Жануарлардың биосферадағы және адам өміріндегі маңызы

Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір – бірімен тығыз байланысты. Жануарлар өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды. Олар атмосфераны көмір қышқыл газбен байытады, топырақты қимен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырып, бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі.

Жер бетінде және суда өмір сүретін жануарлар адам баласына тамақ, бағалы аң терілерін және тағы басқа шикізаттар береді. Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан аумағының ормандары мен кең байтақ жазық даласында, өзен көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен барлық республикалар ішінен екінші орын алады. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанда 1 млн 350 мыңға жуық ақбөкен ауланып, одан 23-25 мың тонна ет, 35-40 тоннадай дәрі жасалатын мүйіз өндіріледі. Қазақстанда дәмді ет, құнды терісі үшін аңдардың 60-тан астам түрі ауланады. Олардың ең бастылары – ақ тиін, сусар, бұлғын, ондатр, суыр, түлкі, зорман, ақбөкен және т.б.

Қазақстанда аса құнды кейбір андары фермаларда өсіру ең етек алып келеді. Қазір күміс қара түлкі, көгілдір түлкі, су күзені, су камшаты қолда бағалы.

Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесі екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Адам осы жануарлардың көптеген түрлерінің жойылып кетуіне себепкер болған. Әсіресе, ірі жануарлар орман күкіртті газ бен кермийдің қос тотығының әсерінен өзгеріске ұшырағаны анықталған.

Міне, осы зерттеулердің көрсеткіштері қладғы ауаның, судың ластануының және әр түрлі шудың адам денсаулығына қалай әсер ететіндігін көрсетеді.

Ауылдық жердің экологиялық жағдайы қалалық жермен салыстырғанда едәуір жақсы, ауасы таза, орамны қасында, өзені сылдырап ағып жатыр, құстардың бақ тұрмысын улы ғалым Шоқан Уалиханов былайша сипаттаған еді: “Дала тұрғының басқаша көрініс, басқаша табиғат қорғайды, онда аңның да, құстың да арасында еркіндік бар. Жайқалған өзен, кең айдынды тұнық та, жарқын, үйрек, қаз, аққулар су бетінде әсем қалықтап жүзеді, қиқулап үн қосады, бірақ бәрі де орынды, жарасымды, бір – біріне тиіспейді. Ақ шағала көк күмбезіне еркінше сүңгіп шомылып жүр. Бозторғай аспан төріне қағады. Қиырсыз, шексіз теңіздей дала мың түрлі шөп жамылған. Нәзік, майда майысқақ гүлдер жасыл дастархандай жайылып жатыр. Самал желдің сипап өткен екпіні біркелкі толқындап сыбдыр қағады”.

Міне, осы сүреттеменің өзі қаламен салыстырғанда ауылды жердегі экологиялық жағдайдың жақсы екенін көрсетіп тұрған жоқ па! Бірақ, ауылды жердің бәрінің ауасы да, суы да таза, экологиялық жағдайы жақсы деп айтуға болмайды. Мысалы, Арал өңіріндегі, Қызылорда облыстарында ауыз су тапшы, Байқоңырда түрлі ракеталар және әскери техника сынақтан өткізілуге байланысты осы өңірлердің ауасы, суы, топырағы да ластанған.

Жануарлар мен жәндіктер бірін – бірі жейді. Мұның пайдалы жағы да бар. Мысалы жыртқыш аңдар көбінесе әлсіз, ауру, жөнді жүгіре алмайтын жануарларды ұстап жейді. Сөйтп күшті түрлердің сұрыпталып қалуынга, сол түрдің қарқынды дамуына әсер ететін ғылыми тұрғыдан анықталады.

Ақ қояндарға ішек құрт індет тараған кезде түлкі мен иттер көбінесе олардың аурулары, әлсіздерін ұстап жейді. Сөйтіп аурудың басқа қояндарға таралуы тежеледі. Бүркіттер обамен ауырған суырларды аулайды. Сөйтіп күшті суырлардың өсуіне мүмкіншілік туғызады. Бұл – үздіксіз болып тұратын табиғи процесс.

Паразитизм– бір организмнің басқа организмдер арқылы тіршілік ететін түрлері. Паразиттер денедегі шырындарды, тканьдерді қорек етеді. Паразитизм негізі қоректік заттармен байланысты екені кейінгі кезде толық анықталды.

Паразиттер факультативті және облигатты болып бөлінеді. Факультативті түрлері өз бетінше де өмір сүре алады. Облигаты, яғни нағыз паразиттер – эктопаразиттер (сыртқы) және эндопаразиттер (ішкі) болып бөлінеді.

Паразиттерді бірнеше топтары болады. Мысалы, микроорганизмдерде (бактериялар, вирустар), өсімдіктерде (дат және қара күйе, саңырауқұлақтар; арам сояу т.б.) және жануарларда (жалпақ, жұмыр құрттар, жәндіктер, кенелер) бар.

Түр аралық бәсеке қалай пайда болады? Бір жерде бірге тіршілік ететін бір ғана түрдің тұқымдастары сол жердегі басқа бір түрге жататындарды әлсіретудің түр аралық бәсеке деп атайды. Шегірткемен, шөппен қоректенуші сүтқоректілердің өз арасында да бәсеке болады деп Дарвин айтқан еді. Бұғылар артқы аяғымен тұрып ағаштардың жапырақтарын шалып жеп қойғандықтан зубрлардың саны азая түскен.

Өсімдіктер түрлерінің бәсекелестік өзара қарым-қатынасында, олардың жер бетіндегі сабақтарынан гөрі тамырлары үлкен роль атқарады. Мұнда бұғылардың бір-бірін әлсіретуінің неше түрлі жолдары болады. Бір өсімдік екінші бір өсімдіктің дамуына қажетті минералды элементтері мен ылғалын тартып алады. Арам шөптердің мәдени өсімдіктерге тигізетін зиянды әсері де осындай. Кейбір жағдайларда бір өсімдіктердің тамырлары екінші бір өсімдіктердің өсуіне бөгет жасайды.

Паналастық – бір түрдің мекенін екінші бір түрдің иеленуін паналастық деп атайды. Мысалы, Ашхабад маңындағы үлкен құм тышқанының індерінде моллюскалар, кенелер, шаяндар, сүтқоректілер, рептилиялар, жалпы 200-ден астам түрлері паналайды.

Комменсализм — жануардың бір-біріне зиян келтірмей, бірінен қалған кеміктің қалдығын екіншісі жеп тіршілік етуі. Мұны комменсализ немесе жемтектестік дейді. Құмырсқа илеулерінде қалдық жейтін қоңыздар және олардың личинкалары көп болады.

Симбиноз– екі түрдің бірімен-бірі селбесіп тіршілік етуі. Қорыта келгене, өмір сүру өзгешеліктері, өсіп-нуі, қоректенуі және бірімен-бірінің өзара қатынастары бірімен бірі тығыз байланыста тіршілікетеді. Биосферадағы тіршілік шебер қолмен жасалынған әлем кеңістігіндегі механизм сияқты. Табиғаттың тамаша көріністеріне көз жіберіп қарағанда ондағы тірі организмдердің зиянды түрлері жоқ. Олардың бәрі біртұтастай сағат механизмінің бөлінбес бөлшектері сияқты. Ал биосфера қалыпта шамадан сәл ғана өзгеретін болса, онда биосферадағы үйлесім шарты бұзылады. Сондықтан табиғатты қорғау, оның заңдылықтарын сақтау қажет.