Құстардың құрлықта таралуы

Бұталы орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері. жатады. Бұл ортада көберекі мамандалған құстардың тобы – ағашта өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбнесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына қарай бұталы-орман құстары: насеком жемділер, жеміс тұқым жемділер, нектар жемділер деп белінеді.

Батпақты шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қоймаларының суы тайыз, ағашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағалауларда мекендейді. Қорегінің көпшілігін тайыз батпақты сулардың түбінен табады. Бұл топқа жататын құстардың аяғы қауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.

1). Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын – тырналар, құтандар, дегелектер жатады.

2). Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары – көлемдері орташа және шағын болады да, батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптөсін жерлерін мекен етеді. Бұған әртүрлі батпақты жер тауықтары, тартарлар, поганыштар, сұлтан тауығы және т.б. жатады.

3). Тайыз судың балшықшылары – ұсақ әдетте тұмсықтары ұзындау келетін құстар. Тайыз жерлерде ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді.

III. Шөлді дала құстары. Бұларға – түйеқұстар, дуадақтар, және т.б. жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен өтеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге белінеді.

Тез ұшатын құстарғга шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Қауіп тенгенде жерге бауырын тесеп жата қалады.

ІV. Жыртқыш құстар. Жыртқыш құстардың белгілі мекен өтетін экологиялық ортасы болмайды. Олар түрлі ортада тоғайда, тауда, далада, батпақты жерлерде мекен ете береді. Олардың бірнеше түрі белгілі: өлексе жеушілер (тазқара), бүркіт пен ақсарылар, жапалақтар, құладындар, қаршығалар, және сұңқарлар