Құстардың шаруашылық маңызы

Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстардың – ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстардың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механкиалық шеше салатын мәселе емес. Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері – омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, шыбын қаққыштар, түрлі сары шымшықтар, қызыл құйрықтар, малиновкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, жорға торғайлар, т.б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғайлар, түрлі қаратамақ торғай, бозторғайлар, көк қарғалар, ұзақтар т.б. жатады.

Күлгін қара торғай (Pastor roseus) Орта Азияға, Қазақстанға, Кавказда Төменгі Еділде тараған. Олардың ересегі бір тәулікте көптеген жүз насекомдарды жояды. Р.Н. Мекленбурцевтің мәліметі бойынша, Орта Азиядағы қараторғайдың әрбір үйірі, ұялаған кезінде (бір айда) 100 мыңдай шегірткелерді құртады. Сонымен қатар жас балапандары жүзім мен шиені жеп көп зиянын тигізеді. А.Н. Формозов Қазақстанда дала бөктергісінің шегірткелерді жейтінін байқаған. Оның айтуынша безгелдек (Microtus tetrax) таңертеңгі уақытта 250 шегірткені жегенін бақылаған. Самырсын құстар (Nicifraga caryocatactes) самырсын ағаштарының көптеген жаңғақтарын жеп, өндірістік маңызы бар жаңғақтың қорын кемітеді. Сонымен қатар бұл құстар көптеген самырсын жаңғақтарын мүктердің арасына, топыраққа апарып көміп, самырсын ағашының тұқымының тарауына себепші болады.

Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығына үлкен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп оларды қырады.

Кемірушілер аз болған жылы, бұлардың бірқатары насекомдармен, рептилилермен, құстармен қоректенеді. Кемірушілер көбейіп кеткен жылы ұсақ кемірушілермен тек қана жыртқыш құстар емес, құзғын, сауысқан, құтандар, дегелектер де қоректенеді. Олар кемірушілер көбейіп кеткен жерге топтанып ұшып барып, қырады.

кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қапбыз қауынды, картопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылғының зиянкес насекомдарын да жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен, олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын күзде дәнді дақылдармен қоректеніп зиянын тигізеді. Сонымен қатар ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп үлкен зиян келтіреді.