12-ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу әлемдік білім беру кеңістігіне енуді және әр адамға білімді өмір бойы алуға мүмкіндік беруді мақсат етеді. Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы білім беру мазмұнын жаңартуды көздейді. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасына, Болон декларациясының құжаттарына және ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес жасалған. Қазақстанда білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы 12- жылдық оқытумоделінекөшудібілімберу мазмұнын жаңғыртумен жүзеге асырудыміндеттейді.

Мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі – физика. Физика- табиғаттың жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл пәнді 12-жылдық мектепте оқыту мәселесі күн тәртібінде екені сөзсіз.

Физикапәнінің оқуматериалдарыдидактикалық ұстанымдарға негізделеді:

-Ғылымилық. Бұл үстанымның мағынасы — пәнің мазмұны оқушыларға объективті ғылыми ұғымдарды, заңдарды, теорияларды оқып-үйрену және қазіргі ғылымижетістіктерді өмірде, өндірісте қолдану мүмкіндік беретін физиканың даму келешегімен таныстыру ) ;

-Білімді топтастыру. Оқу материалын заңдардың, теориялардың, іргелі түсініктердің төңірегінебіріктіру;

-Тұтастығы. Жаратылыстану ғылымының әлемдегі бейнесі туралы түсінігін толық қалыптастыру;

-Үздіксіздік және сабақтастық. Білім алушылардың физикалық құбылыстар, түсініктер және шамалар туралыбілімдеріненегізделу және үйлестіріп жалғастыру;

— Жүйелілік және түсініктілік. Оқу материалының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне және даму деңгейіне сәйкестендіру;

-Білім беруді ізгілендіру.

Жалпыадами мәдениеттіңэлементтері ретіндефизиказаңдарын ұсыну болыптабылады. 12-жылдық мектеп жағдайында жоғарыда берілген дидактикалық ұстанымдарды физиканы оқыту үдерісіне жүзеге асыру мәселесі пән мұғаліміне жүктеледі. Бүгінгі таңда жаңа талаптарға сай физикапәні мұғалімінің құзыреттілігінжетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Құзырет деген сөз – компетенция (латын сөзі) «өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағына білдіреді екен. Оқушыларға қатысты құзыреттілік – нақты және қажетті іс-әрекеттерінің жан-жақты тәсілдерінің жиынтығын меңгергендігін көрінетін білім нәтижесі.

Қазіргі таңда құзыреттілік құрамына кіретін түсініктерге бірнеше көзқарастар бар. Солардың ішінен мына құзыреттілік жиынтығын атап айтуға болады. Физика пәніне сай негізгі құзыреттіліктерді атап өтейік:

— Оқу-танымдылық құзыреттілігі;

— Ақпараттық құзыреттілік;

— Коммуникативтік құзыреттілік;

— Әлеуметтік құзыреттілік.

Физика сабақтарында құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекше орын алады. Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану физика пәнінен білімді сапалы меңгерумен қатар тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігін дамытады. Құзыреттілікке бағыттап оқыту арқылы жан-жақты дамыған оқушы тұлғасы қалыптасатынына күмән жоқ.

Оқу–танымдық құзіреттілік — ол білімнің қалыптасуы. Физика пәні бойынша нақты тақырыптарға қатысты білімнің толық қалыптасуы. Мысалы, электродинамикадан:
-магнит өрісі және оның сипаттамалары, магнит өрісіне орналастырылған тоғы бар өткізгішке және қозғалыстағы зарядтарға магнит өрісі тарапынан әсер ететін тоқтардың және күштердің өзара әсерлесуі;

-заттың магниттік қасиеттері,электромагниттік индкуция және оның заңдары , өздік индукция ,құйынды электрөрісі және магнит өрісінің энергиясы;

-айнымалы тоқ , оның пайда болу шарттары және сипаттамалары, резонанст.б.;
-табиғи құбылыстарды танудың ғылыми әдістерін игеру;
-экспериментті қою және оның нәтижелерін өңдей білу.

Ақпараттық құзыреттілік:

— оқулықтармен , қосымша әдебиеттермен , анықтамалықматериалдармен

және электрондық басылымдармен жұмыс жасау дағдыларын

қалыптастыру;
-соныменқатар интернет желісінде ақпаратты таба білу және оныөңдей

білу.

Коммуникативтік құзыреттілік:

-жұпта, топта, ұжымда және өздігінен жұмыс жасай білу;
-практикалық және шығармашылық жұмыстар нәтижелерін талқылауды, сыныптастарының пікірлерін тыңдауды өзінің және сыныптастарының жұмыстарын сын көзбен бағалай отырып, өз көзқарасын еркін және дәлелді айта білу.

Әлеуметтік құзыреттілік :

-өмір деңгейін көтеру және мәдениетті дамыту үшін «Физика» пәнін оқытудың маңыздылығына көз жеткізу ;

-ғалымдардың физика мен техниканың дамуына қосқанүлесінжәне

олардың азаматтық көзқарасын бағалау.

12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне кері ықпалын тигізетін факторларды қоғамдың ілгері дамуына әсер ететін мәселелер деп түсіну керек. Олар:

1.Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы

2.Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы

3.Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы

4.Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайлықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы

5.Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

Жаңа мектеп жүйесінің физика пәніне байланысты құрылымын қарастырайық. Физика пәні негізгі орта білім беретін сыныптарда

5-10 сыныптар – негізгі орта білім (оқу мерзімі – 6 жыл)
Бейіналды таңдау дайындығы енгізіледі

11-12 сыныптар – жалпы орта білім (оқу мерзімі – 2 жыл)

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:
-деңгейлердегі құрылымдық бірлікті қамтамасыз ету, сабақтастық, бірізділік, кірігу, практикалық бағдарлы оқуды жүзеге асыру, Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи құндылықтарының жалпы адамзаттық мәдени игіліктермен үйлесімділігі, сабақтастығы, мемлекеттік ана тілінде, орыс және басқа тілдерде оқыту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу т.с.с. жүзеге асыру
-білім беруді сапалық жағынан жетілдіру мақсатында оқушылар үшін артық жүктемеден арылу жағы қарастырылады. Соған байланысты пәндерді жеке оқшауламай, оларды жинақтау, біріктіру, пәнаралық проблемалық блоктар құру, кіріктіру көзделеді. Мұндай дүниежүзілік үрдіс «білім алаңы» деп аталады. Олар: тіл және әдебиеті, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі
-оқушыларды еңбекке даярлаудың жаңа жүйесі, олардың өнімді еңбегін ұйымдастыру көзделеді, себебі бәсекелестікке негізделген нарық қызметкерге жоғары талап қояды, оның бойында кәсібилік, тапқырлық, іскерлік, бастаушылық, жоғары еңбек тәртібі сияқты қызметтердің болуын және еңбекке дайын болуын қажет етеді

— білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру оқу үрдісіне ақпараттық технологияны енгізу арқылы жүзеге асады. Оның бағыттары:
-білім беруді басқару тетіктерін жетілдіру

-білім берудің бірыңғай телекоммуникациялық желісін құру
-қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру

-жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық тұрғыдан өзін-өзі айқындауы үшін білім беруді демократияландыру, жеке тұлғаның дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ізгілендіру, саралау сияқты негізгі принциптерге арқа сүйеу. Соның негізінде олардың бойында адам, қоғам, қарым-қатынас туралы түсініктерді қалыптастыру мақсаты қойылады
-білім берудің нәтижеге бағытталуы. «Оқушыға білім беру үлгісінен» нәтижелі білім беруге көшу. Оқушы білімінің өсуі оның өз қолымен жасаған гипотезалардың, ережелердің, кескіндеме, картиналардың, компьютерлік бағдарламалар негізінде жүреді. Жекеленген оқушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыратын оқыту бағдарламаларының болуы көзделеді.

-12 жылдық мектепке көшу білім беру үрдісін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Соған байланысты жеке тұлғаға бағытталған технологиялар: «ынтымақтастықта оқыту», «жобалар әдісі», оқытудың әр деңгейлі топтық және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау» сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылады-12 жылдық білім беруге көшу оқушылар мен педагогтарға өзінің дүниетаным тұрғысынан ашық ақпараттық білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеруге жағдай жасайды. Соның негізінде олар бағдарлама көлемінде алған білімімен қатар дүниеде болып жатқан жағдайлар, өмірлік проблемаларды біліп, соның негізінде нақты және өзгермелі өмірде дұрыс бағдар ұстауға үйренеді.

Білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

-жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;
-күтілген нәтижеге жетуге бағдарлануы;

-ашықтығы;
-интерактивтігі.

Оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Жеке бағдарлы оқудың, мектеп режимін оңтайлы пайдалану міндеттерін табысты жүзеге асыру мақсатында «демалыс күнгі мектеп» жұмысын ұйымдастыру, сауықтыру бағдарламаларын орындау арқылы бес күндік оқу аптасын енгізу қарастырылады.

Сенбі күні оқушының жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін сабақтар (өзіндік, жобалық, зерттеушілік, шығармашылық, спорттық және т.б. жұмыстар) жүргізіледі. Оқу жылының ұзақтығы – 32 оқу аптасы
Мұғалім қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі тұлғалық дамытуына жағдай жасау:

Күтілетін нәтижеге жетуді бағалауды жетілдіру бағалаудың екі жолын дамытуды қарастырады:
-білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейі (сыртқы нәтижелер).
-оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі нәтижелер).

Оқытудан күтілетін нәтижелер, игерген дағдылар, қалыптасқан құзыреттер төмендегідей бағаланады:

-жалпы білім беру дайындығы деңгейінің талаптарына сай оқушының оқу жетістіктерін бақылаумен

-білім беру салалары бойынша жалпы орта білім берудің әрбір сатыларын аяқтауы бойынша межелік және қорытынды емтихандар өткізумен
-мектептің әрбір сатысында аралық мемлекеттік бақылау жүргізумен
-оқытудың 10, 12 жылын аяқтаған соң біртұтас ұлттық емтихан өткізумен

-ұлттық масштабта мониторингтік зерттеулер жүргізумен.

ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғнии 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады.Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды. ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.