олардың құрамы және құрылысы негізінде проектілеу мен бағытталған синтез жұмыстары қазіргі уақытта жолға қойылды. Тұрмыс химиясының негізгі ингредиенттерін химиялық және физикалық жолдармен модификациялайды. Кейінгі уақытта бұл саланың жетістіктері негізінен синтетикалық полимерлерге, яғни полимерлік химияның күрт өсуіне тікелей байланысты.

Біздің елімізде қазіргі уақытта 3млрд. Тоннадан артық тұрмыс химиясының товарлары шығарылады. Бірақ бұл көрсеткіш әлі де болса жеткіліксіз, өйткені халықтың барлық мұқтажын әзірше толық қанағаттандыра алмайды.

Тұрмыс химиясының қажетіне шығарылатын әрбір препараттарды, реактивтерді, пасталарды, аэрозолдарды және басқа материалдарды қалай пайдалану, өрттен қалай сақтау ережелері, олардың денсаулыққа, тағам өнімдеріне әсері және тағы басқа да нұсқаулары товарлардың сыртында көрсетілген. Тұрмыс химиясының өнімдерін жалпы қолдану бағытына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады. Олар-жуғыш, ағартқыш, жылтыратқыш, тазалау, бояу, желімдеу, крахмалдау, көгерту, өсімдіктердің өсуін тездететін препараттар.

Сонымен біздің күнделікті тұрмысымызда химияның көмегімен алынған алуан-алуан дүние түрлерін қажетімізге жаратып отырамыз. Олар әдемілік пен тазалық заттары. Тазалық үйде көңіл көтерсе, жұмыста қабілетін арттырады, жалпы денсаулықты сақтауға көмектеседі. Тұрмыс химиясының препараттарын уақытылы және дұрыс пайдалану үй жиһаздарын, мүліктерін, киім-кешектің түр-түсінің беріктігін сақтайды.