Органикалық қосылыстардың идентификациясы пәні

Органикалық заттардың элементтік құрамын, олардың молекуласының құрылысын, молекулалық салмағын, тазалығын анықтау — органикалық химияның ең басты мәселелерінің бірі.

Бұл сұрақтарды органикалық қосылыстардың идентификациясы пәні зерттейді. Бүгінде зат құрамын анализдейтін бұл ғылымның үш саласы бар:

а) органикалық анализ;

ә) құрылым (структуралық) анализ;

б) кинетикалық анализ.

Органикалық анализ заттардың құрамындағы элементтердің түрлерін, олардың әрқайсысының қанша мөлшерде екенін анықтаумен және молекулалық салмақты табу мәселелерімен шұғылданады.

Құрылымдық (структуралық) анализ заттардың молекуласындағы элементтердің, немесе атомдар топтарының орналасу тәртібін зерттейді.

Кинетикалық анализде әрекеттесуші заттардың концентрациясы, реакция көздерінде түзілетін аралық заттардыц табиғаты, реакцияларды қоздыратын энергияның мөлшері, реакциялардың жылдамдығы және олардың константалары анықталады.

Қазірде бүл жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуде тек қана органикалық химиянын, өз жетістіктері емес, сонымен қатар физиканын. да жетістіктері — приборлары және әдістері кеңінен қолданылады.

Қандай да болмасын затқа талдау жасау үшін ең алдымен міндетті түрде оны әбден тазартып, құрамын тұрақтандырып алу қажет. Себебі, көптеген органикалық заттар табиғатта қоспа түрінде кездеседі. Міне, сондықтан да, оларды әуелде қоспалардан а ж ы р а т ы п б ө л і п а л у, ал одан соң оларды зерттемей тұрып, т а з а р т у керек.

Органикалық қосылыстардың идентификациялаудың тоериясы мен техникасын оқып білу органикалық химия облысындағы ғылыми –зерттеу жұмыстарына өтудегі аса маңызды этап болып табылады

Органикалық анализ курсы бірнеше мыңдаған құрамында көміртегісі бар қосылыстардың физикалық қасиеттреі мен құрылымы химиялық реакциялық қабілеті турасындадағы білімдерді жинақтап және жүйелеуге мүмкіндік береді. Сондай –ақ бұл материалды зерттеу идентификациялаудың жүйелік және логикалық схемасы бойынша іске асырылады. Мұндай оқу курсының бірінші мақсаты белгілі қосылыстарды сипаттау болғанымен бұл ,жаңадан синтезделген қосылыстарды анықтауда да осындай реттілікпен анализ жасалады.Мысалы егер де белгілі екі қосылыс А және В еріткіш С-да ерітілп, оған Д катализатормен әсер еткенде сәйкес жағдайларда құрамында өзгермеген бастапқы қосылыстары бар жаңа өнімдер қоспалары түзілуі мүмкін. Сондықтан органикалық қосылыстарды идентификациялаудан бұрын оганикалық заттардың жіктелуін ,олардың қасиеттерін жақсы білуіміз керек.