Тыңайтқыштарды қолданудың физиологиялық негіздері

Мәдени және жабайы өсімдіктерден жыл сайын шаруашылыққа пайдаланылатын өнімнің құрамында біраз мөлшерде макро- және микроэлементтер де болады. Сондықтан өсімдіктерді минералдық элементтермен қамтамасыз ету және топырақ құнарлылығын қалпында сақтау мақсатында жзасанды минералдық және органикалық тыңайтқыштар кеңінен қолданылады.

Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішінде элементтердің мөлшерін алдын- ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындщылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек.

Фотосинтез процесінің тиімділік коэффициентін 4-5%-ке жеткізіп, ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын өнімді үшін өзара тығыз байланысты екі жағдайды қаматамасыз ету қжет. Олардың біріншісі, өсімдіктерді сумен қалыпты мөлшерде қамтамасыз ету, екіншісі минералдық қорекпен, әсіресе азотпен мол, жеткілікті қамтамасыз ету.

Тыңайтқыштарды пайдаланудың физиологиялық негіздері туралы мәліметтер, осы тарауда жеке элементтердің физиологиялық маңызыбаяндалғанда келтірілді. Ол айтылғандардың барлығы көптеген физиологиялық зерттеулерге негізделген. Дегенмен, бұл бағыттағы ғылыми теориялық зерттеулер әлі де жалғаса бермекші дегім келеді.

Тыңайтқыштардың топтары және қасиеттері.

Қазіргі кезде ауылшаруашылығында қолданылатын тыңайтқыштар органикалық, жасанды (азотты, фосфорлы, калийлі, микроэлемент-ті) және жергілікті ( көң, шымтезек, күл), жәй, күрделіқұрамды деген топтпрға бөлінеді.

Азотты тыңайтқыштар. Азотты тыңайтқыштар төрт түрде шығаоылады. Нитратты тыңайтқыштар- NaNO3, Ca(NO3)2 – физиологиялық сілтілі, қышқыл топырақтарда тиімді тұздар .

Аммонийлі және амиакты тыңайтқыштарға аммоний сульфаты (NH4)2SO4, сұйық сусыз аммиак (82,2% азоты бар), аммиакты су (NH4OH – аммиактың 25% судағы ерітіндісі). Физиологиялық қышқыл болғандықтан бейтарапты және шамалы сілтілі, топырақтарға қолдануға қолайлы. Реакциясы қышқыл топырақтарға ізбестеп бірге қоса қолданылады.

Аммонийлі- нитратты тыңайтқыштар. Негізгі азоттың мөлшері 34%, физиологиялық қышқыл, бірақ аммоний сульфатына қарағанда топырақты қышқылдандыруы нашарлау.

Несеп нәрі (мочевина) CO(NH2)2— құрамында азоттың мөлшері 46%, топырақты аздап сілтілендіретін тыңайтқыш.

Фосфорлы тыңайтқыштар. Бір гектар жерге егілген дақыл бір вегетациялық кезеңде 60кг Р2 О5 игереді. Оның көп мөлшері топыраққа қайтпайды. Сондықтан топыраққа белгілі мөлшерде фосфорлы тыңайтқыштар енгізіліп отыруы қажет.

Фосфорлы тыңайтқыштар үш түрде шығарылады.Суда ерйтін – жәй суперфосфат- Ca(P2 O4)2 және екі еселенген суперфосфат- Ca(P2 O4)2 H2O, құрамында аздаған бос фосфор қышқылы бар тыңайтқыш. Суперфосфаттар құрамындағы фосфор нашар жылжыитындықтан түскен жерде шоғырланып қалады.

Суда ерімейтін, әлсіз қышқылдарда нашар ерйтін фосфорлы тыңайтқыштарға- фосфорит және сүйек ұнтағы жатады.

Калийлі тыңайтқыштар. Өсімдіктердің көпшілігі калийді басқа элементтерге қарағанда хлорлы калий (KCI) құрамынан оңай сіңіреді. Оны топырақтың барлық түріне және барлық өсімдіктерге қолдануға болады. Хлорға сезімтал өсімдіктер үшін қолайлы тыңайтқыш- калий сульфаты (K2SO4). Калиймагнезия (K2SO4 MgSO4 6H2O) құрамында калийі мен магнийі аз құм және құмдас топырақтар үшін тиімді болып есептеледі.

Калийлі тыңайтқыштардың физиологиялық қышқылдығы оларды көп жыл қатарынан қолданғанда ғана байқалады. Өсімдіктер азот пен фосфор жеткілікті болған жағдайда калийдің әсерәнен өнімді әжептеуір береді.

Күрделі тыңайтқыштар. Құрамында екі, немесе үш элемент бірдей болатын күрделі тыңайтқыштарға аммофос- NH2H2PO4, магний- аммонийфосфат- MgNH4PO4 H2O, нитрофос және нитрофоскалар жатады.

Органикалық тыңайтқыштар – көң, шым тезек, құс саңғырығы, жасыл тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштармен қосылып қолданғанда өсімдіктердің өсіп дамуы, түсіміне өте пайдалы әсер етеді.

Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері.

Енгізілу мерзіміне байланысты тыңайтқыштар негізгі (егілгенге дейін), егу кезеңіндегі және егуден кейінгі (үстеп қоректендіру) деп бөлінеді.

Егуге дейінгі қолданатын бүкіл тыңайтқыштың 2/3-3/4 бөлігі топыраққа енгізіледі. Бұл әдіс өсімдіктің вегетациялық кезеңіндегі дамуын қоректік заттармен қамтамасыз етіп, топырақтың құнарлығын жақсарту, оның биологиялық ырықтығын, физикалық, химиялық қасиеттерін арттыру үшін қолданылады.

Егу аллдындағы тыңайтқыш күзде, немесе ерте көктемде топыраққа егістеліп шашылады. Осылайша жер жыртылар алдында органикаклық тыңайтқыштармен, ізбес, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштармен өңделеді.

Егу кезіндегі тыңайтқыш тұқыммен бірге себіледі, немесе көшетпен отырғызатын өсімдіктер қатарынан сәл қашықтау жолақтанып себіліп, топырақпен жабылады. Бұндай пайдаланылған тыңайтқыштар жас өсімдіктердің қоректенуін жақсартады. Бұнда жақсы еріп, оңай игерілетін тыңайтқыштар топыраққа аз мөлшерде себіледі.Мысалы, тұқым өнгеннен соң екі-үш жетіде өсімдіктер фосфорды көбірек пайдаланады. Сондықтан егу кезінде бір гектарға 2-30 кг шамасында аммофос, немесе суперфосфат себіледі.

Егуден кейінгі (үстеп қоректендіру) тыңайтқыш өсімдіктердің дамуының жауапты, маңызды кезеңдерінде қоректік элементтермен қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Әдетте, ерте көктемде, қыстап шыққан күздік дақылдар қоректендіріледі.

Өсімдіктен алынатын түсімнің мөлшерін және сапасын жақсарту мақсатында тамырдан тыс үстеме қоректендіру әдісі де жиі қолданылады. Мысалы, осылайша дәні сүттенген кезде қоректендірілген күздік бидай дәнінің белоктылығы 0,5-1%-ке көбейеді.Фосфорлы, калийлі тыңайтқышпен үстеме қоректендірілген қызылшаның қантылығы 1-2%-ке өсіп, түсімі көбейеді.

Егер тыңайтқыштар өсімдік қажеттілігіне көп мөлшерде қолданылса түсімділігі көбеймей, өнім сапасы нашарлайды.

Егістікке қолданылатын тыңайтқыштар мөлшері (нормасы) алдын- ала танаптық тәжірибе арқылы анықталыды.