Құстардың нерв жүйесі және сезім органдары

Нерв жүйесі және сезім мүшелері. Құстың миы дөңгелек пішінді, ми сыңарлары тегіс әрі үлкен және иіс сезу бөлігі өте майда. Алдыңғы мидың жарты шарының үлкен болуы құс миының біршама прогрессивті дамығанын көрсетеді, бірақ бұл жерде ми сыңарының көлемді оолуы алдыңғы ми түбінде жолақ дененің бір-бірімен қосылып кетуімен түсіндіріледі, ал ми шапаншасы (мантиясы), ол сүтқоректілердің неопаллиуміне сәйкес келеді, өте нашар жетілген. Аралық ми да кішкентай, онда эпифиз бен гипофиз орналасқан. Орта ми жақсы жетілген, ол жолақ денемен қосылып жүйке қызметінің біршама күрделі формаларын қамтамасыз етеді. Үлкен келген мишық орта және сопақша миды жауып жатады. Бұл мүше (мишық) қозғалыс пен тепе-теңдіктің бұлшық етті үйлестіру орталығы болып табылады және құстарда өте жақсы жетілген. Сопақша ми жұлынмен жалғасады, Құстарда 12 жұп бас нервісі бар, бірақ 11-жұп әлі де 10-шы жұптан толық бөлінбеген. Бас нервтері, 5-ші 1 жұптан (үштік жүйке) 12-ші жұпқа дейін сопақша мидан шығады. Қорыта 1 айтқанда құстың үлкен миы рептилияларға қарағанда күрделі құрылысты және құстарда жүйке қызметі мен мінез-құлық формаларының жоғары деңгейде дамуына жағдай жасайды.

Көру — құстардың жақыннан және алыстан бағдарлауын қамтамасыз ететін маңызды рецептор. Құс көзінің бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, олардың көзі жай шартәрізді емес, ол шартәрізді екі бөліктен тұратын сияқты, олар бір-бірімен — кіші (алдыңғы) және үлкен (артқы) бөліктер — байланысқан. Бұл құстың көру аймағын ұлғайтуға жағдай жасайды. Көздері телескоп пішінді құстар жақсы көретіндер.

Құстардың ең өткір көру учаскелерінде 1,5 млн-ға дейін жарық сезгіш клеткалар болады (адамда сары дақ аймағында мұндай клеткалар бар-жоғы 200 мыңдай). Кейбір құстардың көзі көлемі бойынша мидан үлкен. Түйеқүстың көз алмасының көлденең қимасы 5 см-ге дейін жетеді. Құстарға әрі монокулярлы, әрі бинокулярлы көру тән. Олардың көзі (жапалақтардан басқаларында) алдыңғы жағынан бір кеңістік бойында емес, басының екі жағында орналасқан. Құстарға барлық түстерді ажырата алатын түрлі-түсті көру тән.

Иіс сезу. Құстардың иіс сезу мүшелері нашар жетілген және олардың көпшілігі иіс қабілетін жоғалтуы мүмкін.

Жылқышы кұсқа алдыңғы бинокулярлы көру аса кажет емес, себебі ол өзінің сезгіш тұмсығын жұмсақ топыраққа сұғып корегін іздейді. Оның көзі шүйдесіне карай орналаскан, ол алға, артқа, оңға жене солға басын бұрмай-ақ көре алады, ал монокулярлы көру өрісі бір-бірімен тек алдынан ғана емес, сол сияқты артқы жағынан да кабаттаса алады. Оларда иіс-сезу бөлімі жақсы дамыған. Иіс-сезу қапшығында шеміршекті не сүйекті қүрылымды да үш иіс сезу кеуілжірі болады. Бірақ Бұл кеуілжірлердің ішінде тек үстіңгісі ғана сезгіш эпителиймен жабылған.

Дәм сезу. Құстарға дәм сезу де тән. Дәм сезу бүртіктерін таңдайдан, тамақтан табуға болады, бірақ тілде олар жоқ.

Есту. Құстардың есту мүшесі сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сыртқы құлақ — құстарда пайда болған маңызды мүше, ол арнайы қауырсындардан, терінің биік қатпарларынан және сыртқы есту жолынан тұрады. Әсіресе, тері қатпарлары жапалақтардың бетіндегі дискісінің артқы жағында жақсы жетілген және ол адамның құлақ қалқанын еске түсіреді. Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан және үзеңгі сүйегінен тұрады. Соңғысы дистальды ұшымен жарғақ лабиринттің сопақша қуысына түйісіп, дыбыс тербелістерін өткізеді. Ең соңында ішкі құлақ 3 жартысақиналы өзектерден, сопақша және дөңгелек қапшықтардан тұрады. Бұларда отолиттер (есту тастары) орналасады. Құстардың ішкі құлағында күрделі құрылысты оралма дене (дөңгелек қапшықтың өсінділері-улитка) жақсы жетілген.