Миграция. Миграция әдістемесін үйрену

Әр қилы қауіп-қатер төнетін және одан қашып құтылуға болмайтын омыртқалылар тіршілігіндегі ең маңызды құбылыс. Миллиондаған құстар өз мақсаттарына жетпей жолда қырылады. Ұшып кетудің басталуын сол жердегі метеорологиялық жағдайлар анықтайды, ал ұзақ жол үстінде ауа-райы бұзылып жауын-шашын, боран, тұман және т.б. басталуы ғажап емес. Құстарды кейде жел ашық теңізге ығыстырып жібереді, ол жақтан олар құрлыққа жете алмауы мүмкін. Күн тұманды кездерде құстарда бағытты бағдарлауы күрделенеді, олар кез-келген жарыққа ұшып барады, бұл жолда құстар маяктарға, биік үйлерге, тіпті жерге де соғылып өледі. Төтенше оқиғалар ең күшті қауіп болып табылады және кенеттен қарлы боранға тап болған құстар жүздеп-мыңдап қырылады. Дауыл теңіз құстарын туған жерінен 3000 шақырым қашықтыққа алып кетеді және әлсіреген құстар бөтен жағалауға тап болады. Кейбір жерлерде дауыл соғатын кезең көптеген түрлердің күзгі ұшып-кетуіне тура келеді (үлкен және кіші Антиль аралдары) және боран миллиондаған құстарды шығынға ұшыратуы мүмкін. Орнитологтар бүкіл дүние жүзінде миллиондаған құстарды сақиналайды, бұл миграция тетігін түсінуге көмектеседі, миграция жолын қадағалайды және олардың қайда ұшып баратынын анықтайды.

Көптеген ірі құстар белгілі бір қатармен, әдетте сына тәрізді (тырналар, қаздар, үйректер) ал майда торғайтәрізділер-тұтастай тобыр құрып ұшатыны бұрыннан белгілі. Себебі, ірі құстардың қанаттары ауаны күшті тербеліске келтіреді, ұшу кезінде құстардың дүрыс орналасуы ауа кедергісін жеңіл жеңіп, оңай ұшуына себебін тигізеді. Майда құстардың кішкентай қанаттары, керісінше, ауаны онша тербеліске келтірмейді, осыған орай олар белгілі қатарсыз ұшуына жағдай жасайды. Бұдан басқа, ұшып бара жатқан құстардың белгілі түрде орналасуы қанаттарын бірдей қағуға мүмкіндік береді, ол ұзақ механикалық жұмыс жасау кезінде өте қажет. Құстар қатармен ұшқанда орташа екпінмен ұшады, өйткені тобыр ішінде күші және төзімділігі әртүрлі құстар кездеседі, бұның бәрі үйірлік (топтың) инстинктісімен реттеледі.

Барлық құстарды территорияға қатынасына байланысты шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:1) отырықшы құстар, бұлар жыл бойы бір ауданда тіршілік етеді, олардың қоныс аударуы бірнеше ондаған шақырымдардан аспайды (көптеген тауықтектестер, қарғатектестер, торғайтәрізділер); 2) көшпенді құстар, бұлар өздері ұялайтын табиғи зона ішінде жүздеген шақырымға бағытсыз қонысын аударады (самырқұстар, қайшыауыздар, суықторғайлар, шекілдектер, көптеген жапалақтар); 3) жыл құстары, бұлар ұялайтын жерлерінен бірнеше мың шақырым қашықтағы басқа табиғи зоналарға ұшып барады (шөже торғайлар, айқабақтар, қарлығаштар және т.б.).

Осы кезге дейін миграция кезінде құстардың кеңістікті бағдарлау тетігі жайындағы мәселе ашық күйде қалуда. Құстарға ұшып өту кезінде дұрыс бағытты қалай бағдарлап, жер шарының алыс ауданына барады және бірнеше мың шақырым қашықтықты ұшып өтіп, ұялайтын жерге жетеді. Жыл құстарында миграцияның дұрыс бағытын таңдай алатын туа біткен миграциялық инстинкт болады дегенді ақиқат ретінде қабылдауға болады. Бірақ қоршаған орта жағдайының әсерінен туа біткен инстинкт өзгереді, ал құс ата-тектерінің жолдарынан басқа миграциялық жолды таңдай алады (мысалы, Финляндияда дүниеге келген ағылшын барылдауық үйректері, келесі көктемде өздерінің отаны Англияға емес, Финляндияға ұшып келген).