Атмосфералық ауа оның өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы

Өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты және қалалар мен өнеркәсіптік қалалардың өсуіне байланысты атмосфераның тозандык және газдық құрамы өзгерді.

Атмосфераның табиғи кұрамының адамзат баласының іс-әрекеті нәтижесінде өзгеруінің өзі ауаның ластануы болып есептелінеді. Өнеркәсіптің дамуы, ормаңдардың жойылуы және көптеген жерлердің есепсіз жыртылуы, топырак бетінің үрленуі, ормандағы, даладағы өрттер, міне, осының бәрі ауадағы тозаңның көбеюіне әкеліп соғады. Атмосферадағы тозаңның көп бөлігі, қазіргі кезде жыртылған жердің желдің әсерінен үрленіп (қара боран) ауаға көтерілуіне байла-нысты. Сондықтан да, жел эрозиясына карсы күресу тек топырақ құнарлылығын сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар, ол шаралар ауаны ластанудан қорғаудың көрнекті проблемаларының бірі болып есептелінеді.

Жылу электр станциялары жұмыс істеген кезде атмосфераға көптеген мөлшерде күл бөлініп шығатыны өзінен өзі белгілі. Мысалы, Тараз ГРЭС-і жұмыс істеген кезде прайдаланылған қою қарамайды жағудан ай сайын ауаға 4 мың тонна күкірт қышқылы бөлінсе, Тараз фосфор зауыты жылына атмосфераға 35,5 т улы тозаң, ал калған өндіріс орындары ауаға 165 мың тонна зиянды тозаң шығарады. Әрине, бізде бірде бір ғалым мұны өлшеген жоқ, теориялык есептеулер ғой.

Сапалы газы мен мұнай арқылы әлемге әйгілі болған қазақ жеріндегі қарашығанақ пен құлсары мұнайына кімдер қызықпайды десеңізші. Өңіріндегі ауадағы күкірт пен оның қосындысының, кебеюі салдарынан сол аймактағы құстар мен жануарлар қырыла бастаған.

Дәл сондай қатерлі жағдай Атырау каласында да кең орын алып отырғанын жасыруға болмайды. Бір жылдың ішінде химия зауытынан 499 тонна ангидрид, аммиак т. б. заттар бар газдардың химиялык құрамын толық аныктай аламыз.

Қорғасын, цемент, химфарм зауыты бар Шымкент қаласынын жағдайы да ауыр. Жыл сайын ауаға 72 мың тонна күл аралас түтін мен зиянды заттар көтеріліп ауаны ластайды.

Қазақстан Республикасының бұрынғы астанасы Алматы қаласы да, республикамыздың экологиялық жағдайы нашар қалаларының біріне айналып кеткен. Қаланың ауасында адам денсаулығына зиянды заттардың мөлшері жыл өткен сайын көбейе түсуде. Оларға формальдегид, азот тотығы және күкірттің қос тотығы жатады. Ол заттар автотранспорт пен жылу электр өнеркәсіптерінің шығарған улы заттары болып табылады. Автотранспорт ауаға тәулігіне 500 тоннаға жуық улы заттарды бөледі.

Екібастұз жылу электр станцияларының мұржаларынан ыстық күл аралас түтін шығып, қала халкының өміріне қауіп төндіруде. Мысалы, 1986 жылы ауаға 2 миллион 190 мың тонна зиянды коспа, 1988 жылы 754 мың тонна күл, 5400 мың тонна күкіртті ангидрид бар, 133 мың тонна азот тотығы, 36 мың тонна көмір кышкылы, 21 мың тонна кемірсутегі ұшты.

Күкіртті газ ауадағы сумен күкірт қышкылының тамшысын түзеді. Ол кышқыл жаңбыр түрінде жерге түсіп металға, бояуға, синтетикалық қосылыстарға» өсімдік пен жануарларга да әсер етеді.

Көмір қышкыл газдың атмосферада концентрациясының өсуі «Парниктік эффект» «жылыжанлық» әсер береді. Оның мәні мынада: жер бетінен шыққан жылудың кері өтуіне көмір қьшқыл газы кедергі жасайды. Сондықтан атмосферада бұл газдың концентрациясының өсуі жер бетінің ауасының орташа температурасының көтерілуіне әкеп соғады.

Қаладағы шан-тозаң күн нұрының ұзақтығын азайтады, соның нәтижесінде ауру туғызатын бактерияларды өлтіретін ультракүльгін сәуленің қарқындылығы азаяды. Міне, сондықтан калалык жердің ауасында ауылдық жердің — ауасымен салыстырғанда жұқпалы ауру тарататын микроорганизмдердің мөлшері көп болады.

Ауадағы жүретін биохимиялық реакциялар түтін тәрізді туманның (смог) пайда болуына әкеледі. Олар белгілі жағдайларда пайда болады: біріншіден, қаланың ауасына көп мөлшерде бөлінген шаң мен газдың мөлшеріне байланысты; екіншіден, антициклональдық ауа-райы жағдайына байланысты ластаушылар атмосфераның жерге жақын жеріне орналасады.

Атмосфералық ауаны ластаудан қоргау жонінде шаралар

Ауаны ластаушылармен күресудің бір жолы — ол кейбір ластаушыларды кала мен селодан алысырақ жерге төгу. Зауыттар мен жылу электр станцияларына биік мұржалар орнату. Ол мүржалар күлді, газдарды ауаның ағыны арқылы жан-жаққа таратып жібереді. Кейінгі кездерде бұл мұржаларға сүзгіштер орнатылды. Бірақ бұл сүзгілер де толығымен ластағыш заттарды ұстап қала алмайды. Сондықтан да за-уыттар мен жылу электр станциялары жел жаққа салынуы керек.

Ауаның тазалығын сақтаудың еңбір тиімді жолы — тек қалдықсыз өнеркәсіпті ұйымдастырғанда іске асады. Мысалы, кейбір қалаларда өнеркәсіп қалдықтарын күкірт қышқылын алу үшін газды ұстап қалу аркылы тазалау жүйесін енгізген. Жылу электр станциясы көмір кышқыл газының концентрациясының өсуіне жағдай жасайды. Сон-дықтан да казіргі кезде жылу электр станцияларының орнына атом электр станциялары қолданылады. Бүл өте қауіпті. Чернобыль атом апаты. Атом электр станциялары ауаны шаңмен, күлмен, көмір қышқыл газымен ластамайды және оттегін қолданбайды. Атмосфераның ластануына автотранспорттың қосатын үлесі зор. Кейінгі кезде автомобильдерге бензиннің орнына газбен және электр қуатымен жүретін етіп ауыстыруда.

Ауаның тазалығын сақтаудың ең маңызды жолының бірі — жасыл өсімдіктерді көптеп өсіру. Өсімдіктер ауаны шаң-тозаңнан тазартып, шудан қорғайды. 1 гектар жерге отырғызылған ағаш күндіз 280-300 ки-лограмға дейін көмір қышқыл газды сіңіріп, 220-килограммға дейін оттегін-шанды ұстайтыны туралы қолымызда ғылыми деректер бар.