Спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы

ЖДЖ көмегімен мынадай міндеттер тобы шешіледі:

Білім – берілген әртүрлі параметрлермен қозғалыс қимылдарын орындай білуді қалыптастыру (ширығу деңгейі, бағыт, амплітуда, қарқын, ырғақ); жекелеген компоненттерді және аяқталған (қарапайым) қозғалыс қимылдарын игеру; өмірлік маңызы зор істер мен дағдыларды қалыптастыру; қимылдарды дененің кейбір бөліктерімен үйлестіре білу.

Тәрбие – жекелеген бұлшық еттердің және бұлшық ет топтарының ширығу мен босаңсу деңгейі; бұлшық еттің қысқаруы және дене икемділігі және қимыл үйлесімділігін, моральдық – еріктілік және эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу.

Сауықтыру – ағзаны алдағы негізгі қызметке (оқу – жаттықтыру процесінде) функионалды түрде даярлау, денсаулықты нығайту және ағзаның өмір сүру қабілетін арттыру, дене қалпын жетілдіру, дұрыс дене тұрқын қалыптастыру, дұрыс тыныс алуға үйрету.

Адам денесінің жекелеген бөліктеріне тигізетін ықпалы.

Жалпыдамытушы жаттығулар сыныптамасының негізі ретінде анатомиялық белгі алынған. Жаттығулар олардың адам денесінің жекелеген бөліктеріне тигізетін ықпалы бойынша топтарға бөлінген:

  • қол және иық белдеудің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
  • дене және мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
  • аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар;
  • денедегі барлық сыныптама шартты түрде болуы мүмкін, себебі бұлшық ет жұмыстарын нақты түрде бөлуге болмайды.

Мұнда тек қандай да бір бұлшық ет топтарының басым жұмыс істейтіндігі көрсетіледі. Әрбір бұлшық ет тобының жұмыс істеу сипатына қарай жаттығулар кошті, икемділікті, қозғалыс жылдамдығын, үйлесімділік мүмкіндіктерін дамытуға бағытталады, ал төртінші топ жаттығуларына дұрыс дене тұрқын сезінуге және тыныс алуға арналған жаттығулар қосылады. Ең жоғарғы жылдамдықпен орындалатын күштік жаттығулар жылдамдық-күштік жаттығулар деп аталады.