Антропоген факторлар

Антропогендік физикалық әсерлер және оларды нормалау

Радиациялық әсердің шетік рауалы деңгейі. Қоршаған табиғи ортаның сапа нормативтерінің ішінде ерекше орын алатын радиоактивті әсері. Бұл нормативті белгілейтін санитарлык-эпидемиологиялық кадағалау қызметтері белгілегенде негізге алатын шамасы адам денсаулығына, оның генетикалық фондына қауіптілік тигізбеуі қажет.

Радиациялык, әсер деп радиоактивті заттектерден шығатын иондаушы сәулеленуді айтады. Кейбір химиялык элементтердің және олардың изотоптарының атом ядролары өздігінен иондаушы сәуле шығарып, ыдырайды.

Иондаушы сәулеленудің үш түрі бар: 1) көп электр зарядын алып жүретін гелий ядросының альфа-бөлшектер ағыны; 2) электрондар мсн позитрондардың бета-бөлшектер ағыны; 3) қысқа толкынды электр магниттік гамма-сәулелері. Альфа-бөлшектер ауада не бәрі бірнеше сантиметр ғана ұшып, қағаз бетімен де үсталуы мүмкін. Олар адамның киімі аркылы да, тері эпителиі арқылы да өтпейді. Бұлар адам организміне тыныс алғанда немесе тамақпен бірге түскен жағдайда ғана зиянын тигізе алады, клеткалар радиациялық зақымдануға ұшырайды. Себебі оның салдарынан организмде жүретін биохимиялык процестер өзгеріп, физикалық, химиялық және физиологиялық патология орын алып, әр түрлі аурулар, соның ішінде сәулелену ауруы пайда болуы мүмкін. Альфа-бөлшектермен салыстырғанда бета-бөлшектердің ену қабілеттілігі жоғары, организм ұлпасына 1-2 см терендікте ене алады. Денеге ену салдарында бұл бөлшектер теріні күйдіреді, пигментация немесс денеде жара пайда болады. Рентгендік және гамма-сәулелері ең төмен иондау тығыздығы болғанымен ену қабілеті өте жоғары, оларды тек калың қорғасын қабатымен немесе бетон плиталарымен ұстауға болады. Бірақ та осы уш сәуле түрінің бірдей дозаларын карастыратын болсақ ең қауіпті болып альфа-сәулелер саналады, оның қауіптілігі басқа сәулелерден 20 еседей артық.

Адамды және коршаған табиғи ортаны сақтау мақсатында ең негізгі назар аударатын объектілер болып шекті ауалы деңгейден жоғары сәулелену дозасын беретін радиациялык көздер саналады. Оларға ядролық сынақтар, атом реакторлары (электр станцияларында немесе теңіз кемелерінде қондырылған), кәсіпорындарда, мекемелерде, т. б. жерлерде қолданылатын радиоактивті материалдар, аспаптар жатады.

Электр магниттік сәуле — энергия бөле отырып, заттектер арқылы оңай отетін және ауада ұзақ қашыктыққа дейін тарайтын иондалған гамма-сәулесі және оған жақын рентгендік сәуле.

Гамма-сәулелері тірі организмнің клеткалык, тобына оңай енеді, олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбей өтуі де мүмкін, немесе өткен жолында иондануды қоздыруы мүмкін. Олардың әсері мөлшерге және энергия түріне, сонымен қатар организм мен сәуле шығаратын көздің алшақтығына байланысты.

Иондайтын және кейбір иондамайтын электр магниттік (инфрақызыл, ультракүлгін және т. б.) сәулелердің әсерінен адамның белгілі бір органдары мен ұлпалары закымдалады. Мысалы, альфа-сәулелену беретін көздер — радий, уран, плутоний, бэта-сәулену көздері — стронций және иттрий, гамма-сәулелену көзі- цирконий сүйектердс жинақталады.

Иондайтын сәуле мөлшеріне карай адамды сәулелік аурудың жедел немесе созылмалы түрлеріне шалдыктырады. Организм арқылы откен сәуле мөлшсрі 100 рснтгеннен аспаса ауру жеңіл түрде байқалмай өтуі мүмкін, ал 100 рснтгеннен жоғары молшерлер аурудың белгілерін айқын көрсетеді. Ауруга шалдыққан адамның сүйек кемігінің қызметі бұзылады, қан азаяды, тіршілік әрекеті және иммунитеттік қабілеті төмендейді.

Тірі организмдердің әр түрлі органдарының өздеріне ғана тән сәулелену сезімталдыктары бар.

Санитарлық ереже бойынша электр магниттік сәулелену бар жерде тұрақты тұруға болмайды. Құрылыс практикасында олардан қорғайтын материалдарды кеңінен қолдану қажет.

Иондайтын сәулелердің қарқындылығын жартылай төмендету олардың енетін ортаның табиғатына және қалындыгына байланысты келеді (кесте).

Гамма сөулелердің мөлшерін жартылай төмендететін қабат шамасы

Гамма-сәулеле-ң

энер-гиясы, МэВ

Жартылай төмендететін кабаттың шамасы
Ауа, м Алюминий, см Қорғасын, см

 

0,5 60 3,2 0,4

 

1,0 85 4,4 1,0

 

2,0

 

120 6,0 1,4

 

Шу, вибрация (діріл), магнит өрістері әсерлеріне және басқа да зиянды физикалық әсерлерге қатысты шекті рауалы деңгейлердің нормативтері. Шу, діріл, магнит өрістері және басқа физикалық әсерлер шартты түрде адамды коршаған ортаның акустикалық ластануына жатады. Бірінші кезекте акустикалық ластанудың әсер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады.

Адамзат барлық уакытта дыбыс пен шу дүниесінде өмір сүріп келе жатыр. Адам құлағы кабылдайтын сыртқы ортаның механикалық теңселуін дыбыс деп атайды. Естілетін дыбыс 16 Гц — 20 Гц, инфрадыбыс — 16 Гц-тен төмен, ультрадыбыс — 21 кГц -1 Ггц. Инфрадыбыс пен ультрадыбыс адамның кұлағы қабылдамайтын дыбыстарға жатады.

Ультрадыбыстың жиілік диапазоны – төменгі жиілікті (20-100 кГц) және жоғары жиілікті (100 кГц-1000 МГц) болып бөлінеді. Ультрадыбыстарды газдар сүйықтықтармен салыстырғанда бірнеше есе жақсы сіңіре алады. Мысалы, ауада ультрадыбыстың сіңу коэффициенті сумен салыстырғанда 1000 есе жоғары.

Ультрадыбыс онеркәсіпте текссру-өлшеу (дефектоскопия, мұржалар кабырғаларының калыңдығын анықтауға және т. б.) мақсатында қолданылады, сонымен қатар әртүрлі технологиялық процестерді жүргізуге және күшейтуге (бөлшектерді тазалауға, пісіруге, дәнекерлеуге, үгітуге және т. б.) Ультрадыбыс диффузия процестерін, ерітуді және химиялык реакцияларды жылдамдатуға да пайдаланылады.

Ультрадыбыстың баска дыбыстар сияқты адам организміне тигізетін зиянды әсері бар. Ол нерв жүйесінің бұзылуына, тамырдағы қысым мөлшерінің, канның кұрамы мен қасиетінің өзгеруіне себебін тигізеді. Ультрадыбыс ауа, немесе сұйык және қатты орта аркылы өтеді. Адам организміне түйіскен байланыс арқылы өткен ультрадыбыс өте кауіпті келеді.

Қатты үздіксіз дыбыстарды шу дейді. Шу адамзаттың өмір серігі. Деңгейіне қарай шу адамға колайлы және колайсыз әсер тигізеді. Мысалы, табиғи нәзік шулар — жапырактардың сылдыры, өзен ағысының дыбысы, құстар әні, т. б. адамға қолайлы әсерін тигізеді, нерв жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылады. Ал қатты шулардың пайда болуы адамдардың есту кабілеттерінің төмендеуіне және әр түрлі нерв жүйе ауруларының көбеюіне себеп болады. Ұзаққа созылған қатты шулар жүректің, бауырдың жұмыс істеу қабілеттерін бұзады және нерв клеткаларын тоздырады. Нервтік жүйе клеткаларының әлсіреуіне байланысты бүкіл организмнің жұмыс істеу қабілеті төмендеп, әртүрлі патологиялык, өзгерістер орын алады. Қатты шулар тек адамдарға ғана емес өсімдіктер мен жануарлар әлеміне де қолайсыз әсерін тигізеді. Мысалы, шулы көшелерге жақын жерден ұя салған құстардың қанында холестерин мөлшері, тыныш жерде үясы бар құстардікінен анағұрлым жоғары болатынын биологтар талай рет тәжрибе түрінде дәлелдеп жүр.

Әр түрлі механикалык, аэродинамикалық және электр магниттік кұбылыстар шудың пайда болуына себеп. Машиналар мен механизмдер жұмыс істегенде олардың бөлшектері бір-біріне соғылысу мен кажалудың арқасында және өндірістерде қолданылатын соғылу процестерінің (штамптау, темір соғу) нәтижесінде шудың механикалық түрі орын алады.