Органикалық заттарды бөлу (идентификациялау)

Органикалық затты болу (идентификациялау) студенттен органикалық қосылыстардын негізгі кластарынын физикалық және химиялық касиеттерін білуді талап етеді.

Органикалық заттарды бөлуді (идентификациялауды) екі сатыда жүргізеді: белгілі заттың мысалында және содан кейін белгісіз затты.

Белгілі затты идентификациялау.

  1. I. Алдын ала сынау
  2. Физикалық қасиеттері:

агрегагтық күйі (жеңіл қозғалғыш сұйық, ауыр сұйық, қатты зат)

түсі (түссіз, боялған)

иісі (иіссіз, жағымды, өткір)

  1. Тұрақтысы (константасы) балқу температурасы сыну көрсеткіші
  2. Суда ерігіштігі (жақсы, шектеулі, ерімейді).
  3. Индикаторға реакциясы (қышқылды, сілтілі, бейтарап)
  4. Галогендерге сынау

Белгісіз затты бөлуді (идентификациялау) «Белгілі затты бөлу» бөліміндегі алдын ала сынаудан (1-5) бастау керек.

Содан кейін зерттелетін заттардағы функционалдық топтардың бар-жоғын химиялык реакциялардың кемегінен дәлелдеу керек.

Қышқылдар

Егер зерттелетін затта индикатор қышқылдық ортаны керсетсе, онда натрий гидрокарбонатынын қаныққан ерітіндісімен (NaНСО3) реакция жүргізеді. Реакциялық қоспаның қайнауы (CО2 газының бөлінуінен), зерттелген заттың қышқыл екендігін дәлелдейді.

Альдегид тобын: а) айқын күлгін түс береді.

ә) Толленс реактивімен анықтайды.

Альдегидтер

Шифф реактиві көмегімен – альдегидтер

Кетондар

Егер зерттелетін затта альдегид тобы болмаса, кетон тобын натрий гидросульфитімен анықтайды. Сонда кристалды тұнба – кетонның гидросульфитті туындысы түзіледі.

Спирттер

а) Бір атомды спирттер металл натриймен әрекеттескенде, сәйкес алкоголяттар түзіледі және сутегі газы бөлінеді.

ә) Көп атомды спирттерге мыс сульфатымен әсер еткенде, қою көк түсті мыстың глицераты (немесе гликоляты) түзіледі.

Аминдер

а) Суда еритін аминдерді сулы ерітінділерін индикатор мен зерттеу арқылы анықтайды. Олар сілтілік реакция береді.

е) Суда ерімейтін аминдерді тұз қышқылының 5%-тік ерітіндісінде еріту арқылы анықтауға болады.