Саванналар

Африка саваннасы – басқа материк саваннасы мен салыстырғанда Шығыс Африкадан, Оңтүстік Сахараға дейін үлкен аймақты алып жатыр. Африка саваннасы – ылғалды және жаңбыр ретімен жауады.Жауын шашын мөлшері 1500 мм дейін азайып кей жерлерде 9 – 10 ай құрғақшылық температура болып тұрады. Өсімдіктері Боабоб – тұқамдастардың өкілі (бомбакс) биіктігі 10 – 25 м. Саванның 4000 – 5000 мың жыл өмір сүретін гигант эндемді өсімдігі де кездеседі. Жемістерден қияр тәріздес ұзындығы 30 – 35 см ыстық, құғақшылық кезде өсе береді. Боабоб ағашын шаруашылықтарда пайдаланады. Оның сыртқы қабығымен мата, арқан, жіп жасалады. Ал жемісін маймылдар жақсы көреді. Сол үшін оны маймылдардың нан ағашы деп атаған.

Ең көп кездесетін бородач – жергілікті халықтар оны піл шөбі деп атаған. (Сыртқы қабығынан мебель жасауға болады гүлінен дәрі – дәрмек алынады). Бұлар Африка мен Индияда көп кездеседі. Бородачтан басқа – лалагүлдер, пиязшық бар.

Шығыс Азия саваннасы – Үндістан, Үндіқытай муссонды тропикалық орман жерлерін Шығыс Азия саваннасы алып жатыр. Зонд аралы, Малай архипелогы, шөптесін өсімдіктер көптеп таралған. Өсімдіктердің биіктігі саваннаның ауа – райының құрғақшылығы өсімдіктерге кері әсерін тигізеді. Өсімдіктердің бойы аласа, жапырақ орнына тікенек өседі ; доминант акация өсімдіктері көп кездеседі.

Оңтүстік Америка саваннасы – Оңтүстік және Солтүстік Америка саванналары болып екіге бөлінеді. Жылына 800 –1000 мм жаңбыр жауады. Құрғақшылық 4 – 5 айға созылады. Әсіресе Шығысында түрлі – түсті кебрач өсімдігі өседі. Кебрачо деп -суда батып кетпеуден сақтау үшін қойылған аттары.

Африка саваннасы және Оңтүстік Америка тропиктерінде ксерофитті шөтесін өсімдіктер өскен көлемді алқап. Дала, шөлді жерлерден саваннаның айырмашылығы сиректе болса, саваннада ксерофильді ағаш өсімдігі кездеседі. Ксерофильді ағаштардың өсуі, ылғалдылық пен жылылықтың болуы да тиіс. Африка Саваннасы тропика жерінің Оңтүстік Америка, Оринако өзені алқабын, Бразилия, Австралия, Индия жерлерінде орналасқан. Бразилия Саваннасында 900 – 1500 мм, ал мамыр – маусым айларында 100 мм,ал Батыс Африка саваннасында жылына 1000 мм 4 – 5 ай құғақшылық Маусым – Қыркүйек айлар аралығында 10 мм жаңбыр жауады. Бразилия саваннасында жылдық орташа температура 18 – 21Батыс Африкада 20 – 24

Оңтүстік Америка жерлерінде жылына 800 – 1000 мм жаңбыр жауатын аудандарда кездеседі. Саванна ағаштарының жапырағы қатты, қауырсынды, қондырмалы, қисық, аласа бойлы ағаштарды да кездестіруге болады.