Есту, тепе-теңдік сақтау мүшесі

Сезім мүшелерінің ішіндегі ең күрделі, себебі рецептор- клеткаларының бірнеше түрі болады. Дыбыс толқынын қабылдайтын рецепторлар. Дененің сыртқы жазықтықтағы жағдайын анықтайтын рецепторлар. Қимылдың жылдамдығы және бағытын өзгеруін қабылдайтын рецепторлар.

Орналасуына және қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі қабылдау рецепторларына береді.

Ішкі құлаққа есту мүшелерінің басқа тепе-теңдік аппаратыда жатады. Бұлар самай сүйегінің тасша бөлігінің ішінде орналасқан.

Сыртқы құлақ – құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.

Дабыл жарғағы – сыртқы құлақты ортаңғы құлақты бөліп тұратын перде. Оның сыртқы беті эпителиімен, ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей қабықшамен жабылған.

Құлақ қалқаны – серпімді шеміршектен түзілген.

Сыртқы дыбыс жолы – ұзындығы 2,5 – 3 см, ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар мойын мен құлақ күкіртін шығарады.

Ортаңғы құлақ – дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады.

Дабыл қуысы – самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс болып келеді.

Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне қарай –балғаша, үзеңгіше және төсше деп аталады.

Бұл сүйектер бір-бірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады.

Балғаша сүйектің басы- мойны, сабы болады.

Төсше сүйегі бір жағымен балғаша сүйекпен, екінші жағымен үзеңгіше сүйекке жалғасады. Үзеңгіше сүйек адам денесіндегі ең ұсақ сүйек оның негізі мен қос аяқшалары болады.

Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт – самай сүйектің тасша бөлігінің ішінде жатады. Оның өзі бірінің- ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттен түзілген. Сүйекті лабиринт үш бөліктен тұрады:

  1. Орталық – кіреберіс.
  2. Алдыңғы жағын – ұлу.
  3. Артқы бөлігі иірім каналдар деп атайды.

Кіреберіс бөлігі ортаңғы құлақ пен ішкі дыбыс жолының аралығында орналасқан.

Кіреберістің бір жағынан – ұлу, екінші жағынан үш иірімді каналдар ашылады.

Ұлу – кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аяқталады. Иірімніің қуысында спиральды пластинка жатады. Ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді:

  1. Жоғарғы бөлігін “кіреберіс сатысы”.
  2. Төменгі бөлігін – дабыл сатысы

Кіреберіс сатысы кіреберістен басталады, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.

Жарғақты лабиринт –жұқа дәнекер ұлпасы жарғақтан түзілген, ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа сұйықтығы жатады, сүйекті лабиринт пен жарғақты лабиринттің аралығында перилимфа сұйықтығы жатады.

Ұлудың жарғақты бөлігі дыбыс қабылдайтын аппараттың маңызды бөлімі болып саналады. Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы енген дыбыс толқыны дыбыс жарғағын тербетеді. Бұл тербелу ( импульсі) есту сүйекшелерінің тізбегінен кіреберіс терезесінен одан перилимфа сұйықтығына беріледі. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы ұлу жүйкесінің ұштарына одан орталыққа береді.

Лабиринттің кіреберіс бөлігімен иірімді каналдары адамның тепе-теңдік аппараты болып саналады.

Есту тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдері. Есту анализаторының өткізгіш бөлігі сезімтал нейрондарынан басталады. Олардың дендрит ұштары дыбыс толқынын қабылдаса, нейриттері кіреберіс жүйкесімен бірігіп –кіреберіс- ұлу жүйкесін түзіп, ішкі есту тесігінен өтеді. Бұл екеуі мидың VІІІ жұп жүйкесі болып саналады. Есту анализаторының орталығы ми сыңарларының самай аймағында жатады.

Тепе-теңдік анализаторының өткізгіш бөлігіне сезімтал нейрондар жатады.

Бұл нейрондардан шыққан нейриттер кіреберіс жүйкесін түзіп (ұлу жүйкесімен қосылып) миға қарай бағыт алады.