Спорттық шынығудың физиологиялық негіздері

Машықтанудың негізгі мақсаты – сауықтыру . Оның негізгі тәсілдері – адамның тірліктік күйін жоғары деңгейде жақсарту және сақтау үшін әр түрлі қозғалыс әрекеттерін пайдалану. Машықтану нәтижесінде организмде көптеген құрылымдық және әрекеттік бейімделу өзгерістері туады олар әуелі әралуан жүктемеге жедел бейімделу түрінде өтеді.

Бұлшықеттерге жүктемелер қайталанғакн жағдайда оның негізінде ұзақ мерзімді икемделу пайда болады. Мұның тұрақтылығы тұлғалық жүктемелерге машықтанғандықты көрсетеді. Ол жоғары тірліктік пәрменді және оның жүктемеге сәйкес жоғары деңгейде, әрі үнемі өткеруге мүмкіндік береді. Осыған орай дене сымбаты әртүрлі түрткілерге төзімділік қалыптасады.

Жоғары деңгейге жету биохимиялық және физиологиялық процестердіңм тектік ерекшеліктеріне , орталық жүйке жүйеісінің әрекеттік бейімділігіне, нейро – гуморольдық реттеліс қабілетіне байлапныс болады. Қимыл жүктемелеріне бейімделісіне иммундық жүйе тікелей қатысады. Сөйтіп машықтануды, жүйке, эндокриндік және иммундық жүйелердің бірлестірілген үйлесімді іс- әрекеті қамтамасыз етеді.

Ауыр спортпен, қажытатын әлеумет жүктемелерден иммунноденресия пайда болады.Ол психоэмоциялық күйзелістің белгісі болып есептеледі..

Жаттығулардан жүрек массасы үлғаяды., ол 40 пайыз қалыпты жағдайда үнемді жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.