Бактерия клеткаларының құрылысы

0

Цитоплазма органоидтары.

Құрылысы жағынан алғанда бактерия клеткасы қарапайым деуге болады. Бірақ  оның құрылысының көптеген сыры әлі күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ. Бұған басты себеп олардың өте ұсақтығы және қоректену, тіршілік ету жағдайларына байланысты, тез өзгеріп  отыратындығында.  Сондықтан бактерия клеткаларын зерттегенде, оның тіршілік ету  жағдайларының біршама бірдей және тұрақты болуын қатаң сақтаған жөн. Барлық бактерия клетка қабықшасынан, цитоплазмалық мембранадан және цитоплазмадан тұратыны анықталды. Цитоплазмада нуклеотидтер, мезосомдар, рибосомдар және зат алмасу процесі кезінде  түзілетін түрліше заттар болады.

Клетка  қабығы өте маңызды қызмет атқаратын күрделі құрылысты органоид.  Ол шырышты заттардын тұрады. Бұл шырыш қабықша клетканың негізгі бөлігіне жатпайды. Кейде  клеткаға өте  төменгі немесе жоғары  температура  әсер еткенде пайда  болады да, клетканы  құрғап қалудан және басқа да зиянды заттардың әрекетінен қорғайды. Қанты мол ортада  шырыш қабықшалар қалыңдап, клетка сыртында капсула түзеді.

Клетка қабықшасы жалпы клетка құрақ  затының 20 процентіне тең. Бактерия клеткасының әр түрлі бояуларды сіңіріп, боялуының өзі де осы клетка қабықшасына  байланысты. Сонда  боялған клеткаларды Грам – оң,  ал  боялмағандарын Грам – теріс деп атайды. Бұл 1884 жылы Дания  оқымыстысы  Грам ұсынған  тәсіл. Клетка қабықшасында бояуды сіңіріп, ұстап тұратын зат –  глюкопептид – муреин (ацетил-глюкон).

Клетка  қабықшасына іргелес цитоплазмалық мембрана орналасқан. Ол  липидтердің  екі  қабатынан тұрады. Бұл қабаттың беттері ерекше белокпен қапталған. Мембрана клетка құрғақ  затының 8-15 процентін  алады.

Цитоплазма –  химиялық  құрамы күрделі, түссіз, қоймалжын зат. Оның құрамында белок,  май, су, түрлі минерал заттар және  ферменттер болады. Жас бактериялар клеткасында цитоплазма бүкіл  клетканы алып жатады. Ал өскен  клеткаларда қуыстар – вакуолялар көбірек түзіледі. Бактериялар цитоплазмасында басқа да заттар бар: олар гранулиза, гликоген, волшин, күкірт т.б. Бактерия  цитоплазмасында жоғары  сатыдағы өсімдіктер клеткаларында кездесетін амин қышқылдарының барлығы дерлік бар. Осымен қатар онда  рибонуклеин (РНҚ)  және  дезоксирибонуклеин (ДНҚ)  қышқылдары болады. Рибонуклеин  қышқылы  цитоплазмадағы  митохондрийде орналасады. Цитоплазманың ең маңызды қасиеті, онда белок синтезі жүреді. Бұл негізінен амин қышқылдары мен  фосфор  қышқылының  қатысуымен  рибосомаларда жүреді. Ал мезосомаларда заттардың  тотығуына қажетті энергияға бай  аденозин – ушфосфор қышқылының  (АТФ) синтезі  жүреді.

Ядро. Бактериялар клеткаларында ядроның болуы жайлы әр түрлі пікір бар. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро  заттары (хроматин) цитоплазмада ұсақ дәндер күйінде шашырап жатады (диффузиялық ядро). Кейбір  бактериялар клеткаларында хроматин дәндері белгілі бір жерге шоғырланып, кәдімгі ядро, яғни жекеленген ядро түзеді. Миксобактерияларда осындай жекелеген ядроларды кездестіруге болады.

Ядроның құрамы күрделі. Мұны басқаша нуклеотид деп те атап жүр. Ол клетканың орта  шенінде орналасқан.  Оның басты бөлігі  дезоксинуклеопротеидтер. Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады. Олардың  бірі – ерекше белок болса, екіншісі тимонуклеин қышқылы. Соңғы жылдардағы  зерттеулерге қарағанда ядро бір немесе бірнеше сопақша заттар – дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұратыны анықталды.

Бактериялар  әдетте жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан екі клетка, одан әрі олардың  әр қайсысы тағы екі клетка, сөйтіп бөліне береді. Бұл процесте алдымен нуклеотид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазмалық мембрананың екі қабатынаң тұратын қалқанша пайда болады. Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі.

Клетка қабырғасы ажыраған кезде олар бір – бірінен бөлініп кетеді.

Микроорганизмдердің көбеюі.

Микробактериялардың кейбіреулерінде бұл құбылыс байқалмайды. Таяқша тәрізде бактериялар бөлінер алдында ұзынынан ұзарады. Клетка диаметрі өзгермейді. Клетка ұзыны екі клетка ұзындығына тең болғанда, таяқша клетканың орта жері жіңішкеріп, екіге бөлініп кетеді.

Көптеген бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және басқа да организмдер бөлініп көбейді. Міне микроорганизмдер осылай көбейіп, өскенде микробтар колониясы пайда болады. Осымен қатар таяқша бактериялар бөлінгенде тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты ал бір клетка үлкен, екіншісі кішкене болса гетероморфты бөліну деп атайды.

Бактериялардың  көбею жылдамдығын  мынадай бір мысалмен түсіндіруге болады. Егер 20 минут сайын бір клетка бөлінетінін ескерсек ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталар бөлінеді.

Жіп тәрізді бактериялар бөлінуінің ерекшелігі бар. Бұлардың жіпшелерінен жеке вегетативтік – гонидий немесе конидий деп аталатын арнаулы клеткалар түзіледі. Клеткалардың кейбір трлері қозғала алады. Оны зооспоралар деп атайды.

Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазаларын ажыратады.

Соңғы  жылдары бактериялар дүниесінде жыныстық жолмен көбейетін жағдай анықталды. Ішек таяқшасы бактериясында осындай құбылыс болады.  Мұны коньюгация деп атайды. Коньюгация кезінде зигота пайда болады. Бірақ бактериялардың осылай ұрықтануы толық емес. Өйткені мұнда жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалаушылықтың барлық қасиеті түгел ұрпаққа  берілмейді. Шынында да мұнда жартылай ұрықтану жағдайы байқалады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here