Заттың молекулалық формуласын анықтау

Заттың молекулалық формуласын тауып алған соң, оның құрылымдық формуласын шығарып алу керек. Құрылымдық формуласын шығармас бұрын заттың қай класқа жататынын анықтау қажет. Ол үшін затты әрі қарай зерттейді: химиялық сапалық реакциялар, немесе ИҚ — спектр арқылы функционалдық тобы, молекулада қос-немесе үшбайланыстың бар-жоқтығы, ароматтылығы анықталады. ИҚ — спектрде әрбір функционалдық топтың өзіне тән биіктік сызығы (пик) болады, сонымен қатар қос-және үшбайланыстың да, ароматтық циклдің өзіне ғана тән пиктері болады.

Оларды басқа жолдармен де анықтауға болады. Мысалы: қос немссе үшбайланыстардың зат молекуласының қүрылысында бар екенін, сол затқа бром суын, немесе калийдің перманганатының ерітіндісін тамшылатып қосу арқылы біледі. Егер зат аталған реактивтерді қосқанда өз түсін өзгертсе (реактивтерді түссіздендіріп жіберсе), онда оның қүрылысында қос, не үш байланыс-ың болғаны. Ал, заттың ароматтылығын білу үшін, оған судан тазартылған хлорлы алюминийдің 0,5 г мөлшерін қосып жібереді. Егер осы жағдайда бірден, немесе аздап қыздырған соң заттың түрі өзгеріп кетсе, онда ол заттың құрамында ароматты циклдің болғаны.

Міне, осылардың барлығын есептей отырып әуелі заттың молекулалық формуласын, ал одан соң оған сәйкес құрылымдық формуласын жазады.

Мысалы, этил спиртінің молекулалық формуласын (осы заттың класын еске ала отырып) С2Н5ОН деп жазу керек.

Құрылымдық формулада заттың молекуласын құрастырып тұрған атомдар, немесе атомдар топтарының кеңістіктен алатын орны (стереохимиясы) және олардың өзара бір-бірімен байланысу тәртібі көрсетіледі.

Сонымен осыған дейінгі айтылғандардан, формулалар жөнінде мынадай тұжырымдар шығады:

  1. Э м п и р и к а л ы қ ф о р м у л а заттыц сапалық құрамын жәнс оның молекуласыидағы әрбір элементтің атомдарының салыстырмалы санын көрсетеді, реакция теңдеулерін жазуда қолданылмайды.
  2. М о л е к у л а л ы қ ф о р м у л а д а заттың құрамдық элементтері және олардың нақтылы сандары көрсетіледі. Заттың класы еске альшып жазылады. Химиялык реакцияларды жазуда қолданылады.
  3. Құ р ы л ы м д ы қ (с т р у к т у р а л ы қ) ф о р м у л а д а заттың құрамы, ондағы элементтердің нақтылы сандары және элемент атомдарының молекуладағы орналасу тәртібі (стереохимиясы), атомдар араларындағы химиялық байланыстардың түрлері көрсетіледі. Химмялық реакциялардың теңдеулерін жазуда қолданылады.

Қазіргі органикалық химияда көбінесе эмпирикалық, құрылымдық және электрондық формулалар қолданылады.

Мысалы, сірке альдегидін осы формулалар арқылы жазып керсетейік:

Көп жағдайда электрондық формулаларда электрон бұлттарының молекуладағы ығысу бағыттарын стрелкалар арқылы көрсетіп жазады және осы ығысуының нәтижесінде молекулада пайда болатын зарядтар көрсетіледі.

Бұл жазылғандардан мынаны түсіну қажет: төңірегінен электрон ауысып кеткен атом жартылай оң, зарядталады да, ал орбитасында электрон бұлтының тығыздығы (электрон саны десек те болады) артқан атом жартылай теріс зарядталады. Оның себебі, атомдардың ядросының оң заряды мен оның айналасындағы электрондар беріп тұратын теріс зарядыныц арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы.

Басқаша айтқанда, орбитасынан электрон кетіп қа-ған атомның ядросының оң заряд саны, оның төңірегінде қалған электрон санынан артық болып шығады. Сондықтан, ол атом жартылай оң зарядталады, ал атом теріс зарядталғанда бұл жағдай керісінше болады.

Формулаларда электрон бұлттарының бағыттарын, зарядтардың түрлерін және қай жерде орналасқанын көрсетіп жазу, осы заттардың қандай химиялық реакцияларға түсуге бейім екендігін болжап анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұның өзі теориялық органикада өте маңызды мәселе.