Орнитология пәні және курс міндеттері мен мазмұны

Орнитология (грек Ornithos – құс, logos – ғылым) – зоологияның құстар эмбриологиясын, морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, систематикасын және таралуын зерттейтін бір саласы.

“Орнитология” терминін итальян табиғат зерттеушісі У.Альдрованди 16 ғасырдың аяғында енгізді. Орнитология туралы алғашқы шығарманы ежелгі грек ғалымы Аристотель жасады. “Жануарлар тарихы” деген еңбегінде құстардың 170 түрін сипаттаған.

Ғылым номенклатураның негізін және құстар классификациясын Карл Линней “Табиғат жүйесі” деген еңбегінде көрсетті.

Ч.Дарвин Галапагос аралдарындағы зерттеулер – органикалық дүниенің эволюциялық теориясы жасалды.

Ағылшын ғалымы Т.Гэкслидің, орыс ғалымы Мэнзбирдің, неміс ғалымы Фюрбрингердің зерттеулері 19 ғасырдың аяғында құстар классификациясының негізі болды.

Құстардың жер бетінде кеңінен таралуы туралы мәліметтер ағылшын ғалымы Ф.Склеттерге жер шарының орнитогеографиялық аймаққа бөлінуіне мүмкіндік берді. Кейінірек орыс ғалымдары Н.А.Серверцов (1877) және М.А.Мензберг (1888-1892) полиарктикадағы құстарды бөлді.

18 ғасырда Ресейде түрлі экспедициялар ұйымдастырылды. П.С.Паллас, Н.Я.Зерецковский, С.П.Крашенников және басқалар – Карелия мен Қырымның, Камчатканың жерлерін зерттеп, құстарын сипаттады. Соның нәтижесінде П.С.Паллас “Зоогеография Россо — Азиатка” деген еңбегін шығарды.

19 ғ ортасында орыс ғалымдары Н.М.Прежевальский, П.М.Козлов, М.М.Березовский Орталық Азия жерінің құстарын зерттеді.

Ресейде Орнитологиялық орталықтардың бірі болып Москва университеті саналады.

19 ғ. аяғы 20 ғ басында орыс ғалымы К.Ф.Рульс орыс орнитологиялық мектепті ұйымдастырды.

Бұл мектеп құстар морфологиясын, фаунистикасын, систематикасын, орнитогеографиясын зерттеді. Осы мектептің ғалымдары Н.А.Северциов, М.Л.Мензбер орнитологияның дамуына ерекше үлес қосты.

Октябрь революциясынан кейін – бірнеше зоологиялық мекемелер ашылды. Институттар, лабораториялар, қорықтар ашылып жұмыс жүргізілді.

Соның нәтижесінде көптеген зерттелген еңбектер шықты. Карпат пен Белоруссияның, Прибалтика мен Оралдың, Қазақстан мен Алтайдың құстары зерттелді. Г.П.Дементьева мен Н.А.Гладкованың 6 томдық “Фауна СССР” деген еңбегі жарық көрді.

Қазіргі орнитология – зоологияның кеңінен зерттелген аймағы. Орнитология көптеген пәндермен байланысты. Қазіргі құрлықтың зоогеографиялық бөлінуі құстардың жаралуы туралы мәліметтерге сүйенеді. Популяциялық экология, этология, генетика құстары орнитология ғылымымен байланысты.

Құстар физиологиясын экспериментальды зерттеуі кеңінен дами бастады. Қазіргі проблемалардың бірі орготопериодизм, энергеткиалық баланс, тұздардың алмасуы кеңінен зерттелуде.

Орниология ғылымы ауыл, орман шаруашылығында ерекше орын алады. Түрлі биологиялық әдістермен зиянкестермен күресу жүргізу әдісін жасайды.

Көптеген елдердің орнитологтары ұлттық ұйымдарға бірігуде. Британ орнитологиялық бірлестігі, Бомбей натуралистер қоғамы. Жылда түрлі зоологиялық журналдарда 2500-ге жуық мақалалар шығады. Халықаралық орнитологиялық конгрестер жүргізіледі. Әр 4 жыл сайын өткізіліп тұрады.

Құстардың 8600 түрі бар. Олар 3 отрядтан жоғары топқа, 40 отрядқа бөлінеді.

1 топ – қырсыз төстілер

2 топ – жүзгіш құстар (пингвин)

3 топ – қырлы төсті құстар. Құстардың басым көпшілігі (37 отряды) қырлы төстілерге жатады. Осы топтағы торғай отрядына құстардың 5093 түрі бар. Құстарды сақиналау жабайы құстар тіршілігін зерттеудің бір әдісі. Құстарды сақиналау әдісі Данияда 1899 ж қолданған. ТМД жерінде 1923 ж құстарды сақиналау басталды. Содан бері біздің елімізде 1 млн астам құс сақиналанды.

Экология жағдайының нашарлауы құстар санына, тіршілігіне әсерін тигізеді. Қазақстан экологиясы тұрақты аймаққа жатады. Климаттың өзгеруі, ауа, су, өсімдіктер экологиясының бұзылуы, Қазақстанда құстар санының азаюына әкеледі.