Органикалык заттардың физикалық константаларын анықтау

Заттардың физикалық константалары оның химиялық құрамына және тазалығына төуелді болады. Таза және қоспа заттардың балқу температуралары бірдей болмайды. Қоспа заттар әр уақытта таза заттардан бірнеше градус төмен температурада балқиды.

Қатты заттың балқу температурасын анықтау үшін төмендегі суретте көрсетілгендей құралды қолданады.

Ол саңылауы бар тығынмен жабылған түбі дөңгелек колбадан тұрады. Тығынға термометрі бар пробирка орналастырылган. Қыздырылатын сұйық ретінде концентрлі күкірт қышқылы алынып, колбаға құйылады. Заттың әбден ұнтақталған қалдығын 3-4 мм етіп бір жағы бітеу жіңішке шыны түтікке салады және сақина тәрізді резеңкемен немесе металл сыммен термометрдің сынабы бар жағына орналастырады. Термометр пробирканың түбіне, қабырғасына тимеу керек және шкалалары анық көрініп тұруы қажет

Құралды баяу электр плиткасында немесе спирт шамының жалынында қыздырады. Қатты заттың балқып, сұйық күйге өту температурасы, сол заттын балқу температурасы болып табылады. Бір заттың балқу температурасын нақтылы анықтау үшін, сол затпен тәжірибені кем дегенде үш рет қайталау қажет.

Сұйықтардың қайнау температурасын анықтау

Сұйықтардын кайнау температурасын айдау жолымен анықтайды. Ол үшін пробиркаға зерттелетін сұйықты құйып, біркелкі қайнау үшін пемза немесе керамика түйірлерін салып, аузын термометр орнатылған тығынмен тығындайды. Термометр сұйыққа 2-3 см тимей тұрады. Пробирканы баяу, қайнағанша қыздырады. Сұйык қайнағанда пробирканың жоғарғы бөлімінде, термометр мойнында жиналып салқындаған және конденсанцияланған бу 1-2 секундта бір тамшы сұйыққа айналып, термометр түбінен үздіксіз тамып тұратындай мөлшерде қыздырылады. Қыздыруды термометрдегі сынап тұрақты бір нүктеге келгенше тоқтатпайды. Сынаптың көтеріліп келіп тоқтаған жерін жазып алып, пробиркадағы сұйықтың температурасы 5-10°С-ге жеткенше оны қайта салқындатады. Салқындатылған сұйықты қайта кыздырады. Осындай әдіспен тәжірибені бірнеше рет қайталап, сұйықтың нақты қайнау температурасын анықтайды.

Сұйықтықтың меншікті салмағын анықтау

Меншікті салмақты анықтау үшін пикнометр қолданылады (2-сурет).

Пикнометр деп аузына дәл және тура келетін капилляры бар тығынмен жабдықталған немесе сұйықтың деңгейі келетін жері сызықшамен белгіленген мойны жіңішке колбаны айтады.

Заттың меншікті салмағын анықтау үшін аналитикалық таразыда алдымен бос пикнометрдің, содан кейін зерттелетін затпен массасын өлшейді. Органикалық затпен пикнометрдің температуралары тұрақты болу қажет (20° С немесе 25 С).

20° С немесе 25° С температурадагы зат массасының 4° С-дагы пикнометр колеміндегі судың массасына қатынасы, сол заттың меншікті салмағының мәнін береді.

Меншікті салмақты тез табу үшін ареометр қолданылады. Ареометр ішіне бытыра немесе сынап салынған, жоғарғы жагы жіңішке шкаласы бар шыны түтік. Ареометр сұйыққа шкаласының қай бөлігіне дейін батса, сол сызықшаның тұсындагы сан осы сұйықтың меншікті салмағын көрсетеді. Органикалык заттардың сыну көрсеткішін рефрактометрмен өлшейді.