Дене жүктемелеріне бейімделудің механизмдері

Бейімделіс механизмдері. Адам экологиясының негізгі мақсаты организмнің бейімделіс әсерленісін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмін тексеріп, икемделу әрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты міндеті адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту және аурудың алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау.

Организмнің икемделу әсерленісі негізін жүйкелік және гуморальдық мехазанизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті орасан және төтенше тітіркендіргіштер оқыс әсер еткенде, оларды қабылдап, өңдейтін негізгі жүйке құрылымдарында шамадан тыс зорлану жағдайы пайда болады.

Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзеге асыратын бейімделістің жалпы физиологиялық механизмдері әрекеттік жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Ол қозғағыш және жағдайлық тітіркендіргіштерді бағалаудан басталып, шешім қабылдау мен болашақ нәтижені алдын-ала болжауды қалыптастырады. Содан кейін іс-қимыл нәтижесін салыстырғыш аппарат іске қосылады. Әрекеттік жүйе лимбия, торлы құрылым және ми қыртысының белгілі аймақтарын қамтиды.

Бейімделіс кезінде ақиқатты бейнелеу негізі шартты рефлекстер арқылы жасалады. Ол әсіресе бейімделу жақтарының сақтық және ишаралық мәнін айқын бейнелейді.

Жоғарыда айтылғандай мәрбір бейімделіс, әсіресе төтенше жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктің маңызды жүйелерін ретеуші тетіктердің күш салуын талап етеді. Бұл бейімделістің алғашқы сәттерінде өтеміс механизмнің белсендірілуі арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы өтеміс механизмдер ортаның төтенше түрткілерінен туатын алғашқы рефлекстік әсерленістер. Ол организмдегі әрекеттік өзгерістерді жоюға немесе азайтуға бағытталады. Бұл тетіктер биологиялық маңызы бойынша. Организмнің қосалқы амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар өте жылжымалы, организмнің апаттан шығу жағдайларын қамтамасыз ететін, жедел пайда болатын физиологиялық амалдар.

Организмдердің бейімделіс механизмдері ішінде эндокриндік жүйенің мәні өте зор. Мұны тұңғыш анықтаған ғалым Г. Селье (1935) Оның айтуынша, бейімделістің негізін гипоталамус – гипофиз адренокортикалық жүйенің белсенділігі құрайды. Мұны организмнің стресс жағдайларында байқауға болады. Стресс – ортаның күші мен қасиеті әр түрлі түрткілеріне жауап ретінде туатын организмнің арнайы емес әсерлерінің жиынтығы Бұл күйдің биологиялық мәні – ортаның жаңаша жағдайларына икемдеуші механизмдерінің іс- әрекетн көтеру. Икемделу әсерленістері неғұрлым жоғары болса, солғұрлым организм қоршаған ортаның төтенше жағдайларына төзімді келеді және тез бейімделеді.

Г. Селье организмнің төзімділік қасиетінде жетекші мәні бар негізгі жүйелік әсерленіс тек аденогипофиз бен бүйрекүсті безінің гормондарының белсенділігі деп санады.

Организмде ышқыну кезінде жаңа жағдайларға икемдлудің жалпыланған әсерленістері байқалады. Мұндай стереотипті жауаптардың жиынтығын Г. Селье бейімделістің жалпы синдромы деп атады. Ол сатыдан өтеді: абыржу, төзімділікжәне түгесілу. Абыржу сатысы шоқ және оған қарсы көздерден тұрады . Шок кезінде орталық жүйке жүйесінде шалық пайда болады, жабырқау, гипотония, мембрананың өткізгіш қасиеті мен зат алмасуы нашарлайды. Шокқа қарсы кезі қарама-қарсы көріністері мен сипатталады.

Төзімділік әркелкі зиянды түрткілер әсер еткендегі организмнің орнықты күйін көрсетеді, яғни оларға төтеп береді.

Сыртқы қоршаған ортаның жағайына көніп бейіделу үшн адам өз еркімен алдын ала іс- қимыл жасап, айталық денеге физикалық үктеме беріп, ыстық суыққа бойын үйретіп, тыныс алу жаттығуларын жасап, денесін шынықтырғаны жөн. Сонда қиын қыстау жағдайында бейімделу қиналмау, жеңіл өтеді.

Беімделуді сипаттау үшін оның белгілерін білу керек Олар мыналар:

  1. темпратура, яғни қоршаған сыртқы ортаның сыртқы ортаның ыстық суық өзгерістеріне қарай организмнің әрекет жауабы.
  2. Мінез құлық, яғни асып сасып абыржып , іс қимылын жаңа жағдайға сәйкес өзгерту.
  3. Биологиялық яғни түрлі биологиялық жүйелердің немесе қауымдастық мақсатты қасиеттерді сақтауға бағытталған әрекет.
  4. Физиологиялық немесе гомеостатикалық жүйелердің әрекеттік өзгеріске икемделіп, органзмнің саулығын блсенділігін бірқалыпты деңгейде ұстауға арналған ұлпалардағы зат алмасу өзгерістері мен қарқыны жеделдеп, бұлшық еттің қуаты артады.