Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары

Үлкен қан айналу шеңберінің артерияларының ішіндегі ең жуаны қолқа (аорта) болып табылады. .Қолқа тамыры жүректің сол жақ қарыншасынан өте жуан болып басталады да азырақ жоғары көтеріліподан соң иіліп, жүректің сыртынан омыртқа жотасын бойлай төмендеп4-ші бел омыртқаның тұсына дейін созылады.Құрылысы мен орналасқан жеріне қарай қолқа тамыры 3 бөлікке бөлінеді.

1.Өрлеуші қолқа.

  1. Қолқа иіні.

3.Төмендеуші қолқа

Өрлеуші қолқаның түбінен жүректің екі оң және сол тәждік артериялары басталады. Өрлеуші қолқаның ұзындығы 5-6 см.Ол жүрек үлпершегінің ішінде жатады.

Қолқа иінінің дөңес жағынан оңнан солға қарай есептегенде үш үлкен тамырлар шығады.

1.Иық-бас бағанасы

2.Сол жақтағы жалпы ұйқы артериясы.

3.Сол жақтағы бұғана асты артериясы

Иық-бас бағанасы қолқа доғасының бірінші тармағы. Оның ұзындығы 5-6 см..Ол төс-бұғана байламының тұсында оң жалпы ұйқы артериясы және оң бұғанаасты артериясына бөлінеді.Жалпы ұйқы артериялары қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегіне жеткенге дейін тұтас келеді де осы жерден ол сыртқы және ішкі ұйқы артериясына тармақталады.Бұл артериялар мойын және бас мүшелерін қанмен жабдықтайды.Бас мойынжәне тұлғаның жоғарғы бөлігін бұғанаасты артериясы қанмен қамтамасыз етеді .

Төмендеуші қолқа 2 бөлімнен тұрады:

  • кеуде қолқасы
  • құрсақ қолқасы

Кеуде қолқасы көкірек бөліміндегі және құрсақтағы мүшелерді қанмен жабдықтайды.

Құрсақ қолқасы ішкі тамырларға,қабырғалық тамырларға,және 4-ші бел омыртқаның тұсында оң және сол мықын артерияларына бөлінеді.Бұл артериялар жамбас бөлікті және аяқты қанмен қамтамасыз етеді.

Вена тамырларының қабырғасы артерия тамырларының қабырғасына қарағанда жұқа болады. Вена тамырлары артерия тамырларымен қабат жатады,осыған орай олардың аттары да аттас болып келеді .Бірақ кейбір веналар артерия тамырларына топографиялық жағынан ешқандай байланысы болмайды. Сондықтан веналарды екі топқа бөледі:

1.Беткі веналар

2.Батыңқы веналар.

Вена тамырлары адам денесінде орналасуына қарай және қай мүшелерден веналық қан жинайтындыықтарына қарай:ми,бас,мойын бөлігі,кеуде .құрсақ қуыстары,қол-аяқ мүшелері және тері асты веналары болып бөлінеді.

Осы аталған барлық веналар үш жүйеге біріктіріледі.

1.Жүректегі вена жүйесі

2.Жоғарғы қуысты вена күретамырлар жүйесі

3.Төменгі қуысты вена күретамырлар жүйесі

Қақпа венасының жүйесі қарынның, барлық ішектердің ,ұйқы бездік,талақтық тамырларын жинақтап бауырға келіп енеді.Үлкен қан айналым шеңберлерінің барлық веналық қаны жоғарғы қуысты вена күретамырлар жүйесі мен төменгі қуысты вена күретамырлар жүйесіарқылы жүректің оң жақ құлақшасына келіп құяды

Үлкен қан айналым шеңберлерінің веналарына жататын жоғарғы қуысты вена күретамырлар жүйесівеналық қанды бастан,екі қолдан,иыық белдеулерінен және кеуденің кейбір мүшелерінен оның қабырғаларынан жинайды.

Төменгі қуысты вена күретамырлар жүйесін құрсақ бөліктің веналары,мықынның жалпы веналары,аяқ веналары деп талдауға болады.