Құстардың химиялық жылу реттегіштігімен таныстыру

Жылуды (температураны) реттеу. Гомойтермді жануарларға жататын болғандықтан – құстардың дене температурасы тұрақты және жоғары болады.

Құстардың орташа температурасы 410С. Кейде +38+43,50С аралығында болады.

Температураның ауытқып тұруы, құстардың түрлі қыимыл қозғалыстарына байланысты.

Ересек құстарда температура біршама тұрақты болып келеді. Қоршаған ортаның температурасы көтерілген жағдайда, дене температурасы көтеріледі. Неғұрлым қоршаған ортаның (суық ортаның) температурасы –20, –500 С болса, құстардың дене температурасы 20С қана көтеріледі.

Шөлді аймақта мекен ететін құстар, сол ортаға бейімделген, бойынан ылғалды аз бөледі. Сол арқылы қалыпты тіршілік етеді. Құстардың дене температурасының өзгеруі, ағзадағы жүретін процестерге байланысты болады. Құстардың дене температурасының тұрақты болуы жылуды бөлуді реттеуімен байланысты. Жылу алмасуын реттеу ағзадағы процестермен байланысты болады.

Құстар жер шарының әртүрлі климаттық ортасында мекен етеді. Олардың қалыпты тіршілігі, көбею мен дамуы температураны реттеумен байланысты.

Химиялық жылу реттегіштік. Дененің жоғары және салыстырмалы түрде алғанда тұрақты температурасын ұстап тұру, бұл ең алдымен құстарға тән жылу бөлумен қоса қабат жүретін қышқылдық қалыпқа келтіру реакциясының болуы арқылы қамтамасыз етіледі. Алайда бұл мүмкіндікті жүзеге асыру тек қана осы процесс деңгейін реттеудің арнайы формасын жүзеге асыру арқылы ғана мүмкін болады. Атап айтар болсақ, ортаның температурасы төмендеген жағдайда күрт артатын жылу жоғалтудың орнын толтырады. Мұның өзі организмде жалпы жылу балансын сақтап тұруға алып келеді, демек бұл дене қызуын да тұрақты етеді деген сөз. Қоршаған орта температурасының төмендеуіне жауап ретінде жылу бөлудің рефлекторлық процессінің күшеюі, химиялық жылу реттеуіш деген атаумен белгілі. Жылу түріндегі энергияны бөлу, организмнің барлық органдары мен тканьдарына түсетін функционаьлдық ауыртпалықпен қоса жүреді. Бұл құбылыс барлық жануарларға тән, соның ішінде пойкилотермді жануарларға да қатысты. Жылы қанды жануарлардың ерекшелігі сонда, ортаның өзгермелі температурасына бейімделуге байланысты, жылу өнімінің өзгеруі, организмнің арнайы реакциясы арқылы, негізгі физиологиялық жүйенің функиональдық қызметі деңгейінің өзгермеуі арқылы жүруінде.

Бұлшық еттердегі жылу құрылымындағы жылу реттегіштердің өзіне тән бірнеше физиологиялық механизмдері болады және солардың ең қарапайым түрлері “жылу реттегіш тонустар” және діріл. Ұзақ уақыт суық әсеріне ұшырағанда жылу генезінің осы типі көп немесе аз мөлшерлік деңгейде “еркін” (фосфорланбайтын) тканьдық тыныспен қосу немесе ауыстырылуы (толықтырылуы) мүмкін. Бұл жағдайда АТФ-тің құрылуы және одан кейін болатын ыдырау фазасы түсіп қалады.

Жылу өнімділігінің бұл механизмі бұлшық еттердің қызару функциясымен байланысты болмайды. Еркін тыныс кезінде бөлінетін жылудың жалпы көлемі, шын мәнінде жірілдік жылугенезі кезіндегі мөлшермен деңгейлес.

Орта температурасының ықпалымен болатын зат алмасу интенсивтілігіндегі өзгерістер жылу бөліну деңгейінің жылуы секілді заңды өзгерістен көрініп, ол организмнің осы факторға бейімделуінің жауабы ретінде жүз беріп, жалпы формалық қалыпта қисық түрде болады.

Температураның бейтарап жылу аймағының шегінен төмендеп кетуі, зат алмасудың рефлекторлық деңгейінің жоғарылауын туғызады. Осы өзгеріске сәйкес, жылу бөлу жаңа жағдайда организмнің жылу балансын теңестіру деңгейін қамтамасыз етеді де, бұл организм температурасының тұрақтылығын сақтап отырады.

Температураның бейтарап жылу аймағының шегінен төмендеп кетуі, осымен бірге зат алмасу және жылу бөлу деңгейінің артуына алып келеді. Химиялық жылу реттеуіш түрлерін ерекшелендіретін нәрсе, негізгі алдмасу деңгейіндегі айырмашылық, бейтарап жылу аймағының жайғасуы мен диапазоны, химиялық жылу реттеу интенсивтілігінің көрсеткіштері (орта температурасын 10С-қа төмендеуіне тура келетін алмасудың жоғарылауы).

Құстардың алуан түрінің жылу реттегіштік мүмкіндігінің негізгі өлшемі – олардың жылдық циклдағы өмірлік қызметінің өне бойында тұрақты болып қалмайды. Жылу бөлу мен химиялық жылу реттеудің науқандық деңгейінің өзгерістері, түрдің экологиялық өмір сүру жағдаятымен байланысты жүреді және ол ортаның температуралық режиміне бейімделудің бір көрінісі болып саналады.

Тұрақты жылдық циклда бейтарап жылу аймағының жағдайы да бір орнында тұрмайды және осы көрсеткіштен қатаң температуралық жағдайда өмір сүретін отырықты құстар мен жаздық өмір сүру ортасы мен қыстауға келген көшпелі құстардың қыстық мекен жайы арасындағы едәуір жылу айырмашылығы бар екендігі байқалады. Отырықты түрлерге қыста бейтарап жылу аймағының ұлғаюы және қауіпті нүктенің төмендеу температура жағына жылжуы тән болса, жыл құстарында бұл құбылыс өте төмен немесе мүлдем жоқ деуге болады.

Химиялық жылу реттеудің едәуір жоғары деңгейі қыс уақытта, осы процесті энергетикалық қамтамасыз ететін, адаптация бейімделуді талап етеді. Мұндай бейімделу мына мысалдан байқалады: суық аймақтарда қыстайтын құстардағы май жинау процесі. Жоғарыда айтқанымыздай, май жинау тәуліктік динамиканы айқындайды: күн бойында ол жинала келіп, түнгі уақытта шығынға кетеді. Қысқы уақытта ас қорыту тиімділігі де осы сипаттас болып, тәуліктің кешкі алакеуімде белсменділікті арттыру бейімділігін кеңейте алу қабілеті арқылы организмге энергетикалық заттардың ағымын күшейтеді. Екінші жақтан қысқы уақытта құстарда қышқылдану мен фосфорланудың деңгейінің едәуір алшақтануы тіркеледі (көгершіндерге жасалған тәжірибе) мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай, жылу бөлу деңгейін ұзақ уақытқа сақтай алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.