Босфераның қазіргі кездегі экологиялық жағдайы

Адамның іс-әрекеті жыл санап биосферадағы өтіп жатқан процестерге әсер етуде. Адамның іс- әрекет нәтижесінің биосфераға әсер етуі жөнінде кейбір мәселелермен біз алдыңғы тақырыптарда танысып өттік. Биосфера белгілі бір деңгейге дейін осы өзінде болып жатқан процестерді реттеп отыруға қабілетті. Бірақ, мұндай әсер етулер шектен тыс өсе берсе биосферадағы тепе – тендік бұзылып, экологиялық апаттарға әкеліп соғады.

Ғалымдардың есептері бойынша кеінгі кезде сотүстікте ауаның орташа температурасы ХІХ ғасырдың соңымен салыстырғанда 0,5-0,60 С-қа көтеріле бастағаны байқалады.

Биосферны зерттеуші ғалымдар ауа температурасының осылай көтерілуін атмосферада көмір қышқылының газының мөлшерінің көбеюімен байланысты деп түсіндіруде.

Экологиялық проблемалар жылу энергетикалық өнеркәсіптерде энергия алумен де байланысты. Қазіргі кезде электр энергиясы негізінен су электр станцияларына, жылу және атом станцияларынан алынады.

Су электр станцияларының табиғатқа зияны жоқ сияқты болып көрінеді. Ал шын мәнінде бұлар табиғатқа да, адамға да орна толмас зиян келтіреді. Ең алдымен:

  1. үлкен өзендерде бөгеттер салу үлкен аймақтардың су астында қалып қоюына алып келеді, мұның өзі шабындық жерлердің жоғалуына әкеліп соғатыны анықталып отыр;
  2. өзендерде бөгет салғанда балықтардың уылдырық салу үшін миграция жасауына кедергі жасайды;
  3. су қоймаларында су тұрып қалады да ағысы төмендеп суда және су жағасында тіршілік ететін барлық тірі организмдердің тіршілігіне әсер етеді;
  4. судың көтерілуі жер асты суларына әсер етіп, су жағасының балшыққа айналуына әкеледі, сонымен қатар, таулы өзендердегі бөгеттер жер сілкінісі жиі болатын жерлерде де қауіп төндіреді.

Экологиялық жағынан алып қарағанда атом электр станциясы қазіргі энергетикалық кешендердің ішіндегі тазасы болып саналады. Бірақ жер бетіндегі тіршілік иелеріне өте қауіпті. Радиоактивті қалдықтар қалдырады. Көмірдің аздаған табиғи радиоактивтігі барын көп адамдар біле бермейді. Жылу электр станциясында көмір өте көп жағылатын болғандықтан, радиоактивтік ластану атом электр станциясына қарағанда жоғарырақ.

Дегенмен, адамзат баласы өзінің тіршілігі мен аман саулығы орман экожүйесімен биосферасындағы байланысты екенің түсінді. Соңғы жылдар әлемнің көптеген елдерінде орман отырғызу жұмыстары қолға алына бастады. Оның ішінде ҚР территориясында іске асуда.

Тірі организмдердің қоршаған ортамен байланысы Жердегі біртұтас және өте күрделі жүйе тіршілікті жасайды. Адамзат баласы осы тіршіліктің бір бөлігі. Ол да тірі табиғаттың дамуының нәтижесінде пайда болды, табиғатпен тығыз байланыста дамып, со табиғаттың арқасында өмір сүреді. Адамзаттың қазіргі кездегі аман саулығы және болашақ тағдыры біздің биосферадағы тіршіліктің жалпы жүйесіне баланысты.

Қазіргі кездегі техника мен көп мөлшердегі энергияны пайдаланатын адамзат қоғамы жердің табиғатына ықпал ететін қуатты күш. Егер адамзат табиғаттың заңдылықтарын ескермей және миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық апаттарға әкеліп соғатыны сөзсіз. Қазірдің өзінде адамдар өз іс — әрекеттерінің нәтижесінде бірнеше табиғи экологиялық аппатраға ұшырады және табиғаттың қазіргі жағдайы адамдарды қатты толғандыруда. Міне, сондықтан да қазіргі кезде экология осы табиғи дағдарыстардан шығуға жол көрсетуге көмектесетін ғылым ретінде ерекше маңызға ие болып отыр. Табиғаттың байланыстарының заңдылықтарын аша отырып, адамдар айналасын қоршаған сыртқы табиғи ортамен өздерінің қатынастарын қалай өзгертіп және ұйымдастыру керектігін тереңірек түсінуде. Бұл мүмкіндіктердің бәрі көбінесе, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты.

Жер бетінде экологиялық сауатты шаруашылықты жүргізу үшін, орта мен жеке организмдердің әсерінен бастап бүкіл биосферадағы тіршіліктің байланысын және ондағы адам қоғамының орны туралы өте көп нәрсені білу керек.

Төтенше тіршілік жағдайы ядролық сынақтардың әсерінебайланысты Адам экологиясы Қазақстан үшін бүкіл халықтық және мемлекеттік проблема болып отыр.

Тіршіліктің жер бетінде пайда болғанына 5-6 млрд жылдан артық өтті. Ұзаққа созылған бұл мерзім ішінде бір клеткалы қарапайым организмдерден құрылымы да, түр өзгешелігі де, сан алуан өсімдіктер, ен жануарлардың таңғажайып түрлері п.б.

Организмдердің бірі тундраны, екіншілері көлді, үшіншілері тауды, төртіншісі шөлді, бесіншілері дархан даланы мекендейді. Олардың әрқайсысы сол, өзі тіршілік еткен ортаға бейімделген.

Адамзат баласының өз табиғатына сай қоғам құра бастағанына мың жылдай ғана уақыт тті. Темір мен пайдалы қазбаларды пайдалана бастағнына 4-5 мың жыл ғана болды.

Жер бетіне алғаш басқан қадамынан бастап, Адамзат баласы өмір сүрген ортасына, басқа биологиялық түрлерге қарағанда әлдеқайда артқы өзгерістер енгізе бастады. Оның салдары биосфераның биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін де және қоғамның шаруашылық мақсаты үшін қолайлы жағдай тудырып отырды деуге болмайды.

Алғашқы кезде адамзат баласы жануарларға ұқсас биосфераның бөлігі болатын. Ол кезде оның көбеюі, өсіп — өнуі, таралуы толығымен айналаны қоршаған ортаның қолайлы қолайсыз жағдайларына тәуелді еді. Биосфера жағдайларының қолайлы, азықтық қорды мол мекендерде, олардың өсіп-өнуі бір қалыпты шамада өрбісе, азықтық қордың жеткіліксіз жерінде олардың өсіп — өнуі әр уақытта үлкен дағдырысқа ұшырап отырғаны белгілі. Уақыт өте келе адам өзінің айналасын қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына бейімделе бастады және осы мекендерде қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларына бейімделе бастады және осы мекендерде кездесетін биосфера өзгешеліктерін өз қажетіне жарата білді.

Узақ уақыт бойында адамдардың биосфераға тигізетін әсері негізінен алғанда, халық санының аздығына және ғылым мен техниканың өте жай-өркендеуіне байланысты тежеліп келді. Бірақ адамзат баласы сол көне заманда да биосфераға көлемді ықпал жасап үлгерді.

Көптеген жануарлар түрлеріне керісінше, адамзат баласы өмір өмір сүрген ортаны шаруашылық әрекетінің әсерін байқаудан бұрын іске жарамсыз етіп, бұзып жіберді. Осының салдарынан адам мен биосфера арасындағы тепе – тендік, өмір сүретін мекеннің көптеген қайтымсыз өзгерістеріне ұшырағаннан кейін ғана барып орнайды. Бұған қарсы, мысалы, бір жерде шөп қоректі жануарлар тым көбейіп кетсе, ол жайлымның тым тапталып, шөп шығымының кемуіне әкеліп соғады. Келесі кезекте олардың көбі аштықтан өледі. Бұл жағдайда биосфера түпкілікті өзгеріске ұшырамайды, тек ол жануарлар санының құбылуымен шектеледі. Адамзат баласы мен биосфера арасындағы биологиялық тепе – тендік тым ертеректе-ақ, адамзат баласы бірыңғай мал және егін шаруашылығымен шұғылдана бастаған кезде құрып біткен болуы керек.

Сонымен, алғашқы қалыптасқан биосфераның тепе – тендік биологиялық процесі халық саны көбейіп, адам жаңа техникалық құралдарды пайдалана бастаған кезден бастап, түпкілікті өзгерістерге ұшырады. Биосфераға жасалған зорлықтың нәтижесінде бұл құрылықтағы көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлері жер бетінен мүлдем жойылып кетті.

Адам биосфераның бір бөлігі болғандықтан, үнемі онымен тығыз байланыста тіршілік етеді. Адамның, жан – жануардың тіршілігі үшін ең қажетті нәрсе – ауа. Себебі Жер бетінде тіршілік ететін барлық тірі организмдер ауамен тыныс алады. Егер адам тәулігіне 4-5 л су және тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа жутады. Тамақсыз адам бес жетіге, сусыз бес күнге және ауасыз бес минутке ғана шыдай алады. Тірі организмнің тіршілігі ауасыз мүмкін емес, міне, сондықтан да халық бір заттың маңызын көрсету үшін ауаға теңеп “ауадай өте қажет” деген.

Жердің айналасын қоршап тұрған газды қабат “атмосфера” д.а. Атмосфераға адам, жануар және өсімдік дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге, оған Жер шарын қоршаған газды қабат та жатады. Оның құрамы негізінен азот (78,09 %) пен оттегінен (20,95 %) тұрады.

Атмосфера Жер бетін космостан түсетін метериориттерден қорғайды, дәлірек айтсақ, олар атмосфераның тығыз қабатынан өткенде жанып кетеді. Атмосфераның өзі организмедерді тіршілігіне қауіп күннің ультракүлгін сәулелерін өткізбейді. Атмосферада жануарлардың және адамның тыныс алуына қажетті оттегі мен өсімдікке қажет көмір қышқыл газ синтезделеді.

Өсімдіктердің, жануардың, адамзат баласының экожүйе үшін атмосфераның құрамына кіретін үш газдың: оттегі, көмір қышқыл және азоттың маңызы өте зор.

Бұл газдар негізгі биохимиялық циклдарғ қатысады.

Оттегі – біздің жер деп аталатын планетамызда тіршілік ететін барлық тірі организмдердің тіршілігі үшін тыныс алуға қажетті маңызды элемент.

Бос күйінде оттегінің ең кп мөлшерде кездесетін жері атмосфера: өсімдік фотосинтез процесі нәтижесінде жыл сайын 120 млрд оттегін бөліп шығарады.

Оттегі жануарлардың, өсімдіктің және микроорганизмдердің атмосферада, суда, топырақта тыныс алуы үшін, тотығу реакциясына қатысады.

Атмосферада фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған оттегі ультракүлгін сәуленің әсерінен озонға айналады. Озонның жиырылуына қарай атмосфераның жоғарғы қабатында озон қабаты пайда болады. Озон қабаты жер бетіндегі тіршілікті, оларға зиянды радиациялық сәулелерден қорғайды.

Оттегінің негізгі қоры карбонаттарда, органикалық заттардың құрамында және темір тотығында, сонымен қатар, оттегінің бір бөлігі суда еріген күйде кездеседі.

Кейінгі кезде адамдардың іс — әрекетінің нәтижесінде атмосферада оттегінің қорының азаю қауіп бар. Әсіресе, азон қабатының жұқаруы өте үлкен қауіп тұғызады.

Биосферадағы оттегінің айналымы өте күрделі, себебі, оттегімен көптеген органикалық және бейорганикалық заттар реакцияға түседі, сутегі оттегімен реакцияға түсіп, су түзіледі.

Азот – өте қажетті биогенді элемент. Себебі, ол белок, нуклейн қышқылдарының құрамына кіреді. Атмосфераның 79% азоттан тұратына қарамастан, бұл өте зәру элементтердің қатарына жатады. Азоттың биологиялық жолмен қарапайым қосылыстарға айналуы өсімдіктердің тамырындағы тамыр бактериясы арқылы өтеді. Кейбір бактериялар мен көк жасыл балдырлардың да азотты жинау қабілеті бар. Сонымен қатар, кейбір шырғанақ, қандағаш сияқты өсімдіктердің тамырлары да азотты жинайды. Биосфераға азот айналымында организмнің ролі зор.