Құстардың жынысытық диморфизмі және күйлеу мінез-құлқы жайлы түсінік беру

Көптеген түрлердің аталықтары аналықтарына қарағанда реңді, айдары жетілген, “сақалды” болады немесе дене мөлшері үлкендеу (үйректектестер, қырғауылдар, турачтар, құрлар, павлиндер, тауыстар, меңіреу құрлар, торғайтектестер арасында жұмақ құстары, сарғалдақтар-мысықторғайлар, тоқымашылар, отқұйрықтар). Жыныстық диморфизм бұлардан басқа қауырсын, тұмсық, көздің торлы қабаты, терінің жалаңаш жерінің реңі бойынша да байқалады.

Көктем келісімен-ақ құстардың мінез-құлқы күшті өзгереді. Барлық құстар – жыл құстары, көшпенді және отырықшы құстар — өздерінің ұялайтын учаскелеріне жақындай бастайды. Оңтүстік аудандарда солтүстікке қарағанда қозғалыс біршама ерте басталады. Әрбір түрі үшін қолайлы жағдай тууы керек. Жұптасу әр түрде түрліше жүзеге асады. Кейбір құстар өмірінің соңына дейін жұптасады. Оларға: аққулар, ірі күндізгі жыртқыштар, жапалақтар, құтандар, дегелектер және т.б. жатады. Әнші құстар әдетте аз уақытқа, маусым ішінде ғана жұптасады. Ешқашан жұптаспайтын құстарда ұрпақтарына қамқорлық жасау аналықтарының мойнында. Бұл меңіреу құрларға, құрларға, қырғауылдарға тән. Кей жағдайларда бұл керісінше көріністер байқалады, мысалы, солтүстікте мекендейтін қалытқы құс пен үшоймақтардың аналығы ірі әрі реңді болып келеді, ал ұрпақтарына реңі нашарлау сұр түсті аталықтары қамқорлық жасайды.

Көктемде, күйойнақ кезінде, көптеген құстардың реңі өзгереді, ол ашық түсті және әсем. Көптеген түрлерде күйлеу алды құсойнақ басталады – аталықтары әртүрлі кейіпке түсіп, қатты дыбыс шығарады. Көптеген торғайтектес құстардың аталықтары таңертеңнен кешке дейін (бұлбұлдар, сайрауықтар) ән шырқайды. Бұл ән тек аналығына ғана арналмайды, ол осы түрдің басқа аталығына осы территорияның бос еместігі, бұта арасында иесінің отырғаны, өз учаскесі үшін күресуге әруақытта дайын екендігін ескертеді.

Құстарға бір-бірімен акустикалық және оптикалық сигналдармен қарым-қатынаста болу тән. Бір жағынан, ересектері алдымен жұмыртқадан шыққан балапанның іс-әрекеттерін әртүрлі дыбыс шығарып басқарса, соңынан құртты немесе бөктергіні көргенде әртүрлі қыт-қыттап балапандарына белгі беріп, оларды ертеді. Қырғиды немесе жапалақты көрген майда торғайтектестер қауіпті жыртқыштар пайда болғаны туралы шулап, дыбыс береді. Оны көптеген құстардың түрлері түсінеді, жыртқыш құсқа жан-жақтан шабуыл жасайды.