Биотикалық факторлар

Әдетте өсімдіктер топ түзіп, басқа компоненттерімен бірге яғни жануарлар микроорганизмдер, топырақтар мен бірге белгілі дәрежедегі экосистемаға енеді. Өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдердің өзара әсері ерекше топты құраушы биотикалық факторларды келтіріп шығарады. Биотикалық фактор дегенде барлық тірі организмдердің өмір сүру процесінде өзара бір – біріне байланысы. Соған байланысты табиғатта өсімдік не жануарлар немесе микроорганизмдер түрі жалғыз жасай алмайды, бір-біріне әсер етеді.

Биотикалық факторлар төмендегі топтарға бөлінеді:

  1. Өсімдіктердің өсімдікке әсері
  2. Жануарлардың өсімдіктерге әсері
  3. Микроорганизмдердің өсімдіктерге әсері
  4. Өсімдік жануарлар микроорганизмдердің өзара әсері.

Топтағы өсімдіктер әрдайым басқа өсімдіктер әсерінде болады. Өсімдіктердің өсімдіктерге әсері турадан – тура көрсететін әсері төмендегіше паразитизм, симбиоз, бір өсімдіктің басқа өсімдікке меаникалық әсері, бір өсімдіктің басқа өсімдікті сығып шығаруы, лианалар, эпифиттер.

Паразитизм – бір өсімдік басқа өсімдік есебінде өмір сүреді. Көпшілік төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғары сатыдағы өсімдіктер де паразиттік өмір сүреді. Олар: саңырауқұлақтар, бактериялар. Бұл өсімдіктер негізгі өсмдіктерге залал келтіреді. Көпшілік жағдайда құтырып қояды.

Жасыл жапырақтарын жоғалтқан негізгі өсімдік есебінен қоректенетін өсімдіктерді толық паразиттер деп атайды. Бұлардан басқа шала паразиттер болады. Бұлар хлорофилге ие болып өздері көмірсулар, түзеді бірақ ие өсімдіктер есебінен тұз, суларды сіңіреді. Шала паразиттерге мысалы ақ омела ол ақ қарағайда, алмада, текте болады.

Симбиоз-бұл өсімдіктердің бірге жасауы мысалы лишайник балдырлармен бірге өмір сүреді. Саңырауқұлақ топырақта минерал тұздарды сорып алады. Саңырауқұлақ ретімен балдырлардан кейбір қоректік заттарды алады. Мысалы микрози саңырауқұлағының жоғарғы сатыдағы өсімдіктер тамырында өмір сүруі. Ішкі эндотроф, сыртқы экзотроф микоризалар болады.

Эндотроф микоризада саңырауқұлақтар тамырының ұшында болады. Экзотроф микоризада өсімдік тамырларының ұшын қабықпен орап алған болады, эндотроф микоризалар арқылы. Көпшілік өсімдіктер мысалы архидея, аршагүл масақты өсімдіктер нитрат тұздары аз топырақтарда өсуі мүмкін. Бұлардан басқа ризосферадағы саңырауқұлақтар өсімдіктер азотты бірікпелі тұздардан пайдаланады.

Экзотроф микоризада саңырауқұлақ гифтері арқылы тамырда орын алмастан, тамыр клеткаларының ортасына еніп, олардағы шырындыларды сорады. Саңырауқұлақтардың сыртқы гифалары тамырдан ажыралған заттармен қоректенеді. Саңырауқұлақтардың дербес гифтері топыраққа еніп, ондағы су және еріген заттарды сіңіреді. Бұл өсімдіктердің өсіп-дамуына ықпалын тигізеді.

Лианалар басқа өсімдіктерден таяныш есебінде пайдаланып өсетін өсімдіктер. Лианалар жарық сүйгіш өсімдіктер. Жапырақтарына жарық жақсы түсуі үшін олар басқа өсімдіктерден жоғары тұрады. Лианалардың сабағы нәзік болып, вертикал жағдайда өсе алмайды, соның үшін олар басқа өсімдіктерге ағаш-бұталарға ілесіп өседі. Лианаларға жабайы жүзім, лимон шөптер жатады. Тропикалық ормандар лианаларға бай, олар бұл жерлерде жақсы өсіп, дамиды.

Эпифиттер басқа өсімдіктерде өсуші өсімдіктер. Олар өскен өсімдіктерден таяныш ретінде пайдаланады. Бірақ оларға залалдық келтірмейді. Әдетте олар ағаштарда, бұталарда, лианаларда, сабақтар арасында өседі. Эпифиттер ауасы ылғалды болған тропикалық облыстарда көптеп кездеседі. Өсімдіктердің өсімдіктерге әсері топырақ, температура, жануарлар, микроорганизмдер арқылы өтеді.

Фитоценозда бір өсімдік басқаларға қарағанда, жоғары болады. Белгілі – бір орта құрушы болып есептелінеді. Бұл негізгі өсімдік жайлап ортаны өзгертіріп бір түрдегі өсімдіктер үшін қолайлы жағдай, екінші түрдегі өсімдіктер үшін қолайсыз жағдайларды келтіріп шығады.

Жануарлардың тарқалуында белгілі топтағы фитоценоздары мен байланысты болады. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара қарым-қатынасын үйренуде жануарлардың өсімдіктерге әсерін білу керек. Жануарлардың өсімдіктерге келтіретін зарары өсімдіктерді жеп тауысу және майқандау. Көпшілік жағдайда өсімдіктерді жеуі пайдалы болады, ескі өркендері азаяды. Жануарлар мен өсімдіктердің өзара әсері ашық шынжыр арқылы болады. Өсімдіктер және олардың жемісін жануарлар жегенде, өсімдік жабындысына үлкен әсер етеді. Жануарлар өсімдіктердің көптеп ұрығын жоғалтады. Шегірткелер өсімдіктерге үлкен залал келтіреді. Жануарлар өсімдіктерге топырақ арқылы әсер етеді. Түрлі жануарлар өсімдіктерге топырақты өңдеу мысалы: тышқандар, топырақты кеулестіріп, топырақты өңдейді нәтижеде өсімдіктердің өсуіне әсер етеді. Мыс: жер қазушы кроттер зымыран қазық тышқандар.